570
материалдар мен энергия көздерiн тартпай-ақ көмiрсутектерiн пайдалану
жөнiндегi технологиялық және экономикалық мүмкiндiктерiмен байланысты.
Көмiрсутектерi ресурстарының азаюы, сондай-ақ көмiрсутектерiн
ауыстырғыштардың қолжетiмдi көздерiн пайдаланудың
қымбаттауы салдары-
нан «баға дәлiзiнiң» жоғарғы және төменгi шектерiнiң өсу бағытының сақталуы
күтiледi. Осы арқылы барған сайын көмiрсутегi шикiзатының жаңа қорларын
айналымға бiртiндеп тартуға жағдай жасалады. Сонымен, КТҚС-ның көмiрсутек
ресурстары дүниежүзiлiк рынокта мiндеттi түрде пайдаланатын болады.
Каспий теңiзi бассейнiнде Қазақстан өз қызметiн Әзiрбайжанмен, Иран-
мен, Ресеймен және Түрiкменстанмен үйлестiредi. «Каспий бестiгi» елдерiнiң
әрқайсысының мұнай-газ операцияларында үлкен тәжiрибесi бар және Каспий
теңiзi ресурстарына үлкен үмiт артады.
Каспий өңiрi мемлекеттерiнiң Каспийдiң құқықтық мәртебесiн анықтаудағы
көзқарастары мен әдiстерiнiң көпжақтылығы, аймақтағы геосаяси ахуалды,
келiссөз процесiнiң барысы мен перспективаларын ескере отырып, Қазақстан
Республикасы мен Ресей Федерациясының арасында 1998 жылғы 6 шiлдеде
жасалған Жер қойнауын пайдалануда егемендiк құқықтарды жүзеге
асыру
мақсатында Каспий теңiзi солтүстiк бөлiгi түбiнiң ара-жiгiн ажырату туралы
келiсiм қорытындысы және оған 2002 жылғы 13 мамырдағы Хаттама сөзсiз
табыс болып табылады, мұны көптеген, оның iшiнде шетелдiк мамандар мен
сарапшылар да растайды. Каспий теңiзiнiң түбiн және жер қойнауын межелеу
кезiнде орта сызық бойынша бөлу әдiсiн қолдануды олар Каспий келiссөзiнiң
процесiндегi тұжырымдамалық алға басу ретiнде қарайды. Каспий теңiзiне бай-
ланысты мәселелер бойынша 1997 жылғы 27 ақпандағы Бiрлескен Қазақстан-
Түрiкменстан мәлiмдемесiнде тараптар «орта сызық бойынша әкiмшiлiк-
аумақтық шекараларды межелеудi ұстануды» келiстi. Қазақстан Республикасы
мен Түрiкменстан арасындағы Каспий теңiзiнiң түбiнiң ара-жiгiн ажырату тура-
лы Қазақстан тарапы әзiрлеген жоба Түрiкменстан мемлекеттiк органдарының
қарауында жатыр. Сонымен, Қазақстан мен шектес мемлекеттердiң арасында
Каспий теңiзiнiң түбi мен қойнауының ара-жiгiн
ажырату табысты аяқталған
жағдайда қазақстандық теңiз түбi секторы ең көбi болып, шамамен 30% құрайды
және бұл Әзiрбайжанда – 21 %, Түрiкменстанда – 20 %, Ресейде – 17 % және
Иранда – 12% болады.
Достарыңызбен бөлісу: