Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»


Каспий теңізінің қазақстандық секторы мұнай-газ кешенi



Pdf көрінісі
бет261/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

Каспий теңізінің қазақстандық секторы мұнай-газ кешенi
Ұзақ мерзiмдi перспективада Қазақстанның мұнай-газ кешенiнiң дамуына 
ықпал ететiн анағұрлым маңызды сыртқы факторлар:
- ғаламдық экономикалық өсу үдерiстерiнiң сақталуы;
- дамушы елдер пайдасына энергия көздерiне дүниежүзiлiк сұраныс 
құрылымының өзгеруi;
- жоғары сапалы энергия көздерi рыногындағы бәсекенiң шиеленiсуi;
- көмiрсутектерiнiң дүниежүзiлiк қорларының шектелуi;
- Каспий теңiзi мұнай ресурстарының ғаламдық маңызы;
- Қазақстан үшiн көлiк және баға шарттарының қанағаттандырарлық бо-
луы болып табылады.
Соңғы 30 жыл iшiнде мынадай үрдiс қалыптасты, дүниежүзiлiк ЖIӨ 
орта есеппен жылына 3,3 % өсiп, бұл кезде көмiрсутектерiнiң негiзгi көзi 
ретiнде мұнайға дүниежүзiлiк сұраныс жылына орта есеппен 1% өсiп отыр. 
Көмiрсутектерiн тұтынудың ЖIӨ өсуiнен артта қалуы, ең алдымен, дамыған 
елдердегi ресурсты үнемдеу үдерісiмен байланысты. Сонымен бiрге, дамушы 
елдерде ЖIӨ өндiрiсi мен көмiрсутектерiн тұтынудағы үлестiк салмақ ұдайы 
арта түсуде. Бағалаулар бойынша құрылымдық алға басулар салдарынан 
дүниежүзiлiк сұраныстың орташа жылдық өсiмi таяудағы жылдары 2,2% жетуi 
мүмкiн. Осындай жағдайда көмiрсутектерiмен жабдықтау проблемаларының 
барған сайын шиеленiсе түсуi болжанып отыр.
КТҚС-дағы мұнай ресурстарының дүниежүзiлiк барланған қорларға 
қосылуы ғаламдық энергетикалық стратегиядағы айқындаушы фактор болып 
табылады. Қазақстан Каспий акваториясындағы мұнай өндiруге жоспарлы 
өлшеммен көшу және жекелеген перспективалы жобаларды еңсеру стратегия-
сын икемдi ұштастыруға дайын болуға тиiс.
Ресей, Қытай сияқты аса iрi және серпiндi дамып келе жатқан елдердiң 
аумақтық жақындығы Қазақстан көмiрсутектерiнiң экспорты үшiн ауқымды 
перспективаларды ашып бередi. Олардың рыногына шығуды қамтамасыз ету 
үшiн магистралдық құбырлар жүйесiн дамыту және жетiлдiру қажет. 
Қазақстанда мұнай-газ кешенi саласын еңбек ресурстарымен тиiстi сапада 
қамтамасыз ету үшiн барлық қажеттi еңбек ресурстары бар, осыған қарамастан әлi 
де болса, жекелеген мамандықтар бойынша бiлiктi кадрлардың жетiспеушiлiгiн 
бастан кешiрiп, кәсiпорындар шетел мамандарын тартуға мәжбүр болып отыр.
Баға факторы да Қазақстанның мұнай-газ кешенiне қолайлы әсерiн 
тигiзуде. Көмiрсутектерiнiң дүниежүзiлiк және ұлттық қорларының 
шектелуi бағаға бақылаудың аймақтық және ғаламдық жүйелерiн жасауға 
әкеп соқты. Қолайлы «бағалар дәлiзi» мұнайды экспорттаушы елдердiң 
бюджеттiк сұраныстарымен, мұнай-газ өндiрiсiн кеңейту және техникалық 
жағынан жаңартумен, тұтынушылардың балама (көмiрсутегi тектес емес) 


570
материалдар мен энергия көздерiн тартпай-ақ көмiрсутектерiн пайдалану 
жөнiндегi технологиялық және экономикалық мүмкiндiктерiмен байланысты. 
Көмiрсутектерi ресурстарының азаюы, сондай-ақ көмiрсутектерiн 
ауыстырғыштардың қолжетiмдi көздерiн пайдаланудың қымбаттауы салдары-
нан «баға дәлiзiнiң» жоғарғы және төменгi шектерiнiң өсу бағытының сақталуы 
күтiледi. Осы арқылы барған сайын көмiрсутегi шикiзатының жаңа қорларын 
айналымға бiртiндеп тартуға жағдай жасалады. Сонымен, КТҚС-ның көмiрсутек 
ресурстары дүниежүзiлiк рынокта мiндеттi түрде пайдаланатын болады.
Каспий теңiзi бассейнiнде Қазақстан өз қызметiн Әзiрбайжанмен, Иран-
мен, Ресеймен және Түрiкменстанмен үйлестiредi. «Каспий бестiгi» елдерiнiң 
әрқайсысының мұнай-газ операцияларында үлкен тәжiрибесi бар және Каспий 
теңiзi ресурстарына үлкен үмiт артады.
Каспий өңiрi мемлекеттерiнiң Каспийдiң құқықтық мәртебесiн анықтаудағы 
көзқарастары мен әдiстерiнiң көпжақтылығы, аймақтағы геосаяси ахуалды, 
келiссөз процесiнiң барысы мен перспективаларын ескере отырып, Қазақстан 
Республикасы мен Ресей Федерациясының арасында 1998 жылғы 6 шiлдеде 
жасалған Жер қойнауын пайдалануда егемендiк құқықтарды жүзеге асыру 
мақсатында Каспий теңiзi солтүстiк бөлiгi түбiнiң ара-жiгiн ажырату туралы 
келiсiм қорытындысы және оған 2002 жылғы 13 мамырдағы Хаттама сөзсiз 
табыс болып табылады, мұны көптеген, оның iшiнде шетелдiк мамандар мен 
сарапшылар да растайды. Каспий теңiзiнiң түбiн және жер қойнауын межелеу 
кезiнде орта сызық бойынша бөлу әдiсiн қолдануды олар Каспий келiссөзiнiң 
процесiндегi тұжырымдамалық алға басу ретiнде қарайды. Каспий теңiзiне бай-
ланысты мәселелер бойынша 1997 жылғы 27 ақпандағы Бiрлескен Қазақстан-
Түрiкменстан мәлiмдемесiнде тараптар «орта сызық бойынша әкiмшiлiк-
аумақтық шекараларды межелеудi ұстануды» келiстi. Қазақстан Республикасы 
мен Түрiкменстан арасындағы Каспий теңiзiнiң түбiнiң ара-жiгiн ажырату тура-
лы Қазақстан тарапы әзiрлеген жоба Түрiкменстан мемлекеттiк органдарының 
қарауында жатыр. Сонымен, Қазақстан мен шектес мемлекеттердiң арасында 
Каспий теңiзiнiң түбi мен қойнауының ара-жiгiн ажырату табысты аяқталған 
жағдайда қазақстандық теңiз түбi секторы ең көбi болып, шамамен 30% құрайды 
және бұл Әзiрбайжанда – 21 %, Түрiкменстанда – 20 %, Ресейде – 17 % және 
Иранда – 12% болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет