Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»


Теңізде ұңғыманы бұрғылауда туындайтын мәселелер және



Pdf көрінісі
бет78/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

7.12
Теңізде ұңғыманы бұрғылауда туындайтын мәселелер және 
оны шешу жолдары
Бұрғылау кезінде техникалық проблемалар өзімен бірге көп шығын 
алып келетіндіктен, оларға үлкен көңіл бөлінеді. Бұл проблемалар көптеген 
факторлардың нәтижесі және бұрғылау жұмыстары ең бастысы жер астында 
өтентіндіктен оны бақылау қиынға түседі. Жер астына өту барысы жер үстіндегі 
датчиктермен ғана бақылана алады.
Бұрғылау уақытында негізгі проблемаларға мыналар жатады:
• 
Бұрғылау тізбегін қысып қалу. Ерітіндінің өте үлкен үлесті салмағынан 
ұңғыма мен қабат арасында пайда болатын қысымның түсіп кету 
нәтижесі. Сол жағдайлардан ұңғыдағы құбырларды қысып қалады. Со-
нымен қатар құбырларды қысып қалу циркуляциялық жүйенің сапа-
сыз жасалуынан болады. Бұл кезде жыныс бөлшектері қашаудың терең 
өтуіне кедергі келтіреді. Ұңғы қабырғасының бұзылуы және иілгіштігі 
де құралдардың қысып қалуына соғады.
• 
Жоспарланбаған операциялар, сапасы жеткіліксіз құбырлар бұрғылау 
тізбегін айырып жіберуі мүмкін.
• 
Ұңғымаға өту жұмысының бақылауын жоғалту. Дұрыс істелмеген жұмыс 
немесе қабат қысымының болжамы қабаттағы сұйықты ұңғымадан 
сыртқа лақтырады. Мұндай кездегі қайта қалыпқа келтіру жұмыстары 
уақыт және біршама ақшаның шығынын алып келеді.
• 
Қойылған қондырғыға қабылданған шекті салмаққа одан да көп салмақ 
түсіргендігі түпкі қондырғының істен шығуы. Бұрғылау үрдісіндегі 
өлшегіштер (MWD) және бұрғылау үдерісіндегі каротаж (LWD) сияқты 
технологиялық прогрессивті қондырғылар бұл жағдайларда істен 
шығуы мүмкін.
Айтылған мәселелерге ортақ тигізетін зақым шығым болып саналады.
Бұрғылау жұмысын қауіпсіз және тиімді жүргізу үшін әр ұңғыманы бастар 
алдында немесе қазу барысында ұстануға берілген мінездемелер бар:
• 
Ұңғыма құрылысын жоспарлау үлкен сақтықпен жүргізілуі тиіс. 
Барлық жергілікті тәжірибе мен информациялар зерттеліп, ұңғыманы 
бұрғылау қондырғысына, құрылыс орнына берілген сәйкесінше арнайы 
шектеулерді сақтап отыру керек;
• 
Барлық билік органдарымен байланыс орнатылуы тиіс. Рұқсат берілген 
қағаздар алдын ала алынып, көрсетілу керек; 
• 
Жұмысты ұйымдастырарда қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жүйе 
бұрғылау қондырғысында қондырылуы керек;
• 
Бұрғылау қондырғысында және сәйкесінше қызметтерде профилакти-
калы жөндеу және қондырғыны бақылау жүйелері болуы тиіс;
• 
Жалпы және төтенше жағдайларды қамтамасыз ететін жабдықтау 
жүйесі құрастырылуы керек;
• 
Жақсы байланыс жүйесі орнатылуы тиіс; 


166
• 
Жақсы дайындалған және біліктілігі анықталған персонал;
• 
Персонал ең тиімді, қауіпсіз жұмыстың орындалуына ұмтылуы қажет;
Бұл жұмыста қарастырып отырғанымыз бұрғылау үдерісінде жұмысты 
ұйымдастыруды анықтайтын фаторлар түрлері, олар бірнеше түрлері бола-
ды. Оған тоқталатын болсақ, монтаждау, демонтаждау, геологиялық және 
геофизикалық мәліметтер, қабаттың қасиеттері, қабат түбінің және сағалық 
қысымдары, температурасы және т.б. көптеген факторлар болады. Бұл 
жұмыстарға біз теорияда тоқталып кетеміз, ал бұларды толығымен анықтайтын 
факторларды жүргізу үшін барлық жинаған мәліметтерге сүйеніп қарастырған 
жөн болады.
Бұрғылау үдерісінде жұмысты ұйымдастыпуды анықтайтын факторлар
Бұрғылау қондырғыларының орындарын дайындаудан бастап, оларды де-
монтаждау, жаңа орынға тасымалдау, пайдаланған жерді қайта өңдеп аяқтауға 
дейінгі істелінетін жұмыстар жинағы ұңғыма құрылысының циклі деп аталады.
Ұңғыма құрылыс цикліне кіретін барлық жұмыс түрлері төмендегідей топ-
талады:
1. Бұрғылау қондырғыларын монтаждауға дайындық жұмыстары (орны 
жоспарлау, қатынас жолдарын салу, су құбырларын жүргізу, электр және 
телефон желілерін тарту).
2. Бұрғылау қондырғыларын монтаждау (іргетастар орнатып, оларға 
қондырғы блоктарын отырғызу, қондырғыны байланыстыру, мұнара 
мен қондырғыларды жабу, сыйымдылық ыдыстарын және тұрмыстық 
блоктарды орнату).
3. Ұңғыманы бұрғылау, оның қабырғасын шегендеуші тізбектермен 
қатайту, қабаттарды ажырату.
4. Өнімді қабатты екінші қайта ашу (қабатқа шегендеуші тізбегін түсірген 
жағдайда), ұңғымаларды сынау және пайдалануға өткізу.
5. Бұрғылау қондырғысын демонтаждау.
6. Қондырғыны жаңа бұрғылау орнына тасымалдау.
Бұл аталған жұмыстар “Мұнай және газ ұңғымаларының құрылысын 
жүргізу барысындағы бірыңғай техникалық ережелері”, Мұнай, газ жүргізу 
барысындағы техникалық ережелер, Мұнай және газ өндіру кәсіпорнындағы 
қауіпсіздік ережелері сияқты мекемеаралық құжаттар мен бұйрықтарының 
міндетті түрде орындалу арқылы іске асырылады.
Бұл кезеңдерді кешендік мұнараны монтаждау бригадасы, 4-ші кезеңді 
бұрғылау, ал 5-ші кезеңді ұңғымаларды сынау және меңгеру бригадалары 
жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет