замандық бағыт-бағдар жəне болашақ даму жағдайларын ескерумен
білім жүйесіне жасалатын объектив талдаулар нəтижелерімен
белгіленеді.
Білім кеңістігінде мемлекет саясатын бірізді асырып бару үшін
мемлекеттің білім басқару- республикалық, облыстық, аудандық -
органдары түзіледі. Елдегі басқару құрылымдары- білім жəне ғылым
министрлігі , облыстық оқу департаменттері жəне аудандық оқу
бөлімдеріне бөлінген.
Білім жүйесін басқарудың мемлекеттік органдары құзырына
төмендегідей міндеттер жүктеледі:
- білім бағдарламалары мен стандарттарын дайындау, стандарттар
негізі білім бағдарламаларын міндетті білімнің ең аз педагогикалық
ықшамдалған (минимум) көлемін, оқушыларға арналған оқу
жүктемесінің ең жоғары (максимум) ауқымын, түлектер дайындығына
қойылатын талаптарды белгілейді;
- оқу мекемелері мен оқушыларды
аккредитациялайды жəне
аттестациялайды;
- білімдік құрылым бірліктерін қалыптастырады;
- білім мекемелері торабының дамуын қамтамасыз етеді жəне
болжастырады;
- білім жүйесіндегі бюджеттік жəне қаржылық қызметтерде ҚР
заңдарының орындалуын қадағалайды.;
- бүгінгі таңда білімді басқару жүйесі бір орталыққа тəуелділігінен
босатылған, яғни республикалық органдар дамудың стратегиялық
бағыттарын береді де, ал жергілікті мекемелер нақты ұйымдастыру,
қаржылық, мамандар жəне материалдық қамтамасыз ету мəселелерін
шешеді. Мемлекеттік басқару көздерімен бірқатар мұғалімдер мен
оқушылар ұжымдарының өкілдері, ата-аналар мен əлеумет
белсенділерінен жасақталған қоғамдық басқару органдары да жұмыс
алып барады.
Достарыңызбен бөлісу: