Кеуектілік – пайызбен берілетін жыныстың толық көлеміндегі кеуекті көлем
үлесі.
Капиллярлы қысым – суланатын және суланбайтын фазалар қысымдарының
айырмасы, олардың артуы суланбайтын фазаға суланатын фазаға қаныққан
кеуектерге енуге мүмкіндік береді.
Табиғи газ – беттік жағдайларда газ тәрізді күйде болатын жеңіл көмірсутректер.
Өнімді қабат – кеуектілігі мен өткізгіштігі жақсы дамыған тау жынысы.
Өткізгіштік –
қысымның өзгерісі кезінде жыныстың сұйықты және газды
өткізу қабілеті. Флюидтердің жыныс арқылы өту қасиетінің шамасы.
Өткізгіштік бірлігі ретінде Дарси = 0.987*10
-12
м
2
қабылданған.
Барлау ұңғымасы – мұнай/газ құрылымына перспективалы барлау кезеңіндегі
бұрғыланған ұңғыма.
Ұңғыма қимасы – ұңғымадағы жыныстар қасиеттерін олардың жатыс тереңдігі
бойынша сипаттау.
Қабаттың жұмыс режимі – энергия көзі түріне байланысты қабаттан мұнай
мен газ алуға жұмсалатын деп аталатын режим.
Немесе қабаттан мұнай
немесе газды алуға шығындалатын энергия көзінің түрі бойынша атала-
тын бөлім.
Резервуар – кеуекті және өткізгішті шөгінді жыныстардың қуатты жиналымы;
мұнай мен/немесе газдың жерасты кеніші.
Риф – коррал типті ағзалардан құралатын гребень немесе толқынды түзілімнің
осындай бөлшектері.
Бұрма – қиманың бір жағының екінші жағына қатысты орын ауысуы жүретін
жыныс тұтастылығының қимасы.
Судың еркін деңгейі (СЕД) – мұнай қысымы су қысымына тең болатын бет.
Байланысқан – қабаттық су (сондай-ақ, реликті деп аталады). Барлық мұнайға
және/немесе газға қаныққан қабаттардың бәрінде болады.