пайдаланушысы жəне насихаттаушысы сипаттарын бірдей алады. Ал
бұл қызметтерге қатысты басқару жұмыстары соны тұжырым, теория,
идея,
технология, əдістеме жəне озат педагогикалық тəжірибелерді
қандай да мақсатқа орай бағалауды жəне кəсіби іс-əрекетте
пайдалануды қамтамасыз етеді.
Қоғам, мəдениет жəне білімнің бүгінгі даму жағдайында
педагогикалық іс-əрекеттегі инновациялық бағыттардың қажеттігі
бірнеше шарттардан туындап отыр. Олар:
-
əр текті оқу орындарындағы білім беру жүйесінің,
əдіснамасының
жəне
оқу-тəрбие
процесін
ұйымдастыру
технологияларының жаңалануы;
-
білім мазмұнының күшті адамилық (гуманитаризация)
сипат
алуы;
-
оқу пəндері көлемінің үздіксіз өзгеріп баруы;
-
оқудың жаңа ұйымдастыру формалары мен технологияларын
ұдайы іздестіруді қажет ететін жаңа оқу пəндерінің енгізілуі;
-
мұғалімдердің педагогикалық жаңалықтарды меңгеруі мен
қолдануының өзіне болған қатынастар сипатының өзгеруі;
-
жалпы білімдік оқу мекемелерінің
нарықтық экономикаға бет
бұруы;
-
жаңа оқу орындары, олардың арасында мемлекеттік емес білім
ордаларының құрылуы;
Күнделікті тəжірибеде инновациялық процестер сипаты күтілген
нəтижелер мазмұнымен, енгізілудегі ұсыныстардың күрделілік жəне
тыңғылық
дəрежесімен,
сондай-ақ
мектеп
мұғалімдерінің
инновациялық іс-əрекетке дайындық дəрежесімен анықталады.
Соңғы нəтижеге болжам жасай отырып,
мектептегі инновациялық
процесті басқаруда осы қызметтің негізгі бөлімі ұжымдық талқыға
түседі. Бағдарламалы инновацияға байланысты өте ірі шаралар топтық
əдіспен дайындалады.
Нақты бағдарлама түзіліп, онда ұжымдағы əрбір мүше іс-əрекетінің
бастау бағыты көрсетіледі, соңғы нəтиже болжамы түзіледі, көзделген
мақсаттың іске асу мерзімі айқындалады,
бар жағдай- шарттардың
жақсылана түсуі қамтамасыз етіледі.
Инновациялық процестерді басқаруда нəтижеге бақылау жасау
үлкен маңызға ие. Бақылаудағы міндеттер:
-
жеткен нəтижелерді бағамдық талдауға салу, білімдік іс-əрекет
процестерін реттеуге байланысты жұмыстар жүргізу үшін қажетті
тұжырымдар жасау;
-
ұжым кейпі мен іс-əрекеттеріне түзетулер
енгізу мақсатында
инновациялық процестің барша қатысушыларының қызметтері мен
жұмыс нəтижелеріне баға беру; қорытындылар шығару;
-
кешенді – мақсатты бағдарламаға сəйкес инновацияларды
басқару нəтижелерін бағалау жəне басқару ықпалдарын ретке келтіруге
орай ұсыныстар беру;
-
инновациялық процесс қатысушыларын
ақпараттандыру мен
ынталандыру үшін тура жəне кері байланыс өзектерін қалыптастыру.
Мектепті басқару сол мекеменің бұдан былайғы тіршілік
нəтижесіне үлкен ықпалын тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: