Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет226/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

Филиппин 
Филиппин бүгінгі күні дәлелденген 3,8 трлн. куб.фут газ қорына ие, бірақ 
қарқынды өндіріс тек 1991 жылы Малампая кен орнын игергеннен кейін бас-
талды. Ол оңтүстік Қытай теңізінде орналасқан және оның жалпы қоры 2,6 
трлн. куб.фут газды құрайды. Онда өндірілген көмірсутекті мемлекет тек өз 
қажеттіліктеріне ғана жұмсайды. 
Мемлекет ірі Филиппин-Лузой аралын 30% электр энергиясымен қамтама-
сыз етіп тұрған, үш электрстанциясын газбен қамтамасыз ететін терең сулы Ма-
лампая кен орнында газ өндіру бойынша ірі масштабты жобаны іске асыруда. 
Бұл кен орны Филиппин аралдарының жанында орналасқан. Тереңсулы ұңғыдан 
өндірілген газ ұңғыдан 30 км қашықтықта және аз тереңдікте орнатылған 
теңіз платформасына диаметрі 400 мм қос құбыр арқылы келіп түседі. Су мен 
қонденсат платформада бөлініп, өңделеді. Конденсат тұрақтанады, одан кейін 
нақты жағадан танкерлерге тиеледі. Газ дегидрацияланып, диаметрі 24 дюйм, 
ұзындығы 500 км құбыр желісімен Лузон аралығындағы зауытқа тасымалдана-
ды.
2001 жылы Филиппин тәулігіне 1 мың баррельге жуық мұнай өндірген, ал 
2002 жылы өндіріс Малампая кен орнының газ қаныққан құрылымының төменгі 
жағында орналасқан мұнай шоғырын игеруге байланысты аз уақытта 23512 бар-
рельге өсті. 


530
Тайланд 
Тайландтағы көмірсутек қоры негізінен Тайланд шығанағы қайраңына 
көзделген (94% табиғи газ қоры). Онда дәлелденген қор көлемі 12,7 трлн. 
куб.фут газбен және 0,5 млрд. баррель мұнаймен бағаланады. 1998 жылы 
мемлекеттің энергия көзін қолданыстағы мұнай бөлігі – 61,7%, газ – 22,4% 
құрайды. Энергияны тасымалдау қажеттілігінің 23%-ын Тайланд ішкі ресурста-
рымен қанағаттандырады, ал 77%-ын импорттайды.
Алғашқы газ Тайландта Erawan кен орнында 1981 жылы өндірілген. Қазіргі 
таңда мұнай, газ және конденсат 37 кен орындардан өндіріледі, соның ішінде 21 
Тайланд шығанағында, ал 16-ы құрлықта орналасқан.
Тайланд газының ірі қорының көп бөлігі Малайзиямен бірге игеруге 171 
млрд. куб.метр бағытталған.
Шығанақтағы кен орындардың табиғи газ өндіру үлесі: Erawan және 
көршілес құрылымда 61% (1150 млн.куб. фут.тәулік), Bongkot-24% (630 млн.
куб. фут.тәулік), Tantawan-61% (125 млн.куб. фут.тәулік). Мемлекеттің ең ірі газ 
кен орны – Bongkot (қоры 4,5 трлн. куб.фут). Ол Тайландтың газға қажеттілігінің 
3/1 бөлігін қамтамасыз етеді.
Соңғы жылдары жаңа газ кен орындары ашылған, олар: Arthit, Pakarang, 
Plamuk, Maliwan, North Jarmjuree және үш блок Малайзиядағы Lawit-Jernet және 
Тайландтағы Bongkot арасында, қайраңда орналасқан. Arthit кен орны – әлемдік 
кластағы газ кен орны болып табылады, қоры 85-тен 170 млрд. куб.метр. тәулік 
көлемінде жеткізіліп тұрады. 
Tantawan кен орны 80 м тереңдікте орналасқан. Ол 300 млн. куб.м газ, 50 
мың баррель мұнай мен конденсат береді. Кен орында газды қабатқа айдау және 
біріншілік сепарацияны іске асыру үшін жабдықталған сағалық платформа 
орнатылған. Өнімнің соңғы дайындығы және мұнай түсіруі FPSO-да жүреді. 
Өндіріс 1997 жылы басталды. Газ – Районгтағы газ дайындау зауытына Erawan 
– Rayong магистральді құбырмен тасымалданады. Бірінші мұнай құрлықтағы 
Fang кен орнында өндірілген. Қазіргі уақытта 41% мұнай Sirikit (құрлықта) кен 
орнында және 42% Benchamas (Тайланд шығанағы) кен орнында өндірілуде. 
Қалған 4%-ы кіші кен орындардан өндіріледі. 86% мұнайды Тайланд өзінің 
өңдеу өнеркәсібінің қажеттілігіне импорттайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет