Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»


Бұрғы тізбегі және оның атқаратын міндеті



Pdf көрінісі
бет60/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

7.4 Бұрғы тізбегі және оның атқаратын міндеті
7.4.1 Бұрғы тізбегінің элементтері
Мынадай элементттерден тұрады: 1) АБҚ, 2) бұрғылау құбырлары, 3) 
құлыптар және аудармалар, 4) жетекші құбыр (квадрат). Бұрғы тізбегі мына-
дай міндеттерді атқарады: 1) қашауларға айналу моментін береді, 2) қашауды 
ұңғымалар түбіне түсіріп көтереді, 3) ұңғыма түбіне сұйықты жеткізеді, егер 
турбобұрғы болса, оған сұйық жеткізіп әрекетке келтіреді, 4) әртүрлі апатты жоя-
тын аспаптарды түсіріп көтереді және жөндеу жұмыстарын атқаруға қатысады. 
Оның элементтері мынадай тәртіппен жалғанады: жетекші құбыр жоғары аудар-
ма арқылы ұршықпен жалғанады, ал, төменгі ұшымен төменгі немесе қорғау, 
сақтандыру аудармалар арқылы бұрғылау құбырмен жалғанады. Бұрғылау 
құбырлары бір-бірімен құлыптар арқылы қосылған тізбектердің ең соңында 
ауырлама бұрғылау құбырлары (АБҚ) болады. Жұмыс үдерісінде тізбектердің 
мынадай кернеулер пайда болады: 1) өз салмағы әсерінен созылу кернеуі; 2) 
қашауға берілген салмақтың әсерінен төменгі ұшында қысылу кернеуі; 3) айна-
лу кезінде жанама және иілу кернеулері; 4) қашау тістері бір қалыптан екінші 
қалыпқа өткенде тіке және көлбеу вибрациялар.
Мұндағы: G – бұрғылау тізбегінің салмағы;
r
б
– бұрғылау сұйығының тығыздығы;
r
м
– метал тығыздығы;
d – құбырдың ішкі диаметрі;
s
1
– жүктеменің мәні, қашауға берілетін салмақ;
t – жанама кернеуі.
7.4.2 Бұрғылау құбырлары
Болаттан жасалған бұрғылау құбырларының мынадай түрлері болады: шет 
жақтары ішке қарай қалыңдатылған және құлыпты бұранда арқылы жалған 
құбырлар, Шет жақтары сыртқа қарай қалыңдаған және құлып бұранда арқылы 
жалғанған құбыр. Конструкциясы осы екеуіне ұқсаған, бірақ құлыптары 
профилі трапециялы болған бұрандалармен жалғанған тұрақтандырғыш белбеуі 
бар құбырлар. Шет жақтары ішке және сыртқа қарай қалыңдатылған, бірақ 
құлыптары бір-біріне пісіріліп жалғанған құбырлар.


134
1-ші және 2-ші түрдегі құбырларда ұштары бұранданың профилі үш 
бұрышты болып келеді және бір түйіннің өзінде 8 бұранда болады. 3-ші және 
4-ші түрдегі құбырларда 1-ші немесе 2-ші құбырларға ұқсас, бірақ бұранда 2-ң 
профилі трапеция тәріздес болады. 3-ші және 4-ші түрдегі құбырдың қосылысы 
1-ші және 2-ші түрдегі қосылысқа қарағанда, едәуір берік және жұмысқа төзімді. 
Саңылаусыздандыру қасиеті жоғарылайды. Құбырлар іш немесе сырт жаққа 
қарай қалыңдау бұранда кесу кезінде олардың беріктігін сақтап қалу мақсатында 
жасалады. Солай құлыптардың элементтері құбырларға құбырлы бұранда 
арқылы, ал, элементтері бір-бірімен құлыпты бұранда арқылы жалғанады. 
Бірінші түрдегі құбырлар тек роторлы тәсілінде қолданылады, ал екінші түрдегі, 
үшінші және төртінші түрдегі құбырлар турбобұрғы немесе роторлы тәсілінде 
қолдануға болады. Бесінші түрдегі құбырды осы екі тәсілмен бұрғылауға және 
керек болғанда шегендеу құбырлардың орнында қолдануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет