Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет199/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

17.12-сурет
). 17.12 Құбыртөсегіш – бұл қажетті кеме және 
технологиялық жабдықтармен жабдықталған, түсіргіш құрылғысы (стингер) бар 
металдан жасалған пісірілген понтон. Баржа палубасы құбырларды жинау және 
құру үшін арналған алаңша болып табылады. Құбыржелілерді құбыртөсегіш 
баржалардан құбырларды жалғау әдісімен төсейді: құбырды палубада пісіріп, 
баржаның трасса бойымен қозғалуы бойынша теңіз түбіне батырады.
17.12-сурет. Құбыр төсеу үдерісінің сұлбасы
1 – құбыр төсегіш баржа; 2 – бетондалған құбыр;
3 – тарпалы құрылғы; 4 – құбыржелі; 5 – стингер; 6 – зәкірлі 
жүйе; 7 – кран; 8 – буксирлеуші; 9 – құбыр тасушы
Стелаждардан бетондалған құбырларды кранмен конвейерге, одан әрі 
төселген құбырдың шетімен келесі құбыр осьтері сәйкес келуі үшін центрлегіш 
арбаларға бағыттайды. Монтажды желіде бес пісіру посты орналасқан: диаметрі 
400 мм дейінгі құбырлар үшін сыртқы рентгеноскопия аппараты қолданылады. 
Түйістерді конвейерлі әдіспен пісіріп, кейіннен оқшаулайды. Теңіз түбіне 
құбырды төсеу кезіндегі кернеуді азайту үшін баржа стингермен жабдықталған. 
Ол ұзындығы сәйкесінше 50, 30, 20 м болатын үш бөліктен тұратын, құбыр 
пішінді тор кеңістік конструкция болып келеді. Стингер құбырды баржа 
тұмсығынан теңіз түбіне түсіру үшін және құбыр қисықтығы мен жоғарғы және 
төменгі иілімдердегі кернеуді реттеуге арналған. Секцияларды бірінен соң бірін 
баржа тұмсығына жалғау құбырды түрлі тереңдікке төсеуге мүмкіндік береді. 


456
Монтажды желіде атаулы тартылым күші 500 кН үш керілмелі құрылғы 
қондырылған. Құбыр берілген күште керілмелі құрылғылардың шынжыр беті 
арасымен өтеді. Баржа трасса бойымен якорь-швартты жүйе арқылы орын 
ауыстырады. 
Баржада арқанның кернеуі 900 кН-ға есептелген сегіз якорьлы лебедкалар 
орнатылған. Баржаның орын ауыстырумен тіркеме (буксировщик) якорьлердің 
орнын алмастырады. Оның өнімділігі тәулігіне 1000-1500 м құбыр. «Сулейман 
Везиров» құбыртөсегіш баржаның пайдалануға енгізілуімен құбыр құрудың 
технико-экономикалық көрсеткіштеріне құрылыс ауданының алшақтығы, 
гидрометеорологиялық жағдай сияқты факторлардың әсері көрнекті төмендеді. 
Құбырларды толқу бағытына тәуелді толқын биіктігі 1,5-2,4 м болғанда төсеуге 
болады.
Құбыртөсегіш баржа тәулік бойы жұмыс жасауға арналған және оның 
өнімділігі өте жоғары. Теңіз тыныш болған кезде диаметрі 500 мм құбырды 
төсейтін баржа өнімділігі 1500 м/тәу. Бірақ баржа амортизациясының жоғары 
құны бос тұруды болдыртпайтын жақсы ұйымдастыруды қажет етеді. 
Қазіргі кезде «Сулейман Везиров» құбыртөсегіш баржасының 
қолданылуымен терең және үлкен қашықтыққа құбырларды төсейді. Бұл 
баржаның пайдалануға енгізілуімен Каспий теңізі мұнай-газ кен орындарының 
жайластыру тиімділігі жоғарылады.
Қазіргі уақытта құрылысқа, су асты құбырларын қызмет көрсету және 
жөндеуге қажетті негізгі техникалық құралдарға құбыртөсегіш баржа, 
құбырларды түйістіру және жөңдеуге арналған су асты кешені, су асты құбырлар 
трассасын зерттеу және оның жағдайын тексеруге арналған құрылғылар жата-
ды.
Каспий теңізінде пайдаланылатын «Сулейман Везиров» құбыржелілерін 
төсегіш баржасы бірінші шыққан баржаларға жатады. 
Соңғы жылдары құбыржелілерін төсегіш баржалар елеулі түрде 
жетілдіріліп, теңіз тереңдігі 300 м және толқын биіктігі 3,7-5,0 м болған жағдайда 
құбыржелілерін төсеуге мүмкіндік беретін екінші және үшінші деңгейлі баржа-
лары жасалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет