Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»


D ҚОсЫМШАсЫ Каспий теңізінің қазақстандық қайраңы аймағын меңгеру



Pdf көрінісі
бет260/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

D ҚОсЫМШАсЫ
Каспий теңізінің қазақстандық қайраңы аймағын меңгеру 
бағдарламасы 
Қайраңды меңгеру Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын игерудiң 
мемлекеттiк Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002-2004 жылдарға арналған 
бағдарламасы ережелерiнiң негiзiнде Қазақстанның энергетикалық ресурста-
рын пайдалану стратегиясына және Қазақстан Республикасының 2010 жылға 
дейiнгi Стратегиялық даму жоспарына сәйкес әзiрлендi.
Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторы (бұдан әрi – KTҚC) қойнауындағы 
көмiрсутегi шикiзаты ресурстарын тиiмдi игеру жөнiндегi шараларды негiздеу 
және келiсу болып табылады.
Каспий теңiзiнiң қазақстандық бөлiгiн игерудiң мемлекеттiк 
бағдарламасының (1-кезең) қисынды жалғасы. Теңiз мұнай-газ операцияларын 
жүзеге асырудың стратегиялық ережелерi мен әдiстерiн нақтылау қажеттiгi 
Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының қалыптасқан 
оң үдерiстерiмен, көмірсутектерінің дүниежүзілік рыноктардағы және оларды 
тасымалдау бағыттарының өзгерiстерiмен, мемлекет мүдделерiн қамтамасыз 
ететiн «ҚазМұнайГаз Ұлттық компаниясы» ЖАҚ-ын (бұдан әрi – мұнай-газ 
компаниясы) құрумен байланысты.
Қазақстан Республикасының аумағындағы көмiрсутегi шикiзаты кен 
орындарының көпшiлiгi 2002 жылға қарай жылдық өндiрудiң ең жоғары 
деңгейiне жеттi. Құрлықта өндiрудiң одан әрi өсiмi бiрiншi кезекте Теңiз 
және Қарашығанақ сияқты кен орындарын игерудiң қарқындылығына бай-
ланысты. Сонымен бiрге, жүргiзiлген зерттеулер көмiрсутегi шикiзатының 
барланған қорлары мен өндiрудiң негiзгi өсiмiн Каспий теңiзi акватория-
сынан күту қажеттiгiн көрсетедi. КТҚС-ы теңіз беті мен түбінің қойнауы 
ретінде қарастырылады. Каспий теңізіндегі теңіз шекаралары Қазақстан 
Республикасының халықаралық келісімдерімен айқындалады. Осы уақытқа 
дейін КТҚС-да орындалған геологиялық-геофизикалық жұмыстар, құрлықтың 
теңізге жапсарлас жатқан учаскелеріндегі барлау жұмыстары материалдарын 
қоса алғанда, көмірсутектерінің ірі қорлары бар аймақтарды жеткілікті түрде 
нақты бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.
Теңiз қайраңдарындағы, жұмыстардың қалыптасқан дүниежүзілік практи-
касы барлау жұмыстары басталғаннан бастап алғашқы коммерциялық мұнай 
алуға дейiн 8-10 жыл өтетiнiн көрсетедi.
Бағдарлама КТҚС-дағы теңiз мұнай-газ кенiшiн дамыту мәселелерiнен 
басқа өндiрiстiк, әлеуметтiк және экологиялық мақсаттағы iлеспе объектiлердi 
жақсарту мүмкiндiгi мәселелерiн де қарастырады.


569


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет