Нақты қалыңдық немесе қуат – қабат жабынының кез келген нүктесінен таба-
нына дейін түсетін перпендикуляр.
Горизонталь қалыңдық – горизонталь бойынша жабынның кез келген
нүктесінен табанына дейін арақашықтық.
Вертикаль қалыңдық – вертикаль бойынша, жабынның кез келген нүктесінен
қабат табанына дейінгі арақашықтық.
Мұнай-газды кеніштің табаны немесе су-мұнайлы бөлімнің беті – мұнай
және суды бөлетін бет деп аталады.
Мұнайлықтың ішкі контуры – су-мұнайлы бөлім бетінің қабат табанымен
қиылысу сызығы.
Мұнай-газ бөлім бетінің қабат жанымен қиылысу сызығы – газдылықтың
сыртқы контуры, ал қабат табанымен қиылысу сызығы – газдылықтың
ішкі контуры.
Трапециялық режим – мұнай кешенін дренаждау режимі кезінде, қысым энер-
гиясы ауырлық күші әсерінен пайда болады.
Блокты жүйе – айдау ұңғымаларын параллельді тік бұрышты қатармен, әдетте,
құрылымның бойлы өсіне айқастыра орналастырады, игеру ұңғымаларын
айдау ұңғымалары арасы қатарында бұрғылайды.
Ошақты су айдау – бұл жүйе кезінде, суды қабатқа бөлек айдау ұңғымалары
арқылы айдайды, оларды өндіретін арасында таңдайды немесе арнайы
бұрғылайды.
Сораптың толу коэффициенті – плунжердің астына келіп түсетін сұйық
көлемінің, плунжердің жоғары жүрісі кезінде сызатын көлемге қатынасы.
Тербелмелі-станок – электрқозғалтқыш валының айналмалы қозғалысын,
штанганың плунжермен қайтымды-үдемелі қозғалысқа түрлендіретін
және сұйықты айдап шығару үдерісінде жүктемелі қабылдайтын меха-
низм.
Мұнай эмульсиясы – мұнай және судың араласуы кезінде, осы сұйықтардың
қиын бөлінетін қоспасы түзіледі, ол мұнай эмульсиясы деп аталады.