Оқулық Алматы, 020 ӘӨЖ 811 кбк 81. Е 79



Pdf көрінісі
бет22/110
Дата15.11.2023
өлшемі5,96 Mb.
#124104
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   110
Байланысты:
Есеналиева Ж. САЛЫСТЫРМАЛЫ ТЫЛ БЫЛЫМЫ 2021 от 7 апреля

Салыстырмалы әдіс
арқылы шыққан зерттеу нәтижесі 
ана тілі мен шет тілін салыстыра оқыту әдістемесінде кең түрде 
пайдаланылады. Әсіресе, шет тілін үйренуде оның маңызы өте 
зор. Салғастырмалы тіл білімдік зерттеуде әдеттегідей тілдік 
жүйедегі жеке элементтер емес, тілдің өзіне тән бүкіл жүйелік 
құрылымы салыстырылады.
Ғылымда «типологиялық зерттеуді сипаттама зерттеудің 
жалғасы, соның екінші басқышы» деген пікір бар. Бұл орынды 
да, өйткені типологиялық салыстыру үшін, алдымен дүние 
жүзіндегі тілдердің әрқайсысының құрылымдық сипаттары 
жеке-жеке зерттелген болуы керек. Типология сол айқындалған 
құрылымдық сипаттарды өзара салыстыра қарау арқылы 
тілдерде болатын ортақ қасиеттерді, типологиялық белгілерді 
айқындайды.
Салғастырмалы-типологиялық әдіс
зерттеу мәні, 
функциясы жағынан тілдердің барлығына немесе көпшілігіне 


– 
46 

Салғастырмалы тіл білімі
ортақ, жалпылық сипаты бар нысандарды салғастырады. 
Мұндай нысан фонология саласында да, семантикалық, 
грамматикалық салаларында да болады. Салғастыру арқылы 
тілдердің осы аталған жүйелеріндегі жалпылық мәні бар 
нысандарды бір-біріне салғастыра қарау арқылы олардың 
арасындағы ұқсастықтар мен өзгешіліктерді ашады. Мысалға 
фонология саласында дыбыстардың дауысты, дауыссыз, шұғыл, 
ызың болып бөлінуі, болмаса морфемалардың лексикалық, 
грамматикалық болып бөлінуі, т.с.с. тілдердің барлығына
немесе басым көпшілігіне тән типтік белгілерді алуға болады. 
Салғастырмалы зерттеуде осылар сияқты универсалды тұлғалар 
салыстырылады. 
Типологиялық-салғастырмалы әдістің тіл білімінде 
қолданыла бастағанына біраз уақыт өткенімен, ол туралы әр 
елдің көрнекті лингвистерінің көпшілігі пікір айтқандарымен 
бұл мәселе күні бүгінге дейін өз шешімін тапқан жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет