Жылу сыйымдылық
– затқа берілетін жылу мөлшерінің температураның
сәйкесті өзгерісіне қатынасы.
Меншікті жылу
сыйымдылық
– масса бірлігіне келтірілген жылу сыйымдылық.
Тәжірибеде бұл ұғым 1 кг затты 1
0
С-ға қыздыруға қажетті жылу мөлшерін
(кДж) білдіреді.
Жылу өткізгіштік
– заттың салыстырмалы орын ауыстырмайтын молекула-
лары немесе атомдарының жылулық тербелісті қозғалысының әсерінен
жылу беру үдерісі, ол жылу өткізгіштік коэффициентімен (Вт/м·К) сипат-
талады.
Жану жылуы
– 1 м
3
газ немесе 1 кг сұйық не қатты отынның толық жануы
кезінде бөлінетін жылу мөлшері (кДж).
Тиксотропия
– құрылым тығыздығының уақыт өте өздігінен ұлғаюы және
бұзылудан кейін қалпына келуі.
Тауарлы мұнай
– нормаға сәйкес сапаға дейін жеткізілген дайындалған мұнай.
Шықтану нүктесі
– берілген температура кезінде газдағы су буының шекті
мөлшері (тәжірибеде шықтану нүктесі ретінде конденсацияның басталу
температурасын айтамыз).
Фильтрация
– конструкциясы әртүрлі сүзгілер мен сұғындырмалардан сұйықты
өткізу.
567
Флотация
– ағын суларды тазарту тәсілі, ол бөлшектердің (мұнай, қатты
қоспалар) ауа көбіктеріне жабысып және олармен бірге сұйық бетіне
қалқып шығып, көбікті қабат түзуге негізделген.
Флокулянттар
– полиакриламид (ПАА) түріндегі жоғары молекулярлы суда
еритін полиэлектролиттер.
Шлам
– сұйықтарды тұндыру немесе сүзу кезінде бөлінетін ұсақ қатты
бөлшектер түріндегі тұнба.
Эжектор
– газдың қысымын арттыруға арналған сығымды аппарат.
Эмульгаторлар
– эмульсияның түзілуіне әсер ететін заттар: асфальтендер, на-
фтендер, шайырлар, парафиндер, тұздар және механикалық қоспалар.
568
Достарыңызбен бөлісу: |