күрделі де қажет мəселелердің
жауабын береді, педагогикалық
ғылымға қойылатын қоғамның əлеуметтік тапсырысын бейнелейді,
практикада орын алған келелі қайшылықтарды ашады. Көкейкестілік
тиегі өзгермелі, қозғалысты, уақыт пен нақты əрі ерекше жағдайларға
тəуелді. Жалпыланған күйде көкейкестілік
ғылыми идеялар мен
практикалық ұсыныстарға болатын сұраныс (қандай да қажеттілікті
қамтамасыз ету үшін) пен дер кезеңдегі ғылым мен практиканың
мүмкіндігі арасындағы айырмашылық деңгейін сипаттайды.
Зерттеу тақырыбы шешімі қалтқысыз табылуы қажет, өте күрделі
де қоғамдық маңызға ие болған проблемалармен ұштасқан əлеуметтік
тапсырыс нақты тақырыптың негіздеме дəйегін талап етеді. Ал бұл, өз
кезегінде, қойылған мəселенің ғылым аймағында зерттелу дəрежесінен
туындайды.
Егер əлеуметтік тапсырыс педагогикалық
практиканы талдаудың
нəтижесінде ұсынылатын болса, ғылыми проблеманың өз негізі басқаша. Оның
міндеті ғылым құрал-жабдықтарын пайдалана отырып, негізгі қарама-
қарсылықтарды баяндап беру. Əдетте, проблема шешімі зерттеу
мақсатын құрайды.
Мақсат – қайта түзіліп, өрнектелетін проблема.
Проблема
нақтыланып, өрнектелгеннен соң,
зерттеу нысанын
таңдау кезегі келеді.
Нысанға педагогикалық процесс, педагогикалық
болмыстың бір саласы немесе қайшылықтарымен жүз берген қандай да
педагогикалық қатынас алынуы мүмкін. Басқаша айтсақ,
өз ішінде
нақты не əлі де күмəнді қайшылықтарды қамтып, проблемдік
ситуацияларды
туындатқан
жағдайлардың
баршасы
нысан
есептелінеді. Танымдық процесс бағытталғанның бірі- нысан.
Зерттеу
дені (предмет) - нысан бөлшегі,
бір тарапты, яғни бұл түбегейлі
зерттеуді қажет еткен нысанның теориялық не практикалық тұрғыдан
өте маңызды сапа-қасиеттері, қырлары мен сырлары.
Зерттеу мақсаты, объекті жəне деніне сəйкес, əдетте, болжамды
(гипотезаны) тексеру мен дəйектеуге
арналған зерттеу міндеттері
белгіленеді.
Гипотеза – бұл шынайылылығы əлі дəлелденуі қажет
теориялық негізі бар болжамдар жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: