560
Мұнай/газбергіштік коэффициенті
– өндірудің таңдалған техникасы мен
технологиясында және табиғи-экономикалық жағдайларында қабаттан
өндірілетін кеніштегі/кен орнындағы мұнай және/немесе газдың
геологиялық қорларының үлесі.
Кему коэффициенті
– алынған және дегазирленген мұнай көлемінің
қабаттық жағдайлардағы мұнай көлеміне қатынасы; мұнайдың көлемдік
коэффициентіне кері шама.
Күмбез
– дөңгелек және эллипстік пішіннің көтерілуі.
Литология
– жыныстардың құрамы мен қасиеттері туралы ғылым; сондай-ақ
тау жыныстарының құрылысы мен қасиеттері.
Ұстағыш
– мұнай мен/немесе газ шоғырланатын кеуекті қабаттағы көтерілім.
Аз күкіртті
– құрамында күкірті аз мұнай немесе газ.
Матрица
– нашар сұрыпталған шөгінді жынысындағы ұсақ дәнді бөлшектер.
Меандр
– өзен ағысының иілген жері.
Мезозой
– 225-70 миллион жыл бұрынғы кезең.
Бор
– өте ұсақ дәнді тастардан (кокколиттерден) құралған әктас.
Борлы
– 135-70 миллион жыл бұрынғы кезең.
Кен орны
– кейбір геологиялық қалыптасуымен байланысқан бірнеше газ-
ды және/немесе мұнайлы қабаттар; сондай-ақ жеке газды және/немесе
мұнайға қаныққан өнімді қабат.
Метаморфтық жыныстар
– жоғары температура мен/немесе қысым әсерінен
өзгерген жыныстар.
Достарыңызбен бөлісу: