125
цементтеуші заттардың көмегімен тұтасады. Цементтеуші заттарға: сазды,
карбондық, кремнилік цементтер жатады. Текстура дегеніміз – жыныстардың
петрографиалық құрамының тіке кеңістік бойынша орналасуы. Оларға
жыныстың сланецтігі, кеуектілігі, жарықшақтылығы жатады. Сланецтілігі
– оларға жоғары қысым, температура, химиялық және гидродинамикалық
үдерістердің әсерінің өзгеруі жатады. Кеуектілік коэффициентін сипаттайды.
Ол дегеніміз – жыныстардағы кеуектіліктердің ауданының көлемінің
оның жалпы көлеміне болған қатынасы. Кеуектіліктің екі түрі болады: 1) жал-
пы кеуектілік; 2) тиімділік кеуектілік. Тиімділік кеуектілік дегеніміз – бір-
бірімен тұтасып тұрған кеуектіліктердің көлемінің жалпы жыныс көлеміне
болған қатынасы. Жарықшақтық дегеніміз тектоникалық күштер және
гидродинамикалық үдерістер әсерінен пайда болады. Жер қыртысы кез кел-
ген бағытында орналасқан (тіке, горизонтальды, көлбеу). Кеуектіліктер кейде
үлкен ұңғымаларда кездеседі. Әдетте олар бір-бірімен жалғанбайтын болады.
Егер жарықшақтық өнімді қабаттар аймағында кездессе, онда оның мұнай
бергіштігінің мол болады. Әдетте тау жыныстар түрі көп болғанымен оларды
құрастыратын минералдардың түрі бірнеше ондаған болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: