Оқулық Алматы, 2014 Б. Қ. Қапасова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет8/16
Дата29.01.2017
өлшемі5,06 Mb.
#2986
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16

Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Жаман әдет шығару, жамандық шақыру сенімдері туралы не бі­
лесіздер?
2. Ұлжанның Оспанға ашулануының себебі неде?
3. Сөздің әсерлі шығуына жеке сөздердің орнының ықпалы қандай? 
Одағай, қыстырма сөздермен мысал келтіріңіздер.
88-жаттығу. М.Әуезовтің 1926 жылы жазылған «Жалпы театр өнері мен 
қазақ театры» мақаласынан үзінді оқыңыздар.
Өз театры болуға керек. Себебі  өнер атаулының барлығында 
қай елде, қай түрде туса да сол өз ортасының шартынан, өз топыра­

101
ғының қалпынан туады. Сол ортасының түйінін киіп, соның іші­
бауырынан шыққан суреті сияқты болып туады.
Өнердің ғылымнан айрылатын жері де – осы. Ғылым – арнайы 
топырақты білмейді, еркін, отансыз, анасыз зат. Бұған қарағанда, 
өнер қаны, жаны бар денелі  зат сияқты. Бұл анасының ұрпағы бо­
лып қана туа алады. Солай болып туа алса ғана өсіп­өніп дәурен 
сүреді. Елінің тонын киіп, елінің өз исімен шықпаса, өнер ерте 
күннен өрістен айрылып, тығырыққа қамалып, өлімге қарай бас иді 
деу керек. Сондықтан қай ел болса да өз өнері әлсіз, көріксіз болса 
да өзгенікінен артық көреді; өзгенің алтынына өзінің қара темірін 
айырбастамайды. Расында ойланып көрсек, Бетховеннің соната­
ларына қазақ «Саймақтың Сары өзенін» сатар ма еді? Рафаэльдің 
Мадоннасы, Репиннің суреттері қазақ топырағына келсе, өз жерін­
дей ұғылып, өз еліндегідей көрген жұртты еліктіре ме еді? Не 
болса, Шекспирдің Гамлетіне, Гетенің Фаустына қазақ өз елінде 
болған, заман шерін айтқан Асан қайғыны, толғау айтқан Бұхар 
жырауды айырбастар ма екен. Рас, бір заманда осының бәрін қазақ 
та өзгелердей ұғатын болар. Бірақ елді сол заманға жеткізетін, сол 
санаға шейін жетектеп апаратын өз өнері болады. Әзірше әлгінің 
бәріне қазақ өзінің қолындағысын айырбастамайды дейміз. Себебі, 
оның бәрі – өнер. Өнер – елдің бел баласы. Қарға баласын аппағым 
десе, қазақ та өз өнерін аппағым, асылым, үміт, қуанышым дейді. 
Олай болса театр өнеріне келгенде біз өзге елден алсақ, сыртқы 
үлгіні ғана аламыз. Өз өнерімізді қалыптауға себеп болатын көпке 
бірдей заңын, өлшеуін ғана аламыз. Солардан басқа өнердің жаны 
мен денесі боларлық бұйымның барлығын өз елімізден, өз етіміз­
ден, өз пішініміз сияқты қылып шығарамыз. Сол себепті қазақ те­
атры қазақ елінің өз театры болуға керек дейміз.      
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Өнер мен ғылымның айырмашылығы неде?
2. Ұлт пен өнер байланысы туралы не айтылған?
3. Сыртқы үлгі дегенді қалай түсінесіздер?
4. Өнердің жаны мен денесі туралы автор ойын баяндаңыздар.

102
5. Ұлт танымы, өнері бір­бірімен тығыз байланыста болуы керек деген 
ой қазіргі кезеңде қаншалықты өзекті деп ойлайсыздар?
6. «ХХІ ғасырдағы қазақ өнері» деген тақырыпта әңгіме жазыңыздар.
7. Автор тақырыптың өзектілігін қалай ашқан?
8. Мақаладағы автор қандай  ойды дәлелдеуді мақсат еткен?
9. Мақсатты ашу үшін қандай міндеттер қойылған? 
10. Негізгі ойды ашу үшін қандай деректер мен дәлелдер келтірілген?
11. Ойды тұжырымдауға қызмет еткен басты пікірлерді белгілеңіздер.
Сөз байлығы
Сөз байлығы әр адамның  лексикасындағы сөздердің мөлшері 
мен көлемімен байланысты дегенмізбен де  ең негізгісі – ой 
байлығы. Сондай­ақ тілдегі бар сөздерді бір­бірімен жалғастырып, 
қиюластырып әсем де әсерлі жеткізу айтушымен сөйлеушінің ой 
көкжиегінен де елес береді. Бір сөзге бірнеше мағына сыйғызып 
әр сөзді мән мазмұн стиль бояумен жеткізу ойлау қабілетімен 
шығармашылық сипатпен ұштасады. Сөз байлығын терең білудің 
ендігі бір жолы халық тілінің дәстүрімен әдеп ерекшеліктерін 
меңгеру. Қазақ тілі көркем әрі әсем тіл дейміз. Осындай әсемдікпен 
көркемдік тілді бүгінгі дейінгі жеткізушілердің ой қабілетінің 
тереңдігі мен қиялының шексіздігін дәлелдесе керек.
Тілде лексикалық қабаттың үнемі дамып толығып, өсіп, өзгеріп 
отыратындығын білеміз. Бұл бірнеше тәсілдермен:
– сөз тудырушы қосымшалары арқылы;
– сөз мағынасының ауысуы арқылы;
– жаңа сөздер кіру арқылы;
– басқа тілден сөздер ену арқылы жүзеге асады.
Аталған тәсілдер тілді байытатын ең негізгі әрі бастылары бо­
лып саналады. Бұдан басқа тілде сөздің өзгеруі жаңа мағынаға ие 
болуы тұрақты сөз тіркестерімен сондай­ақ бір сөздің қоғамдық 
өзгерістерге қарай жаңаруы тәсілдерін атауға болады.
Сөздің зат пен құбылыстың, сан мен сапаның т.б. мағына 
түрлерінің белгілерімен тікелей байланысып, сол жөнінде нақты 
ой тудыруын тура мағына деп атайды. Мысалы: ақ көйлек деген­
дегі ақ – қара түске қарама­қарсы заттың түсі, ал ақ жүрек деген­
дегі ақ «таза», «адал», «пәк» деген мағыналарға ауысады.

103
Ауыспалы мағына – сөз мағынасын екінші бір мағынамен ал­
мастыру, Ауыспалы мағынаның негізі тура мағынадан алынады. 
Ауыспалы мағына сөз тіркестері мен сөйлемде ғана анықталады. 
Жеке тұрғанда (тіркес, сөйлемге мүше болмаған жағдайда) сөз тек 
тура мағынада ғана болады. Қазіргі қазақ тілінің сөздік қорындағы 
сөздердің бір саласы –  басқа тілден енген сөздер. Әсіресе, араб, 
парсы, орыс және орыс тілі арқылы енген Еуропа халықтарының 
сөздері  көптеп кездеседі. Тілге сөз енудің өзі әр түрлі. Бірі ауыз­
ша ауызекі тілі арқылы кірсе, енді бірі жазба, хат  арқылы кірген. 
Мысалы: кәмпит, самаурын, жәшік т.б. сөздері ауызекі тіл арқылы 
қолданысқа түскен. Бұлардың ерекшелігі алғашқы айтылу қалпы 
жазылу ережесіне сай болады. Ал енді бір сөздер жазба тіл арқылы 
кіргендіктен, сол тілдегі нұсқасы сақталады. Мысалы: лингвисти­
ка, термин, метафора, математика, биология, т.б.
Тілімізде ислам дінінің әсерінен, ислам мәдениетінің негізінде 
кірген көптеген сөздер бар. Кейбір сөздер қазақ тіліндегі бұрыннан 
бар байырғы сөздермен синоним болады. Мысалы: әтеш – қораз, 
хат – жазу, т.б.
89-жаттығу.
1. Екі аңшы келе жатқан бөктер, шымы тұтас бетегелі төскей бо­
латын. Түн, бұлтты түн болып өтсе де, жауын жаумаған екен. Шөп 
басында тіпті шық та жоқ. Тықырлау жер мен алаңды басқанда, 
аттарының тұяғынан шаң да шығады. Кәрі аңшы екі рет оң жағына 
қадалып, Сарымсақты жаққа көз жіберіп, содан сырт айналып, 
арт жақтарында қалып бара жатқан Керегетастың да өзіне мәлім 
бөктері мен сайларын шолып өтті. Әлі айналада шаңыт па, тұман 
ба, әйтеуір көкшіл буалдыр бар. Шөбі сарғайған дала жоталар да, 
жым­жырт болған биік серек тастақ та бадырайып көрінгенмен, 
бірыңғай көкшіл қоңырқай тартып тұр. 
(М.Әуезов)
2. Қараңғы түнде тау қалғып
Қараңғы түнде тау қалғып,
Ұйқыға кетер балбырап.

104
Даланы жым­жырт дел­сал ғып,
Түн басады салбырап.
Шаң шығармас жол­дағы,
Сыбдырламас жапырақ.
Тыншығарсың сен­дағы,
Сабыр етсең азырақ. 
(Абай) 
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Табиғат суретін беретін шығармаларға ортақтық пен айырмашы­
лықтарды тілдік тәсілдердің қолдану сипатына қарай талдап көрсетіңіздер. 
2. Алғашқы үзіндідегі табиғат суреттерін берудегі нақтылық бар. Екін­
шіде көркемдеу, бейнелеу басым. Соған қарамастан табиғаттың бар суреті 
қаз­қалпында берілген. Авторлардың сөз қолданысын, көркемдеу тәсілдерін 
мәтін стилі, шығарма жанры тұрғысынан анықтаңыздар. 
90-жаттығу. Омонимдердің екінші мағынасын табыңыздар.
1 Жылқышы
1)
   Жылқышы
2) зат есім, сулы, батпақты жерде болатын,  
тұмсығы ұзын және төмен қарай кілген сұр­
ғылт түсті құс.
2. Жылымшы 1) Сын есім, жылылау жылырақ.
    Жылымшы 2)
3. Жыр
1) зат есім, ұйқаспен жазылған ән қосып ай туға 
ыңғайлы ұзақ өлең.
    Жыр
2)
4. Зерен
1) зат есім , ағаштан жасалған, қымыз
құятын сәнді, оюлы немесе өрнекті ыдыс.
    Зерен
2) 
5. Илеу
1)
    Илеу
2) зат есім, құмырсқаның ұясы.

105
6. Кедергі
1) зат есім, бөгет, тосқауыл.
    Кедергі
2)
7. Қайырма
1) зат есім, киімнің кері қайырылған, қайтары­
лып тігілген жері.
    Қайырма
2)
    Қайырма
3) зат есім, мылтықтың шаппасы орналасқан, 
жылжымалы бөлігі.
8. Қар
1)
    Қар
2) зат есім, қолдың білек пен  иық аралығы.
9. Өзек
1)
    Өзек
2) зат есім, есімдік сабағының ортасындағы 
жұм сақтау бөлік.
    Өзек
3) зат есім, жұтқыншақтан асқазанға дейінгі ас 
өтетін жол, өңеш.
10. Өлең
1) зат есім, ылғалды жерде бітік болып өсетін, 
көп жылдық шөп.
      Өлең
2)
91-жаттығу. Әр бағанды толтырып жазыңыздар.
Антоним
Синоним
Омоним
Қорғау – құрту, 
жою
табиғат – жара­
тылыс
әлем
лас –
адамзат –
бас –
байланыс – 
дағдарыс –
түрлі­түсті
дұрыс –
дүние  –
өңір –
болашақ –
қорғау  –
өзек –
азаю –
борыш –
оң –
Минералды'>92-жаттығу.
Минералды заттар ағзаның барлық тканьдарының құрамына 
еніп, оның тіршілік қызметінің үдерісінде ұдайы жұмсалып от­

106
ырады. Минерал заттарының негізі (олардың біразы ауыз су­
ында болады) тамақ құрамында минералды тұздар түрінде бо­
лады. Адам тәулігіне минералды тұздарды әртүрлі қажетсінеді. 
Егер де кісіге натрий, калий, фосфор және кальций тұздарынан 
тәулігіне граммен есептелетін мөлшер, йод жөніндегі қажетсінуі 
милли және микрограммен есептеледі. Адам көп қажет етпейтін 
химиялық элементтер микроэлементтер деп аталады.
Қазіргі заманғы ғылымның мәліметі бойынша 30 микроэле­
мент тіршілікке қажетті деп саналады. Олар организмге әр түрлі 
биологиялық қосындылардың, оның ішінде фермент, гормон
витаминдер құрамына еніп, ағза тіршілігіне. Ағзада керекті 
минералды тұздар әдетте, әртүрлі тамақтың болуымен толық 
қамтамасыз етіледі («Шаңырақ» энциклопедиясынан).
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Мәтіндегі басқа тілден енген сөздерді тауып, қай тілдерге қатысты 
екенін көрсетіңіздер.
2. Қазақ тіліндегі айтылуында өзгешелік бар ма?
93-жаттығу. 
Адам екі түрлі
Бір адам бар: өрік, мейіз ағашы сықылды,
Жемісінен дүниежүзі баһра алады.
Бір адам бар терек ағашы сықылды,
Отқа отын болғаннан басқаға жарамайды.
Бісімілла – сөздің басы, хақтың аты,
Молланың ақ қағазда қалар хаты.
Нақылият, қара сөзден өлең қылып,
Шығарған ақын Мәшһүр хиқаяты.
Жақсылық, қайыр, ихсан қылған ісі,
Адамның қымбат баһа сол жұмысы.

107
Табылмас көзге тотия, ем дәрідей,
Қолынан әр жақсылық келген кісі.
Қайырсыз болсаң бәхил, болдың Терек,
Басқаға бір отыннан қылмас керек.
Жақсыдан жақсының да парқы бөлек,
Даналар біледі ойлап, ақыл зерек.
Құдайым пендесіне берген малды, 
Жаратқан әр түрлі қып жүрген жанды.
Ғибадат, қанша қылған құлшылықтан,
Қайыр ғып берген артық жалғыз нанды. 
(М.­Ж. Көпейұлы)
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Өлең не туралы?
2. Ақын адам мінезін қандай жеміс ағаштарына теңейді?
3. Баһра, хақ, нақылият, хикаят, ихсан, баһа, тотия, бәһил қазіргі 
қазақ тілінде сирек кездесетін, басқа тілден енген сөздер екенін есте сақ­
таңыздар.
4. Осы сөздердің мағынасын сөздікті пайдалана отырып анықтаңыздар.
94-жаттығу. 
Сәукеле – әйелдің бас киімі, оны ұзатылған қыздар және оның 
жанына еріп жүретін құрбылар киген. Сәукеленің негізгі бөліктері 
– тәж, төбе, құлақ бау және артқы бойы. Сәукеленің төбесі қиық 
конус тәрізді болып келеді. Оның асыл тас, алтын, күміс, ме руерт, 
маржанмен өрнектейді, биіктігі екі сүйем, кейде одан да биік бо­
лады. Сәукелені өлшеп пішіп алып, ішіне астар, сырт жағына 
бидай шүберек ұстап жиі етіп сыриды. Одан соң оның сыртын 
қамқа, дұрия, торғын сияқты асыл матамен тыстайды. Сәукелені 
әшекейлеу үшін оның тысының сыртынан зер жіптен тоқылған 
оқаларды  белдеулеп басады. Оның етегін мақпалмен не қара 
барқытпен әдіптеп көмкереді. Ал маңдай тұсына зер не жібек 
шашақтың шоқтарын тағады. Шашақтың сәукелеге жалғасқан 

108
тұсын асыл тастан көз орнатқан алтын, күміс түйреуіштермен 
бекітеді. Сәукеленің ең сыртынан шашақты, әшекейлі жібек ма­
тамен төгілтіп жауып қояды. Ол көйлектің етегі сияқты жерге 
сүйретіліп жүреді. Сәукелеге ұзын құлақ бау тағады. Оны шеті 
шыр айналдыра зер не жібек жіппен шалып көмкеріледі, түбіне 
сәнді түйреуіш түйреледі.
Қазіргі кезде де кейбір жерлерде қалыңдықтың басына сәукеле 
кигізіп, ақ желек жабатындар де кездеседі. 
(«Шаңырақ» энциклопедиясы)
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Тәж деген не? Оның пайдаланушыларға қарай мағыналық реңктері 
қалай өзгереді?
2. Құлақ бау, меруерт, маржан, әшекейлеу, сүйем, бидай,  шүберек, 
зер жіп, оқа сияқты сөздерінің, сөз тіркестерінің мағынасын айтыңыздар
3. Қазақтың ұлттық киімдері тігілетін мата аттарын дәптерлеріңізге жа­
зып, қатарын толықтырыңыздар: пүліш, масаты, жібек, шағи, қамқа, 
дүрия, мақпал, торғын, шыт, бөз т.б.
4. Мына сөздердің құрамына назар аударыңыздар: тәж, лаж, баж, мыж-
мыж, құж-құж. Қандай ерекшелік байқадыңдар. Сөздердің мағынасын 
анықтап, сөйлем құраңыздар.
95-жаттығу. Ғ. Мүсіреповтің «Әдебиет, тіл жайында» мақаласынан 
алынған сөздерді оқыңыздар. Қазір көп қолданылмайтын сөздерді көшіріп, 
сөйлеуде қолданыңыздар (Ғ. Мүсірепов «Әдебиет, тіл жайында» «Ана тілі», 
2002 жыл, 24 қаңтар). Сөздерді, беретін мағыналарын оқып, қазіргі тілде 
қайсысы қолданыста бар екенін анықтаңыздар.
Мезе – көздің қиығы.
Жанақ – беттің томпағы.
Мілік – тістің еті.
Өң – маңдайдан иекке дейінгі қарсы алдың – бетің.
Еңсе – желке мен жауырын арасы.
Деңгей – қол жатқан (әскер) жердің белгісі.

109
Сөз байытудағы қосымшалар орны
Қазақ тілі жалғамалы (агглютинативті) тілдер қатарына жата­
ды. Тіліміздегі сөз жасаудың ең өнімді тәсілі қосымшалар арқылы 
жүзеге асады. Қоғамның ғылым мен техниканың дамыған кезінде 
тілімізге еніп жатқан көптеген ұғымдар мен атауларға қазақ тілінен 
балама табуда сөз тудырушы қосымшалардың атқаратын қызметі 
ерекше.  Қазіргі қазақ тілінде көптеген қосымшалар тілде жаңа сөз 
жасайтын қызметті атқарады. Мысалы: ­шы, ­ші, ­ лық, ­лік, ­лы,­ лі 
қосымшалары қазақ тілінің байырғы сөздерінің құрамынан ғана та­
былып қоймай, орыс тілінен енген сөздерге де жалғанып, жаңа сөз 
жасай алады. Мысалы: футболшы, аграрлық, инженерлік, техника­
лы т.б.  Қосымшалардың сөзге жалғануының, жаңа сөз жасауының 
өзіндік заңдылықтары бар. Кез келген сөзге зат есім тудыратын 
қосымшалар жалғаса бермейді немесе  басқа сөз таптарына тиісті 
жұрнақ жалғап жаңа сөз жасай алмаймыз. Тіл мәдениетінде еске­
ретін нәрсе қосымшалардың да атқаратын қызметін ескерумен бір­
ге өзі жалғанған сөзге үстемелейтін лексикалық мағынасының бар 
екендігі ұмытылмау қажет. Қосымшалар өзі жалғанған сөздерге 
жаңа мағына үстейді немесе бүтіндей мағынаны өзгертеді. Жұрнақ 
арқылы жасалған жаңа сөз әдеби тілдің нормасына айнала беруі 
де шарт емес. Бірқатар сөздер әлеуметтік­тұрмыстық қолданыста 
жұмсалса, келесі бір сөздер термин ретінде айналысқа түседі. 
Қосымшалардың сөз жасаудағы қызметі тілдік талғам, күнделікті 
қолданыстағы  қажеттілік,  жұмсалу  жиілігі,  лингвисткалық 
заңдылықтар, ұлттық танымның шеңберінде жұмсалуы керек.
96-жаттығу. Төмендегі сөздерді кестеге толтырыңыздар.
Күнбағыс, тас жол, балмұздақ, он тоғыз, ТМД, БҰҰ, ақсұр, 
ата­ана, тасбақа, кемпірауыз, жиырма, бала­шаға, жеміс, алма, 
Көкшетау, Қызылорда, әкел, әпер, түрегел, сөйт, бүйт, бүгін, 
сәйгүлік, ААҚ, ЖШС, қаламұш, қарлығаш, кәсіпорын, өндіріс, 
аққала, құмырсқа, сарт­сұрт, әке­шеше, БЭК, ҰБТ, қыз­келіншек, 
ата, бала, құрт­құмырсқа, ауыл шаруашылығы, қара ала, сары май, 
бағдаршам.

110
Сөздер дара Күрделі сөздер
біріккен
кіріккен қос
тіркес
қысқарған
жеміс
балмұздақ сөйт
ата­ана тас жол ТМД
97-жаттығу. Сөздерге жұрнақ жалғап туынды етістік жасаңыздар.
Әңгіме, сыр,  адал, кеш, қысқа, түн, тіс, шеге, тең, бір, мол, көп, 
бөс, ойын, ара, көр, аз, жаса, ой, аман, таза.
98-жаттығу. Тиісті жұрнақ жалғап, туынды сын есім жасаңыздар. 
Сез, байқа, тап, жүз, біл, сен, әсер, тек, тау, талап, әдеп, ажар, 
аймақ, сүт, математика, республика, қала, дәм, күш, жаңбыр, қар, 
бұлт, бала, мұрт, көл, компьютер, инженер, өндіріс.
99-жаттығу
1. Өнер алды – қызыл тіл.
2. Сөз тапқанға қолқа жоқ.
3. Шебердің қолы ортақ.
Шешеннің тілі ортақ.
4. Сөз бас жарады, бас жармаса, тас жарады.
5. Басқа пәле тілден.
6. Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.
7. Көз жетпеген жерге сөз жетеді.
8. Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі.
9. Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді.
10. Сөз атасы – құлақ, жол атасы – тұяқ, су атасы – бұлақ. 
Сұрақтар мен тапсырмалар
1.  Берілген мақал­мәтелдерден септік жалғауларды көрсетіп, қай сеп­
тік екенін анықтаңыздар. Септік жалғауларының сөз мағынасын ауыстыру 
қызметіне назар аударыңыздар.

111
2. Ана тілі, тіл өнері жайындағы мақал­мәтелдердің мағынасын ашып 
айтыңыздар.
3. Қарамен жазылған сөздердің, сөз тіркестерінің лексикалық мағынасын 
беріңіздер.
Тапсырмаларды орындаудың үлгілері
Тапқанға – барыс септік жалғауы.
Сөз өнері –  барлық өнердің бастауы, негізі.
Қолқа – тілек, сұрау, сұрақ мағынасында
100-жаттығу. 
Аққасқаның бойы қасқырдан кіші емес. Аяқтарының жуандық 
сандығы да содан кем емес. Өзінің барлық тұлғасында қасқырға 
ұқсайтын бітім бар. Түсі тазылар түсіндей емес, қасқыр түс. Дене 
жүні ақ сарылау келген де, маңдайы шаңқиған ақ шаңғыл қасқа 
болатын. Екі көзі шатынап шарасынан шығып тұрғандай үлкен. 
Үнемі от шашып тұратын қып­қызыл көз. Ашу да, ерлік те бір 
өзінде Аққасқа өте қабаған, сіркесі су көтермейтін долы, ызалы. 
Сондықтан ауылға келгенде шынжырдан босамайды. Далаға алып 
шығып, аңның ізіне салғанша, жә қарасын көрсеткенше ұзын кен­
дірден босамайды. Әйтпесе жолда кез келген иттерге де соқтыға 
береді.
... Жотасы күдірейген, құйрығы шоп­шолақ, бойы тау басын­
да тайдай көрінді. 
(М. Әуезов)
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Аққасқаны суреттеңіздер.
2. Туынды сын есімдерді теріп жазыңыздар. Оларды құрамына қарай 
талдаңыздар.
101-жаттығу. Төмендегі жұрнақтармен жаңа сөз жасаңыздар
1. ­ма, ­ме, ­ ба, ­бе, па, ­пе:
2. ­қын, ­кін, ­ғын, ­гін:

112
3. ­ынды, ­інді, ­нды, ­нді:
4. ­ын, ­ін, ­н:
5. ­мақ, ­мек, ­бақ, ­бек, ­пақ, ­пек:
6. ­ақ, ­ек, ­қ,­к,­ ық, ­ік:
7. ­қы, ­кі,­ғы, ­гі:
8. ­у:
9. ­ым, ­ім, ­м:
10. ­ыс, ­іс, ­с:
11. ­қыш, ­ кіш, ­ғыш, ­гіш:
12. ­ыш, ­іш: 
Сөз байлығы
102-жаттығу.  Көп  нүктенің  орына  қажетті  сөздерді  тауып  қойы­
ңыздар.
1. Сабырлы сақтанып ...
Сабырсыз мақтанып,
Сапырыстырып ақтарып...
4. Орақты ора ...
Қалыңды кесерсің.
Сөзіңді сөйлей ...
Жолыңды кесерсің.
2. Жол жайын ...
...
Сөзді асығып сөйлеме ...
Білгеннен ...
5. Тамақты асығып ішпе ...
Жүргеннен ...
Сөз жайын ...
3. Қалың ұста ... 
Сөзің қысқа ...
Ойланып ал, ...
6. Аз сөз ...
Көп сөз.
7. Аңғал сөйлеп ...
Сөз әдебі
Сұхбаттасуда немесе әңгімелесу кезінде де біздің мәдениетіміз 
бен тәрбиеміз де байқалады. Әңгімелесушілердің ізетпен, бір­біріне 

113
құрметпен, көңілге келер сөздерді ауызға алмай, тәрбие шеңберінен 
шықпай сөйлесуі әдептіліктің белгісі болса, тыңдаушының сөзді 
бөлмей, ынта қойып аяғына дейін тыңдай білуі де – мәдениеттілік. 
Адамдардың бір­бірімен араласатын күнделікті тұрмысында түрлі 
жағдайлар болуы мүмкін. Бірі үлкен қуанышпен ішкі сезімін жасы­
ра алмай  бұл­бұл жанады.  Бірінің көңілі түсіп, жан дүниесі алай­
дүлей күй кешеді. Осындай сезімдерді ашатын тілде сөздер мен сөз 
тіркестері көп. Мысалы: «құтты болсын», «ұзағынан сүйіндірсін», 
«жолы болсын», «ештеңе етпес», «бір реніштің бір қуанышы бар», 
«ұзағынан жазсын» т.б. тіркестер түрлі жағдайларға байланыс­
ты айтылады. Осындай сөздер бір­бірімізді дұрыс түсінісуімізге, 
сыйласуымызға ықпал етеді. Ұлттық  тілімізде жасы үлкен адам­
дарды атымен атамай, аға, апай, әпке, ата, әже деу, қатарластарды 
құрдас, құрбы, замандас, жолдас деу де – ізеттілік. Маратты – 
Мәке, Саматты – Сәке, Қанатты – Кәке деп құрметтеу де салт­
дәстүріміздің де бағалы тұсы.
Мереке, мейрам, қуанышты күнмен құттықтай білу де – ізет­
тілік. Құттықтау тілінің өзіне тән сөз орамдары мен сөз тіркестері 
бар. Құттықтау тілінде мақтау, мадақтау, көңіл көтеру (компли­
мент) сөздері қолданылады.
Мақтау – айтушының тура қарап, шын ниеттен айтқаны дауыс 
мәнерінен де байқалып тұрса, таза көңілмен шыққаны сенімді бо­
лады. Көңіл көтеру лебізі (комплимент) – әңгімелесушінің мінезіне, 
адам қарым­қатынас мәнеріне, сыртқы түріне, біліміне адал шы­
найы ықыласпен берілген баға. Сөз әдебі, адамдық мәдениетті 
сақтау дегеніміз – орнымен сөйлеп, орнықты жауап беру. Сөйлеуде, 
жазуда жаргон, дисфемизм, былапыт сөздерді есту кімге бол­
сын, жеңіл тимесі анық. Ендеше оларды қолданыстан мүлдем 
шығарып тастаған жөн. Сөйлеу мен жазуда ойды жеткізуге сы­
пайы сөздерді таңдап алып, жұмсақ сөйлеген адам жеңетіні белгілі. 
Келісімге келуге тырысу керек, егер әңгімелесуші тарапынан он­
дай ниет байқалмаса, әңгіме тақырыбын өзгертуге болады. Әңгіме, 
сұхбат ауаны, тақырыбы өзгермеген жағдайда да, әркім өз пікірінде 
қалып, әңгімелесушімен достық қатынасты сақтаған дұрыс.

114
102-жаттығу.  Үшінші  бөліктің  қарсы  жағына  бірнеше  нұсқа  жа­
зыңдар.
Әңгімелесушінің көзқарасын, 
ойын білу
асықпай тыңдау
Дәлелін басқалармен 
салыстыру
жете зерттеу
Шешім табу
талдау, талқылау
Өз шешімін айту
қолдау не қарсылығын білдіру

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет