100
ғыға ие. Қондырғының біріншілік тетігі – дизельді («Берген» типті, қуаттысы
2200 л болатын 4 дизель»). Айналмалы ток регисторлы қондырғының көмегімен
тұрақты тоққа айналады. Қондырғы әрқайсысының қуаты 2865 кВт болатынн
тұрақты токтың көмегімен қозғалады. Қондырғының шынжырының ұзындығы
900 м; массасы – 12 т болатын 8 зәкірмен тірейді. Қондырғы жебесінің ұшуы,
сәйкесінше, 30 және 36 метр, жүк көтергіштігі 40-150 т, болатын 2 көтергіш
крандармен жабдықталған. Бригаданың тұратын жері 75 адамға арналған бір,
екі, төрт орынды каюталар болып келеді.
Қондырғыда тікұшақ қонатын алаң орналасқан. Солтүстік теңізде «Вест
Вентури» атты жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғысы жұмыс
істейді. Плантондағы бесбұрышты формасы қондырғының маңызды ерекшелігі
болып табылады. Бұл қондырғы судың тереңдігі 305 метрдегі теңіз ұңғыларын
бұрғылауға арналған. Зәкірленген күйінде су ығыстырғыштың 23400 т толық
жабдықталған қондырғы 25 м-ге батып, тұрады. Жұмыс орнына оны 10,5 м ба-
тып тұрған күйінде жылдамдықтары 7,5 км/сағ болатын 2 буксир алып келеді.
Бұрғылау орнында қондырғы массалары 13,6 т шынжырлар ұзындығы
1090 м болатын 10 зәкірмен бекітіледі.
«Пендрод-71» жартылай батпалы бұрғылау қондырғысы ұңғымаларды 300 м
теңіз тереңдігінде 9000 м тереңдікке дейін бұрғылай алады. Мұндай қондырғыны
тасымалдаған кезде борттағы тербеліс кезіндегі өзіндік тербеліс периоды 8 с, ал
кеменің артқы жағындағы тербелісі – 6 с. Ал 21 м батырылған кездегі тербеліс
периодтары, сәйкесінше 35-37 с болады. Кеменің вертикальды орын ауыстыруы
жылжымалы байланыстырғыштармен және керу құрылғыларымен жабылады.
Қондырғы (2) төменгі корпусқа және (6) тұрақтандырғыш колоналарға ие. Әр
колонна үстінгі диаметрі 8,5 м, ал негізгі диаметрі 10 м, болатын киық конус
тәріздес болып келеді. Қондырғының үстіңгі плубасы мен корпустың төменгі
жағының биіктігі 41,4 м. Қондырғы тетігіндегі қуаттары 3600 л с болатын 3
дизельді двигатель бар.
Бұрғы шығыры қуаттары 1570 кВт 2 электроқозғалтқыштармен әкелінеді.
Үш цилиндірлі поршеньді бұрғылау носостар қуаты 1256 кВт болатын
электроқозғалтқыштары көмегімен қозғалады. Биіктігі 48 м, бұрғылау деңгейі
мұнара астындағы биіктігі 12 м негіздемеге бекітілген. Оның жүк көтергіштігі
500 т. Дінген ішіне жалпы салмағы 226,5 т болатын құбырлар орналасқан.
Қондырғы желдің 117 км/сағ жылдамдығына шыдайды. Оның периоды 31,4 с
кездегі жалпы тербеліс амплитудасы 13,8 м (бортты тербеліс – 17, тербеліс пе-
риоды 48 с). Егер құбырлар діңгек сыртында орналасса, онда 14 с тербеліс пе-
риоды, ал жалпы тербеліс амплитудасы 13,8 м құрайды. Бұрғы калонналарының
тік орналастыруындағы компенсатор жүрісі 5,4 метр.
Достарыңызбен бөлісу: