Дроссель – құбырлардың көлденең қимасын азайтатын құрылғы.
Дроссель тиімділігі немесе Джоуль-Томсон тиімділігі – газды дроссель
арқылы өткізген кезде оның қысымымен қатар температурасы да едәуір
төмендейді, бұл әдісті газды төменгі температурада айыру кезінде
қолданады.
Дюкер – су кедергілерінен өту үшін су арнасы астынан төселетін құбырларға
арналған траншея.
Инверсия – фазалардың ауысуы (эмульсияның бір түрден екінші түрге өтуі).
Коагуляция – ілінісудің молекулярлық күші әсерінен бірігуі арқылы ұсақ
бөлшектердің іріленуі.
Коагулянттар – дисперсті жүйелерге қосқан кезде дисперсті фазалардың
диффузиялық қабатын сирететін және бөлшектердің соғысуы кезінде
олардың бірігуіне әкелетін заттар (электролиттер).
Коалесценция – су немесе мұнай тамшыларының ортақ бір тұтас тамшыға бірігуі;
жанасу беттерінің толық жойылуы болатын бөлшектер коагуляциясының
терең сатысы.
Конвекция – бір-біріне қатысты орын ауыстыратын сұйық немесе газ тәрізді
бөлшектердің кеңістіктің бір нүктесінен екінші нүктесіне жылу тасымал-
дау үдерісі.
Конденсация – заттың газ күйінен сұйық күйге өтуі.
Кондиция – тауар (яғни, мұнай мен газ) сай болатын норма, стандарт, сапа.
Коррозия – сыртқы және ішкі ортаның әсерінен жабдықтар мен құбырлар
металдарының өздігінен біртіндеп бүлінуі.
Криогенез – атмосфераның, гидросфераның және литосфераның шекаралық
қабаттарында мұздың түзілуімен байланысты болатын үдерістер.
Лупинг – құбырлардың өткізгіштік қабілетін арттыруға арналған параллель
төселген құбырлар.
Маточник – сұйықты бірқалыпты беруге арналған тұндырғыш аппаратындағы
перфорацияланған тарату коллекторы.