дарақтардың тіршілік қабілеті және ұрпақ беруі бірдей болғанда.
Табиғи популяцияларда бұл қойылатын талаптардың бэрі бірдей бола
бермеуі мүмкін. Сондықтан Харди
Вайнберг формуласын барлық
жағдайда бірдей қолдана беруге болмайды.
Дегенмен бұл заңдылықтың үлкен теориялық та, практикалық та
мәні бар. Бұл формуламен адамдар арасындағы кейбір белгілердің
таралу жиілігі анықталады. Мысалы, қан топтарын анықтайтын
гендердің мөлшерін есептеуге болады.
Әрине өздігінен ұрықтанатын организмдердің популяциясы
үшін Харди -Вайнберг формуласы қолданылмайды. Себебі өздігінен
ұрықтанған кезде гетерозиготалы гендер гомозиготалы жағдайға
көшеді. Егер өздігінен ұрықтану бірнеше буын бойы қайталана берсе,
онда гомозиготалардың саны артып,
гетерозиготалар мүлдем
жойылады. Сондықтан да өздігінен ұрықтанатын организмдердің
көпшілігі гомозиготалы болып қалады. Ал кейде мутацияның
әсерінен ондай гомозиготалық бұзылып, таза линияның өзінде
гетерозиготалық байқалып қалып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: