571
- жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттарға қол қоюға
дайындық
басталды;
- теңізде операциялар жүргiзудiң ерекше экологиялық шарттары әзiрлендi;
- инфрақұрылымның бұрыннан бар объектiлерiн бағалау жүргiзiлдi және
басым жобалар белгiлендi;
Түпқараған шығанағындағы бұрғылау жұмыстарын қолдаудың жағалаулық
базасы құрылды. Бұрынғы алынған болжамдар барлаулық бұрғылау нәтижелерi
бойынша үнемi нақтылана түсуде. Қазiргi сатыдағы iздестiру мұнай-газ барлау
жұмысы D
1
және D
2
санаттары бойынша айқындалған болжамды шығарылатын
қор газ конденсаты бойынша – 61 млн. тонна, бос газ бойынша – 518 млрд. тек-
ше метр болып отыр. Көмiрсутегi шикiзатының анықталған қорларының жарты-
сынан астамы КТҚС-ның солтүстiк бөлiгiнде орналасқан. 2002 жылға Қашаған
құрылымынан С
1
+С
2
санаттары бойынша шығарылатын қорлар ҚP ҚМК балан-
сына былайша қабылданды: мұнай қоры бойынша – 1647,9 млн.т, газ конден-
саты бойынша – 884 мың т. және газ бойынша – 969 млрд. текше метр. Кен
орындарының игерiлу және жаңа деректердiң алыну шамасына қарай қорлар
қайта қаралуы мүмкiн.
Бағалаулар мыналарды растап отыр: игеру процесiне тартылмаған
көмiрсутектерi ресурстық базасының бiр бөлiгi көлемi жағынан Қазақстанның
құрлығында барланған барлық кен орындарының жиынтық қорларымен шама-
лас.
Бұрыннан белгiлi перспективалық аудандармен қатар жаңа палеозой және
мезозой
құрылымдары анықталды, Қашаған, Құрманғазы, Қаламқас-теңiз,
Ақтоты және басқа да iрi перспективалы құрылымдар бұрғылауға әзiрлендi.
Қазақстан Республикасында теңiз мұнай операциялары жүргiзiлгеннен
бастап, геологиялық барлау деректерiн пысықтау мен түсiндiрудi, теңiздегi
көмiрсутектi кен орындарын әзiрлеу
мен игерудi қоса алғанда, жекелеген
өндiрiстiк қуаттарын құру жөнiнде шаралар қабылданды. Сонымен бiрге
бұрыннан бар өндiрiстiк әлеуеттiң КТҚС-дағы көмiрсутек ресурстарын кең
ауқымда игеру үшiн жеткiлiксiз болып отырғанын мойындау қажет. Республи-
кадан тысқары жерлерде қымбатқа түсетiн зерттеулердi (мұнай сынамаларын,
керн үлгiлерiн талдау, геологиялық-геофизикалық деректер мен басқа да мате-
риалдарды өңдеу) жүргiзудi шектеу мақсатында жер қойнауын пайдаланушы-
лар келiсiмшартқа отыруға және оларды Қазақстан Республикасындағы қазiргi
заманғы ғылыми-зерттеу орталықтарында құру және теңiзде жүргiзiлетiн мұнай
операциялары бойынша зерттеулердiң толық кешенiн жүргiзуге қабiлеттi қазiргi
бар зертханаларды жаңғыртуға мiндеттейтiн ережелердi енгiзу қажет.
«Қазақстанкаспийшельф» Халықаралық консорциумы 1995-1996 жылдары
Солтүстiк Каспий қайраңы мен ауыспалы аймақтағы аймақтық және iздестiру
сейсмикалық бейiндерi желiлерiн пысықтағаннан кейiн Қазақстан тарапына:
- теңiз геофизикалық жұмыстарын жүргiзуге арналған мамандандырылған
кемелерден
тұратын флотилия;
572
- тiркейтiн аппаратура;
- геофизикалық материалдарды пысықтау мен түсiндiруге арналған ке-
шендер берiлдi.
Флотилияның құрамында ауыспалы (судың тереңдiгi 1 метрге дейiн) және
қайраң (судың тереңдiгi 10 метрге дейiн) аймақтарда:
- геофизика және инженерлiк-геологиялық зерттеулер мұқтаждары үшiн
ұсақ ұңғымалар бұрғылау;
- сейсмикалық сигналдардың
қозуы мен оларды тiркеу;
- сейсмикалық құмқайырлар төсеу мен тасымалдау;
- топогеодезиялық қамтамасыз ету;
- жүктер мен персоналды тасымалдау жұмыстарын жүргізуге арналған
қайраңдамайтын арнайы кемелер бар (аэроботтар, катамарандар және
т.б.).
Қазiргi кезде отандық және шетелдiк
сервистiк компаниялардың
қатысуымен КТҚС-ның қайраң және ауыспалы аймақтарындағы перспектива-
лы құрылымдарда 2D және 3D сейсмикалық зерттеулер орындалуда. Қазақстан
ұйымдарының даярланған персоналдарымен бiрге теңiз сейсмикалық екi
теңiз тобы бар және келiсiмшарт аумақтарына бөлiнiп қойылған геологиялық
құрылымдарын сейсмикалық барлаумен қамтамасыз ететiн шектеулi көлемдi
2D және 3D зерттеулерiн жүргiзуге әрi жаңа неғұрлым перспективалы блоктар-
ды аяғына дейiн зерттеуге мүмкiндiгi бар.
Мұнай операцияларын қолдау үшiн инфрақұрылымның объектiлерi бар,
олар Ақтау, Атырау, Форт-Шевченко және Баутино қалаларында орналасқан.
Бұл орайда мұз жарғыш және көлiктiк жүзу
құралдарының саны жеткiлiксiз,
сондай-ақ көмiрсутектерiн тасымалдауға арналған теңiз құбырлары жоқ.
КТҚС-дағы мұнай операцияларын жүзеге асыру кезiнде озық технология-
лар пайдаланылады, қазiргi заманғы техникалар:
- «Сұңқар» бұрғылау қондырғысы;
- «Гуртулус» бұрғылау тұғыры;
- жасанды аралдардағы бұрғылау қондырғылары тартылуда.
Қазiргi кезге дейiн Каспий теңiзiнiң көмiрсутегi әлеуетiн игеруге инвести-
циялар екi: Солтүстiк-Каспий және «Қазақойл-ЖҰМК» жобалары шеңберiнде
жүзеге асырылып келдi. Солтүстiк-Каспий жобасы 1993
жылы Халықаралық
консорциум шеңберiнде басталған жұмыстардың қисынды жалғасы болып та-
былады және теңiз блоктары бойынша Қазақстан қол қойған алғашқы Өнiмдi
бөлу туралы келiсiмнiң (ӨБК) негiзiнде жүзеге асырылуда. 1993-1997 жылдар
аралығында Халықаралық консорциумның инвестициялары, қол қойылған бо-
нус ретiнде төленген 75 миллион АҚШ долларынан басқа, 218 миллион АҚШ
долларын құрады.
Мұнай блоктарында теңіз операцияларын жүргiзуге арналған әзiрлiк
жұмыстары басталған 1997 жылдан бастап, мұнай операцияларына жұмсалған
шығындар 1063 миллион АҚШ долларынан асып түстi. Сонымен бiрге, мердiгер
573
компаниялар 1998 жылы Қазақстан Республикасына ӨБК бойынша 175 миллион
АҚШ доллары мөлшерiнде қол қойған бонус төледi. 2002 жылғы 31 желтоқсанда
Солтүстiк-Каспий жобасы бойынша инвестициялар 1714,9 миллион АҚШ дол-
ларын құрады.
ӨБК шарттарына сәйкес мердiгер Қазақстан Республикасының азаматта-
рын кәсiби оқытуға, аспаптар мен ғылыми-техникалық ақпарат сатып алуға жыл
сайын 1,5 миллион доллар мөлшерiндегi қаражатты алғашқы төрт жыл iшiнде
және 1 миллион долларды одан кейiнгi жылдары жұмсауға тиiс.
КТҚС-дағы мұнай операцияларын жүргiзудiң мiндеттi шарты жер қойнауын
пайдалану, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар, өнеркәсiптiк
әрi өрт қауiпсiздiгi және қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi операцияларды
қауiпсiз жүргiзуге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарын сақтау.
Жер қойнауын пайдалану мәселелерi жөнiндегi заңдар Қазақстан Республи-
касы Үкiметiнiң қаулылар блогы мен ел Президентiнiң жекелеген жарлықтарын
да қамтиды.
Теңiз мұнай-газ операцияларына, сондай-ақ жер қойнауын пай-
далану қызметiн мемлекеттiк бақылау тәртiбiн жетiлдiру үшiн қолданылатын
заңдардың дамуы жалғаса түсуде.
Достарыңызбен бөлісу: