Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00



Pdf көрінісі
бет57/159
Дата06.11.2022
өлшемі1,76 Mb.
#47812
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   159
Байланысты:
Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Педагогика

Беріктік принципі келесідей заңдылықтарға негізделеді: мазмұнын 
игеру жəне оқушылардың танымдық күш-қуатының дамуы – оқу 
процесінің бір-біріне байланысқан екі тарапы; игерілген оқу 
материалының беріктігі объектив жағдаяттарға, яғни бұл материалдың 
мазмұны мен құрылымына ғана тəуелді болып қоймай, оқушылардың 
сол пəнге, материалға, мұғалімге деген субъектив қатынастарына да 
орайлас; игерілген білімнің берік болуы оқуды ұйымдастыруға, əрқилы 
оқу түрлері мен əдістерін пайдалануға, сондай-ақ оқу мерзіміне 
байланысты келеді; оқушылар жады таңдамалы сипатқа ие: қандай да 
материал оларды маңыздылығымен қызықтырса, сол материал берік 
орнығады жəне ұзақ сақталады. 


Игерілген білімдердің бекуіне жəрдемші оқу іс-əрекеті
механизмдерін түсінуден дəстүрлі оқу жүйесіне жаңа ережелерді 
ендіру мүмкіндіктері ашылды: 

қазіргі заман оқуында ес мүмкіндіктерінен гөрі ойлау қабілеті 
көбірек іске қосылады. Сондықтан аса қажетті болмаған білімдік 
материалдарды жаттауға сарп етпей, балалардың күш-қуатын үнемдеу, 
ес жүктемесін ойлау əрекетіне кедергі болар дəрежеден арттырмау. 

қате қабылданған немесе түсініксіз материалдардың есте 
бекуіне жол қоймау, бала əр уақыт саналы игерілген жəне түсінген 
білімін ғана есте сақтайтын болсын; 

қосалқы сипатқа ие материалды жаттаудан балаларды құтқару 
үшін, оларды əрқилы анықтама кітаптарымен, сөздіктермен, əмбебап 
ақпарат құралдарымен пайдалануға үйрету. 

есте сақтауға қажет материал қысқа да нұсқа болуы тиіс. 
Оқушының өзі ойланып, жеңіл есіне келтіретіндерінің бəрін 
жатталатын материалдар қатарынан шығарып тастау. 

Есте болсын, өтілгенді ұмыту процесі оқу жұмысы біткен 
бойда қарқынды жүреді, сондықтан қайталаулар уақыты мен жиілігі 
ұмытудың психологиялық заңдылықтарымен сəйкестендірілуі қажет; 

қайталаулар жиілігі оқушының ұмыту жағдайларына сəйкес 
болуы тиіс. Қайталаулардың көбі жаңа материалдың өтілу ізімен, яғни 
ақпараттың ең көп жойылатын мезетінде ұйымдастырылып, ал кейін 
бұл бекіту жұмыстары бірте-бірте кемиді, бірақ толық тоқтатылмайды; 

оқушыларды өз мүмкіндіктеріне сəйкес күш салып, жұмыс істеуге үйрету. 
еріншектікке жол бермей, тиімді іс-əрекет желісін қалыптастыру; 

алдын-ала оқу процесіне аса қажет екі сапаны – қызығу мен 
ұнамды қатынас қалыптастырмай, жаңа материал өтуді бастамау; 

оқу материалын ұсыну логикасына назар салуды ұмытпау, 
өзара логикалық байланыстағы білімдер мен нанымдар жеке-
дара, тұтастығы жоқ ақпараттарға қарағанда, берік игеріледі; 

оқу қарқыны төмендегенін байқаудан, кейінге қалдырмастан 
оның себебін анықтау. Бұл жағдайдағы себептер түрі келесідей болуы 
мүмкін: оқу процесіне қызығушылықтың болмауы жəне шаршау. 
Оларды қайта қалпына келтірудің жолдарын іздестіру, оқу барысын 
жасанды жеделдетпеңіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет