Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00



Pdf көрінісі
бет141/159
Дата30.01.2023
өлшемі1,41 Mb.
#63890
түріОқулық
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   159
Байланысты:
Бабаев С. Б., О албек Ж. К

бірлікті іс-əрекет. Оқушылар əрқилы іс-əрекеттермен 
айналысады: оқу, қоғамдық пайдалы жұмыс, еңбек, ойын, көркем өнер, 
эстетикалық, спорт, туризм жəне т.б.
Мектеп субъекттерін алдымен біріктіретін оқу істері, себебі олар 
бір бағдарлама негізінде орындалады, оқуды жүргізетіндер де бір 
мұғалімдер тобы, үйренетін əлеуметтік тəжірибелері де, əртүрлі 
себептермен болатын толғаныс, күйзелістері де ортақ. Ұжым басын 
қосуға 
себепкер 

дұрыс 
педагогикалық 
басшылықпен 
ұйымдастырылған еңбек жəне ойын əрекеттері. Ойын арқылы 


тəрбиеленушілер қоршаған болмысты таниды, ойынды ойластыратын 
да өздері; 

ұжым салт-дəстүрлері; 

ұжым қызметтерінің мазмұны жəне жүрісі;

тəрбиеленушілердің ұжымда не болып жатқанынан 
хабардар болуы, осыдан балалардың ортақ толғанысы туындайды; 

салыстыру, 
жариялылық, 
жəрдем, 
ұнамды 
баға 
принциптеріне сəйкес өткізілетін жарыс, бəсекелер;

ұжым кейпі мен эстетикасы

өзіндік басқарымның ұйымдастырылуы
Өзіндік басқарым – бұл ұжым тіршілігінің өкілетті тұлғалар 
тарапынан реттеліп баруы.
Өзіндік басқару органдары жəне олардың саны нақты жұмыстарға 
байланысты белгіленеді. Олар тұрақты (сынып кеңесі, оқушылар 
комитеті, староста) жəне уақытша (штабтар, комиссиялар, жұмыс 
бабындағы кеңестер) болуы мүмкін. 
Мектептегі өзіндік басқарудың ең жоғары органы – жалпы мектеп 
ұжымының не оның өкілдерінің жиналысы. Жиналыс шешімдері 
өкілетті мүшелерге берілген құқықтар деңгейінде қабылданады. 
Мектептегі өзіндік басқарудың орындалу шарттары төмендегідей: 

басқару органдары мен сайланған өкілетті тұлғалардың ретімен 
ауысып баруы; 

сатылы жауапкершілік жүйесінің болуы; 

уақытымен берілетін есеп; 

басқару істеріне ойын элементтерін қосып бару. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет