Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


 Қазақстандағы көлiк қаты насының да-



Pdf көрінісі
бет126/181
Дата25.09.2022
өлшемі7,96 Mb.
#40160
түріОқулық
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   181
Байланысты:
8-СЫНЫП АТАМҰРА

8. Қазақстандағы көлiк қаты насының да-
муы. Бiз сөз етiп отыр ған кезеңде Қазақстанда 
кәдiмгi далалық қара жолмен қатар, су жолы, 
темiржол қатынастары да дами бастады. Ол 
кезде тасжолдар әлi са лына қойған жоқ едi. 
Сауда және қатынас жолдары Қазақстанның
қай түкпiрiн болса да айқыш-ұйқыш шар-
лап жатты. Кү ре жолдардағы қатынас ат 
жегiлген, кейiн нен түйе жегiлген көлiктермен 
жүзеге асырылды. Ол көлiктiң түрлерi 
таран-
тас, шыбықтан тоқыл ған қорап күйме, екi 
дөңгелектi ағаш арба және кәдiмгi төрт дөңгелектi жүк арбасы болатын. 
Ертiсте су жолы қалыптасты. Ал ғаш қыда ол әскери мiндеттер атқару 
мақ саттарын көздеген едi, кейiнiрек Қа зақстан шаруашылық тұрғысынан 
отарланып болған соң бейбiт сипат алды, сондықтан сау да-саттықты да-
мы туға пайдаланылды. 1862 жылы Ом быдан Семейге алғашқы пароход 
са пар ға шықты. ХIХ–ХХ ғасырлар ше бiнде Семей мен Тобыл арасында 
осындай 40-қа жу ық пароход қатынас жасады. Па-
роходтар Түмен қаласында жасалып, құрастырылды. 
Пароходпен тасылатын негiзгi тауарлар таскөмiр, 
астық, тұз, көкөнiс және мал өнiмдерi болды. Өзен-
мен жүк та су үшiн кәдiмгi салдар да пайдаланылды. 
Олар Ер тiстiң бас жа ғынан Омбыға дейiн жiберiлдi. 
Сал арқылы қауын-қарбыз, жарма өнiм дерi, балық, 
бал, қарағай жаң ғағы, тұз, әк, алебастр және жоса 
Жәрмеңкелердің қазақ қоғамына 
тигізген әсерін талдаңдар.
Жәрмеңкелер-
дің пайдасы
Жәрмеңкелердің 
тиімсіз тұстары
Н. Г. Хлудов. Пошта тасушы
анықта!
Бүгінгі таңда Қазақ-
стан қандай елдер-
мен теңіз жолы бо-
йынша сауда қаты-
насын жасайды?
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


151
(жер бояуы) тасымалданды. Ертiстен басқа өзендерде әсi ресе Жа йықта, 
пароходтардың жүзуiне балық қорын сақтау мақсатымен тыйым салын-
ды. Ал бiрқатар өзендер мен көлдердiң таяз болуы салдарынан оларда 
пароходтарды пайдалану кеңiнен өрiс ала алған жоқ.
Теңiзде жүзу тек Каспийде ғана кең тарады. Онда Гурьев пен Аст -
рахан арасында пароходтар қатынап тұрды. Өндiрiс пен сауданың, қала 
құрылысының дамуына байланысты елде 
банк iсi де қалыптаса баста ды. 
1871 жылы Петропавловскiде Қазақстандағы тұңғыш қоғамдық банк 
ашылды. Сiбiр сауда банкiнiң бөлiмшелерi бiртiндеп Семей, Верный, 
Ақмола, Қостанай және Павлодар қалаларында да ашыла бастады. ХХ 
ғасырдың басында жергiлiктi тұрғындардың банкiдегi салымдары 300 
мың рубльге жеттi. 
?
1. Қазақ жерінде сауда түрінің қайсысына ерекше басымдық берілді деп ойлайсың?
1.
Ел аралайтын сауда
Себебі ...
2.
Тұрақты сауда
Себебі ...
3. 
Жәрмеңкелік сауда
Себебі ...
2. Сауда керуені, жәрмеңкелік сауда көрінісін сурет арқылы бейнелеп көр.
3. Интернет материалдарын пайдаланып, жолдардың бұрын және қазір қалай
салынатыны, технологиялық жетістіктер туралы айтып беріңдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет