Оқулық Алматы, 020 ӘӨЖ 811 кбк 81. Е 79



Pdf көрінісі
бет52/110
Дата15.11.2023
өлшемі5,96 Mb.
#124104
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   110
Байланысты:
Есеналиева Ж. САЛЫСТЫРМАЛЫ ТЫЛ БЫЛЫМЫ 2021 от 7 апреля

Есеналиева Жанар
дауысты-дауыссыз дыбыстар жүйесіне дауыстылар – жуан-
жіңішке, ашық-қысаң, еріндік-езулік болып, дауыссыздар үннің 
қатысына қарай – қатаң, ұяң, үнді, жасалуына тіл алды, тіл арты 
т.б. болып қарай бірнеше топқа бөлінеді. Осындай жағдайды 
басқа тіл деңгейлерінен де көруге болады. Сонда тіл жүйесі 
дегеніміз - фонетика, лексика, морфология, синтаксис тәрізді 
ірі деңгейлердің жүйесінен тұратын жүйелердің жүйесі болып 
шығады. 
Тілдік жүйе қазіргі кезде бір-бірімен байланысты: тіл 
деңгейлері тіл бірліктері, парадигматика, синтагматика, тілдің 
таңбалылығы, тілдің формасы мен функциясы, тілдің сыртқы 
және ішкі жағы, диахрония-синхрония, жүйелілік-жүйесіздік, 
анализ-синтез, гетрогендік-гоиогендік т.б. ұғымдармен 
байланысты жеке тілдердің даму ерекшеліктеріне сай, 
тереңдетіліп зерттелуде /Қалиев Ғ, 2005/.
Тіл атаулыға тән құрылымдық-жүйелік сипат оның 
зерттейтін «нысанын тұтас күйінде танып білуге мүмкіндік 
тудыратын» қызметімен анықталады. К.Аханов «Жүйесіз 
нәрсені жадында сақтау қиын» деген қағидаға сүйене келе, 
тілдік бірліктердің құрылымдық деңгейлеріне, олардың тығыз 
байланысқа түсер сатылы қарым-қатынасына мән береді.
Тілдерді жүйелеу – дүние жүзіндегі тілдерді белгілі бір 
таксономиялық топқа жатқызу деген сөз. Тілдерді жүйелеу 
мәселесі тілдерді салғастырған кезде пайда болады. Тілдерді 
жүйелеудің негізгі екі түрі болады: генеалогиялық (тектік) және 
типологиялық жүйе. Генеалогиялық жүйенің негізін «туыстық» 
түсінігі құраса, типологиялық жүйенің негізін «ұқсастық» 
түсінігі құрайды /Салқынбай А, 1998/. 
Бір-бірімен байланысты жүйе мен құрылымды тілдің 
әртүрлі деңгейінде қарастыру (мәселен, фонема, морфема, 
сөйлемнің құрылымы және т.б.) - әр тілдің табиғатын толық 
ашуға мүмкіндік береді. Бір тілдің құрылымын екінші тілдің 
құрылымымен салыстыру арқылы оларға тән жеке және жалпы 
заңдылықтарды анықтауға болады.
Құрамына парадигматика мен синтагматика енетін 


– 
104 

Салғастырмалы тіл білімі
тілдің екі түрлі өлшемді құрылысы туралы заңдылық қазіргі 
лингвистиканың постулаты болып табылады. Тілдің жүйесін 
дәл сипаттау үшін, міндетті түрде ондағы парадигматикалық 
және синтакматикалық қатынастарды қарастыру керек. Өйткені 
Ф.де Соссюрдің пікірінше, олар тіл жүйесін құрайды және 
оның функциялануын анықтайды /Ф.де Соссюр, 1977 /.
Қазіргі заман тіл білімі жалпы тілдік элементтер арасындағы 
қатынастарды үш түрге бөледі. Олар: синтагматикалық, 
парадигматикалық және иерархиялық қатынас. 
Синтагматика – тіл жүйесін зерттеудегі аспектілердің 
бірі. Ол нақты сөйлеуде немесе мәтінде тізіле орналасқан тілдік 
бірліктер арасында орналасқан. Синтагматикалық қатынастар 
тіл құрылысының әртүрлі деңгейінде ажыратылады. Сондықтан 
да, онда фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік, 
лексикалық синтагматика сөз етіледі. 
Парадигматика – кең мағынада: тіл жүйесі лингвистикалық 
топтардың парадигмалар жиынтығы. Синтагматикаға қарама-
қарсы қойылады.
Ф. де Соссюр теориясына сәйкес, тілдік жүйе екі негізгі 
қатынас түрлеріне негізделген: бүтінді бөлшектеуге және тіл 
элементтерін ассоциативті ұқсастық арқылы топтастыруға. Бұл 
екі қатынас көзге көрініп тұрады, не тікелей көрінісі болмайды. 
Парадигматикалық қатынастарды «ассоциативті» қатынастар 
деуге де болады /А.Салқынбай, 1998/.
Біздің ойымызша, бұл қатынастар туралы профессор 
Б.Қалиев өзінің «Жалпы тіл білімі» оқулығында өте нақты және 
түсінікті етіп жазған. Ол кісінің айтуынша синтагматикалық 
қатынас дегеніміз – көлденең (горизанталь) бағыттағы тіркесу, 
байланысу. Синтагматикалық қатынаста болатындар - негізінен 
күрделілік жағынан біріңғай болып келетін біртектес элементтер. 
Мысалы, дыбыс пен дыбыс, 
/т-ө-с/,
морфема мен морфема 
/төс-
тік
/, сөз бен сөз /
төс қалта
/. Күрделілік дәрежелері әр түрлі, әр 
тектес, элементтер бір бірімен синтагматикалық қатынасқа түсе 
алмайды. Мысалы, дыбыс пен сөз, сөз бен сөйлем.
Парадигматикалық қатынас дегеніміз – мағыналық 


– 
105 

Есеналиева Жанар
функциялық жағынан біртектес, ал формалық жағынан әртектес 
болып келетін элементтердің (тұлғалардың) жиынтығы, тобы. 
Олар тік (вертикаль) бағытта байланысқа түседі. Мысалы, 
фонемалар парадигмасы, морфемалар парадигмасы, т.б.
Бір-бірімен синтагматикалық байланысқа келе алатын 
элементтердің барлығы да парадигматикалық топ құрай алады. 
Ал өзара синтагматикалық қатынасқа келе алмайтын әртектес 
элементтер бір парадигматикалық топ құра алмайды. Мысалы, 
тілдегі барлық сөздер (лексика) қосымшаларымен (морфология)
бірігіп бір парадигма құрамына ене алмайды. Мұндай әртектес 
элементтер иерархиялық қатынасқа түсе алады.
Ендеше иерархиялық қатынас деп – парадигматикалық 
топтың (мысалы, дыбыс, морфема) өзінен гөрі ірірек, 
күрделірек парадигматикалық топтың (мысалы, сөз, сөйлем) 
құрамына енуін айтамыз. Мәселен, дыбыстар морфемалар 
құрамына, морфемалар сөз құрамына, сөз сөйлем құрамына 
енеді. Бұлардың әрқайсысы - өз алдарына бөлек-бөлек, бірінен-
бір жоғарғы топтар. Иерархиялық қатынасқа мүше болатындар 
да осылар. Олар - әртектес элементтер. Сондықтан оларды 
кейде тілдік қабаттар немесе деңгейлер болмаса, құрылымдық 
элементтер деп атауға болады /Б.Қалиев , 2004. /.
Парадигматикалық және синтагматикалық фонемалар 
арасында байланыс бар екенін атап өткен жөн. Фонемалар 
тіркесуінің шектелуі фонемалар парадигмасына тікелей әсер 
етеді. Олардың қарама-қайшылықтарының мүмкіндіктері 
мен шектеулерін анықтайды. В.В.Ивановтың: «Синтагматика 
порождает парадигматику», - деген ой қорытындысы 
жоғарыдағы пікірді растайды /В.Иванов, 1972./.
Кейбір 
ғалымдар 
синтагматикалық 
талдау 
парадигматикалықтан бірінші келеді деп тұжырымдайды 
/В.А.Шаброва, 1976./. Алайда, зерттеуші тілді сипаттап, 
зерттегенде синтагматикалық әрі парадигматикалық талдауды 
бірге қарастыру керектігін атап өту қажет. Осыған орай 
мынадай сұрақ туындайды: Зерттеуді неден бастаған дұрыс, 
синтагматикадан ба, әлде парадигматикадан ба? Бұл мәселе әр 


– 
106 

Салғастырмалы тіл білімі
кез әртүрлі шешіліп келген. Оның себебі зертеудің мақсатымен 
ғана емес, тілдің зерттелуі мен меңгерілуі дәрежесіне де 
байланысты болды. 
Тілдік жүйе тілдің синхронды жағдайға сай өзгермейді. 
Қандай да болмасын тілдің бір синхронды бөлшегінде /срез 
/ әрдайым бір ғана тілдік жүйе болады. Ал типологияда ол 
өзгеше. Тілдік бірлік пен ереже бір-біріне сай келмесе тілдік 
жүйе сараланады: егер берілген тілдің мәтінінде бір жүйеге 
сыймайтын тілдік бірліктер мен ережелер кездессе, ол тілде екі 
немесе одан да көп тілдік жүйе болуы ықтимал. Жапонияның 
кей жерлерінде g және b фонемалары жіктеледі. Мысалы 
сингу - 
«төсек орын жабдықтары» деген ұғымды, ал 
сингуру 
-
«пиджак» ұғымын береді. Ал басқаларында ол фонемалар 
жіктелмейді, екі сөз де бір дыбыс арқылы айтылады.
Тілдік жүйе негізінен өзгермейді, бірақ тілдік жүйе 
өмір сүретін тіл өзгеруі мүмкін. Тілдің өзгеруі дегеніміз - 
тілдік жүйенің бір вариантының сол тілдік жүйенің екінші 
вариантымен ауысуы. 
Тілдік жүйенің үлгі-қалпы бойынша пайда болған жаңа 
сөздер, кірме сөздер тілдік жүйені тек қана сан жағынан 
көбейтсе, онда ол осы тілдік жүйенің бір варианты болып 
саналады. Ал тілде сөзжасам моделі өзгерсе немесе кірме 
сөздердің көптігінен жаңа фонема пайда болса, онда ол тілде 
жаңа тілдік жүйенің пайда болғаны. 
Типология барлық табиғи тілдерді қамтып, ол тілдердің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет