Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00



Pdf көрінісі
бет59/159
Дата30.01.2023
өлшемі1,41 Mb.
#63890
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   159
Байланысты:
Бабаев С. Б., О албек Ж. К

Ғылымилық принциптің талабы – оқушылар игеруіне ғылым 
тарапынан анықталған білімдерді ұсыну. Мектептік білімденудің де 
міндеті осы ғылыми білімдерді игертуге бағытталған. Оқудың 
ғылымилығы ең алдымен мектеп білімінің мазмұнына жəне оны 
қалыптастыру 
принциптерін 
қатаң 
ұстануына; 
мұғалімдердің 


мазмұнды толық іске асыра алуына тəуелді; қабылданған білімдердің 
ғылымдық 
сипаты 
оқу 
жоспарларында, 
бағдарламаларында 
өрнектелген, пəн аралық байланыстарда іске асып барады. Озат 
дидактикалық жүйелер практикасы бұл принципті жүзеге келтіретін 
бірнеше ережелерді пайда еткен: 
- оқуды педагогика, психология, əдістеме, педагогикалық 
тəжірибенің жаңа жетістіктері негізінде жүргізу, оқу процесіне 
педагогикалық еңбекті ғылыми тұрғыдан ұйымдастырудың 
жаңа тəсілдерін ендіру; 
- оқу дидактикасы мен психологияның соңғы жаңалықтарын 
ескерумен индуктивті оқыту логикасын ғана емес, сондай-ақ 
дедуктивті оқу əдісін де орынды пайдалану, дерексізденген 
(абстракция) түсініктерді қолданудан тартынбау, себебі бұл нақты 
құбылыстардың тереңдегі мəн-мағынасын түсінуге жəрдемін береді. 
Бірақ мектеп курсы шеңберінде толық түсінік берілмеген 
абстракцияларды қолданудан аулақ болыңыз; 
- əрқандай жаңа енгізілген ғылыми ұғым, түсінікті жүйелі қайталап 
отыру, пəнді оқыту барысында қолданып, пайдалану, себебі 
жаттықтырылмаған білімдер тез ұмытылады; 
- ғылыми таным əдісін пайдаланумен, оқушылардың ойлау 
қабілетін дамыту, балаларды ізденіс, шығармашыл жұмыстарға қосып 
отыру; 
- жаңа идеялар қабылдауды бір сəттік міндет деп білмеу – əрбір 
құбылысты жаңадан түзіліп жатқан жан-жақты байланыстары жəне 
қатынастары аумағында қарастыра талдау; 
- оқушыларды атақты ғалымдардың өмірбаяндарымен таныстыру 
мүмкіндіктерін қолдан шығармау, олар енгізген ғылым жаңалықтарын 
шəкірттерге кең жария ету; 
- жаңа ғылыми терминологияны қолдану, ескірген терминдерден 
сақ болу, оқушыларға жаңа жетістіктердің негізгі идеяларын ашып, 
ұсыну, оларды жаңа ақпараттарға ден қоюға үйрету, жаңа мəселелерді 
ұжым болып талқылауды қолдап қуаттау; 
- балалардың зерттеу жұмыстарына қолдау көрсету. Оларды мүмкін 
болған жағдайларды пайдаланып, ғылыми-тəжірибе жұмыстарының 
негіздерімен таныстыру, шығармашылықты қажет еткен мəселелерді 
шешуде алгоритмдерді пайдалануға жаттықтыру, проблемалармен 
айналысудың сензитивтік (жас сатысы) кезеңдерін есіңізде ұстау; 
- танымдық қызметтен оқушыға жаңалық ашу, табысқа жету, 
қанағат табу сезімдеріне бөленуге мүмкіндік беру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет