Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00



Pdf көрінісі
бет99/159
Дата06.11.2022
өлшемі1,76 Mb.
#47812
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   159
Байланысты:
Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Педагогика

Мақсат –адамның қол жеткізуі тиіс нəтижені саналық деңгейде 
алдын-ала ниеттеуі. 
Тəрбие мұраттарын анықтауда жаңа жағдайлар мен жаңа қоғамға 
икемдескен адам мұраты арқау етіледі. Тəрбие мазмұны, формасы, 
əдістері – бəрі де мақсатқа тəуелді. Тəрбие мақсатын түсінуден оны 
іске асырудың технологияларын таңдауға жол ашылады. Жан-жақты 
əрі үйлесімді дамыған тұлға тəрбиелеу мақсаты ҚР «Білім туралы» 
Заңында бекітілген. 
Оның баптары: 
- тəрбие процесінің мазмұнын анықтайды; 
- тəрбие нəтижесінің шарттарын белгілейді; 
- педагог қызметінің өлшемдері ретінде қызмет етеді; 
- тəрбие жүйесін толықтай айқындайды. 
Тəрбие мақсаттары жалпы (барша адамдарға арналған) жəне 
даралықты (жеке адамға арналған) болып бөлінеді. 
Тəрбие мақсатын белгілеуде жекеленген іс-əрекеттердің ғана емес, 
бүкіл оқу–тəрбие процесінің де бірлік элементі ретінде психологиялық-
педагогикалық диагностика маңызды роль атқарады. Осыдан, тұлғаны 
зерттеудің əрқилы əдістерін білу жəне олар негізінде тұлға мен 
ұжымды зерттеудің бағдарламаларын түзе алу қажеттіктері 
туындайды. 
Бір тəрбиелік жүйеде əрдайым бір тəрбие мақсаты көзделеді, ал 
мақсатқа орай орындалатын міндеттер (жалпы не нақты) көптеген 
болуы мүмкін. Тəрбие мақсаттары қоғамның даму қажеттерімен
айқындалып, əлеуметтік жəне техникалық прогреске, қоғам, ересектер 
мен балалардың мүмкіндіктеріне тəуелді келеді. Тəрбиелік іс-əрекет 
нəтижесінде көрініс беретін көкейкесті мақсаттар : əр адамның 
даралықты дамуы жəне оның əлеуметтенуі, ал бұл өз кезегінде ақыл-ес, 
адамгершілік, əсемдік (эстетикалық), азаматтық, еңбектік жəне тəн-
дене тəрбиесі міндеттерінің орындалуымен анықталады. 
Тəрбие міндеттерінің шешімі тұлға мəдениеттілігінің 
негізін қалайды. 
12.2. Тəрбие процесінің ерекшеліктері 
Оқу жəне тəрбие - өзара байланысты екі процесс. Олардың 
міндеттері əрқилы, дегенмен, бір-бірімен ажырамас ұштасқан күйде бір 
уақытта қатар жүріп отырады, бірақ ұйымдасу əдістері жəне 
формалары тұрғысынан түбегейлі өзгеше. 


Тəрбиелік іс-əрекет тəрбиешінің жекеленген əрекет аймағы түрінде 
(өз мақсаттарына, міндеттеріне, мазмұнына ие) немесе оқу процесіне 
тікелей енген (себебі оқу тəрбиелік сипатқа ие) қалыпта болуы мүмкін. 
Оқу мен тəрбиенің ортақ белгілері: 
- тəрбие процесі өз ішіне оқу элементтерін қамтиды: қандай да 
ережені орындауды талап етуден бұрын оның іске асырылу жолдарын 
үйрету қажет; 
- оқу процесі мұғалім мен оқушы арасындағы ықпалдасты іс-
əрекеттің ұйымдастырылу формасына сəйкес өтеді. Өз қызметі 
барысында мұғалім оқушыға тəрбиелік ықпал жасайды; 
- оқу жəне тəрбие процестерінде бірдей əдістер (түсіндіру, 
қадағалау жəне т.б.) пайдаланылады. 
Жалпы педагогикалық процестің аталған екі қызметінің арасындағы 
принциптік айырмашылық : оқу барысында шəкірт əртүрлі ғылымдар 
негізін меңгереді, ал тəрбие процесі оқушының тұлғалық сапа-
қасиеттерін қалыптастыруға бағышталады. 
Тəрбие процесіне тəн ерекшеліктер: 

мақсатты бағыттылық (мақсаттың түсінікті болуы нəтиже 
тиімділігінің кепілі); 

мақсаттар бірлігі (тəрбиеші мен тəрбиеленушінің арасындағы 
қызметтестіктің көрсеткіші); 

нəтиже ұзақтығы (оқу процесіндегідей нəтиже бірден 
көрінбейді); 

көп жағдаяттылығы (тұлға көп əрі сан қилы ұнамды да, 
ұнамсыз да ықпалдарға кезігеді. Тəрбие барысында олар реттеледі. 
Тараптардың тұлғаға болған ықпалы өзара сəйкес келсе, тəрбие 
нəтижесі тиімді болады. 

ауыспалылығы (тəрбиеленуші мақсатты, көзделген жəне 
кездейсоқ əсерлерге бірдей кезігіп отырады). 

үздіксіздігі (ешқандай науқанды, бір мəртелік шара қаншама 
жарқын болмасын, аса ыждағаттылықпен жүйелі дайындалған тəрбие 
істерінің орнын баса алмайды); 

кешенділігі (тəрбие мақсаты мен міндеттерінің , мазмұн, форма 
жəне əдістерінің бірлігі); 

баламалылығы (тəрбиеленушілер даралық ерекшеліктері жəне 
əлеуметтік тəжірибесінің əр түрлілігімен ажыралады. Тəрбие 
процесінде бұлар ескерілуі шарт, себебі əсері бірдей болғанның өзінде 
де тəрбиелік нəтиже əрқилы болуы ықтимал); 

екі тараптылығы (тəрбиелік ықпалды жүргізуші – мұғалім, ол 
ықпалды қабылдаушы - оқушы); 

тəрбие процесі - өмірлік, ол қозғалмалы да ауыспалы; 



тəрбиеші тұлғасы – тəрбие барысына ықпалды маңызды 
жағдаят (тəрбие процесінің өнімді болуының кепілі – мұғалім ептілігі, 
шеберлігі, құндылықты бағыт-бағдары, қызметтестік қатынасқа түсе 
білу қабілеті); 

қарама-қайшылықты болуы (қарама-қарсылықтар тəрбиенің 
қозғаушы күші ретінде қарастырылады). 
Тəрбиенің негізгі қайшылықтары оқу-тəрбие процесінде кездесетін 
келесідей құбылыстар арасында көрінеді: қоғамдық өмірдің жаңа 
шарттары мен оған дайындауға арналған əдістер мен формалардың 
ескіруі; адамның табиғи даму мүмкіндіктерінің шексіздігі мен бұл 
дамудың əлеуметтік жағдайлар бағдарламаларына тəуелді шегерілуі; 
адамның табиғаттан белсенді, əрекетшең болуы, оның қоғамдық өмірге 
араласу ынта-ықыласы мен өмірлік процеске нақты қатысу үшін қажет 
тəжірибе, білім, ептілік пен дағдылардың жетіспеуі жəне т.б. 
Сонымен, жоғарыда аталғандарды ескерумен келесідей қорытынды 
шығаруға болады: тəрбие процесі оқу процесімен бір қатар жүріп 
жатса да, ол бірнеше мəнді ерекшеліктерге ие, сондықтан да өз алдына 
дербес қарастырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет