Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»


Кеніш – мұнайлы және/немесе газды қабатты білдіретін жалпы термин. Шығарылған жыныстар



Pdf көрінісі
бет249/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

Кеніш
– мұнайлы және/немесе газды қабатты білдіретін жалпы термин.
Шығарылған жыныстар
– балқытылған лаваны салқындату кезінде 
қалыптасқан жыныстар. 
Әктас
– СаСО
3
; карбонатты жыныстардың ең көп таралған түрі; түрлері: кри-
сталды әктас, сланецты әктас, әктас – ұлутас және т.б.
Алынатын қорлар
– бағалау бойынша өндірудің таңдалған техникасы мен тех-
нологиясында алынатын газ және/немесе мұнай мөлшері. 
Лай
– диаметрі 1/16-дан 1/256 мм дейінгі сынықты бөлшектер. 
Кайнозой
– 70 миллион жыл бұрынғы кезең.
Таскөмірлі
– 350-ден 270 миллион бұрын жылға дейінгі кезең.
Карст
– әктастың суда еруі нәтижесінде қалыптасатын әктас түрі.
Изопахит картасы
– геологиялық жиналымдардың қуатын (қалыңдығын) 
көрсететін карта.
Кембрий
– 600-ден 500 миллион жыл бұрынғы кезең. 
Керн, колонка
– ұңғымадан алынған цилиндр пішінді жыныс тілімі.
Кокколит
– электронды микроскоппен тексеру кезінде ғана көрінетін бір жасу-
шалы жүзгіш мұхиттық ағзаның СаСО
3
-тегі ізі (бор).
Конденсат
– үлкен тереңдіктерде газ тәрізді күйде болатын және өндіру кезінде 
сұйыққа конденсатталатын сұйық көмірсутектер, таза газолин (бензин).
 
Будың сұйыққа конденсациялануы кезінде пайда болатын өнім.
Континенталды көтерілім
– континенттерді мұхиттың 5000-нан 13000 фут 
тереңдіктеріне дейін қоршап жататын жиналымдар.
Континенталды еңіс
– континенталды қайраңнан мұхиттың тереңсулы бөлігіне 
апаратын еңіс. 
Континенталды қайраң
– мұхиттың жағасынан 450-500 фут тереңдікке созы-
латын континентті қоршап тұратын платформа (шамамен 150 м). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет