Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


§47–48. Бүгінгі сабағымызда Ш. Уәлиханов ғылыми зерттеулерінің тарихи құнды- лығын анықтаймыз. ШОҚАН уӘлиХАНОВ – ҚАЗАҚТың АСА КөрНЕКТI



Pdf көрінісі
бет149/181
Дата25.09.2022
өлшемі7,96 Mb.
#40160
түріОқулық
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   181
Байланысты:
8-СЫНЫП АТАМҰРА

§47–48.
Бүгінгі сабағымызда Ш. Уәлиханов ғылыми зерттеулерінің тарихи құнды-
лығын анықтаймыз.
ШОҚАН уӘлиХАНОВ – ҚАЗАҚТың АСА КөрНЕКТI 
ғАлыМы ӘрI АғАрТуШыСы
Қазақ халқының аса көрнектi ғалымдары мен ағар ту шыла ры ның 
бiрi Шоқан Шыңғыс ұлы Уәлиханов болды.
1. Шоқанның жастық шағы. Шоқан Уә лиханов 1835 
жылы 
Құс мұ рын бекiнi сiнде дү ние ге келген. Оның шын 
аты Мұхамед ханафия, еркелетіп Шоқан деп атаған. 
Шоқанның балалық шағы табиғаты көркем Құс мұрын 
мен Сы рымбетте өттi. 
Шоқанның ата-бабалары атақты сұлтандар әулетiне 
жатады. Оның арғы бабасы Абылай хан айбынды қазақ 
билеушiлерiнiң бiрi болды. Ал атасы Уәли патша үкiметi ресми түрде бе -
кiткен қазақтың соңғы ха ны едi. Әкесi Шыңғыс Омбы әскери учи лищесiн 
бiтiрген, Көкшетау сыртқы окру гi нiң аға сұлтаны 
лауазымды қызметiн ат қар ған. 
Шоқанның анасы жағынан туыс наға шы ла ры да 
осал емес – Баян ауыл өлкесiн дегi атақ ты 
Шорманов-
тар әулетi болатын. Ол бала кезiнен бiлiмге бейiм 
әрi құ мар болған. Шоқан тарихи аңыз әңгi мелерге 
ерте бастан-ақ қызыққан. Ол жастайынан дана гөй 
билердiң әңгiмелерiн, ақындардың өлең-жыр ларын 
зор ықыласпен тыңдап өстi. Оған тәр бие беруде сұлтан 
әулетiнен шыққан әжесi Айғанымның ықпалы күштi 
болды. Ол жас Шоқанға ежелгi қазақ аңыздарын, 
мақал-мәтелдерi мен даналық сөздерiн жиi айтып 
отыратын. Шоқан Құсмұрындағы мектеп те оқып, ислам дiнi iлiмiмен 
танысты. Араб, парсы, шағатай тiлдерiнiң негiзiн үйренiп алды. 
Ол сурет салуды да ерте меңгердi. Бұл өнердi оған 
орыс сурет шi лерi, топографтары мен геодезистерi үйрет-
тi. Олар Уәлихановтардың отбасында жиi болып тұра-
тын. Болашақ ғалымның дүниеге көзқара сының қалып-
тасуына жиi-жиi қонаққа келiп тұратын орыс зиялылары 
мен зерттеушілері де ықпал еттi. Олар бәрiн бiлуге құмар жас баланың 
бойында ғылым ға, әдебиет пен өнерге деген құштарлықты күшейте түстi.
тірек сөздер:
• Декабристер
• Кадет корпусы
• Қашғарияға
сапар
Шоқан Уәлиханов
Ш. Уәлихановтың 
азаматтық тұлға сына 
сызба жасаңдар.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


176
Шоқан жас кезiнен халық ауыз әдебиетiнiң үлгiлерiне ерекше ден
қойды. Ол бала кезiнiң өзiнде «Қозы Көрпеш–Баян сұлу», «Ер Көк ше» 
сияқты басқа да дастандардың бiрнеше нұсқасын жазып алды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет