Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы



Pdf көрінісі
бет69/181
Дата25.09.2022
өлшемі7,96 Mb.
#40160
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   181
Байланысты:
8-СЫНЫП АТАМҰРА

2. Көтерiлiстiң барысы. 1836 жылы халық 
көтерiлiсi басталды. Оның қозғаушы күшi қатардағы 
бақташы қазақтар болды. Көтерiлiс туының астына 
бiрқатар стар шындар да жиналды. Сұлтандар тобы 
мұның ақы ры не болар екен деп, әлiптiң артын 
ба ғып, бейтарап қалды неме се көтерiлiсшiлерге 
қарсы шықты.
Халық көтерiлiсiн елге белгiлi батырлар Исатай 
Тайман ұлы (1791–1838) мен Махамбет Өтемiсұлы 
(1803–1846) басқарды. 
Исатай Тайманұлы 1791 жылы дүниеге келген. 1808 жылы Жа йық-
тың сол жа ғалауында қатты ашаршылық болған кезде оның руы қолайлы 
жағдай iздеп, Iшкi Ордаға өтiп кетуге мәжбүр болған едi. Иса тай 21 жа -
сында өз руына старшын болып тағайын далады. Ол өз қандастарының 
арасында орасан зор бедел мен сый-құрметке бөлендi.
Исатай Тайманұлының ең жақын серiгi ақын 
Махамбет Өтемiс ұлы болды. Ол араб, татар және 
орыс тiлдерiн жақсы бiлетiн. Бiраз уақыт Орынбор 
қаласында тұрған. Махамбет Өтемiсұлы белгiлi орыс 
жазушысы әрi этнографы 
В.И. Дальмен жақсы таныс еді. В.и. даль 
Орынбор генерал-губернаторының жанындағы ерекше тапсырмалар 
жөнiндегi шенеунiк қызметiн атқаратын. Махамбет саяхатшы ғалым 
Г.С. Карелинмен де тығыз қарым-қатынас жасап тұрған. Г.С. Карелин 
әр кездерi Iшкi Ордада және Орынборда қызмет iстеген болатын. 
1836 жылғы ақпанда көтерiлiсшiлер Жәңгiр ханға қарсы ашықтан-
ашық шабуылға шықты. Мұның басты себебi Исатай Тайман ұлының Хан 
ордасына қыр көрсетуi болды. Ол ханның шақыруына ба рудан үзiлдi-
кесiлдi бас тартты. Оның үстiне, өзiне қарасты ауылдарды қыстаудан 
көшiрiп алып, көтерiлiсшiлердiң үлкен жасағын топтастырды.
1836 және 1837 жылдары шағым мен өтініш беру арқылы Иса тай 
Тайманұлы Жәңгiр хан және оның төңiрегiндегi жан дай шаптар ды
қалың көпшiлiктiң көз алдында әшкерелемек бол ды. Шағым-өтініш 
жол дау жап пай наразылыққа ұласты. Бұ ған 1836 жылы өте көп адам 
қатысты. 
Исатай батыр халық қалың жиналған То лы бай шатқалында өз өтi-
нiшiн табыс еттi. Халық қаһарынан сескенген Жәңгiр хан оның ай т қан 
талаптарын түгел тыңдап шығып, қордаланып қалған мәселелерді шешуге 
уәде бердi.
Махамбет Өтемiсұлы
Көтеріліс басшылары-
на кластер жасаңдар.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


83
1836 жылдың күзiнде Исатай Тайманұлы әртүрлi 
рулардың ауылдарын аралап жүрiп, Жайық казак 
әскерлерiнiң иемденiп отырған жер лерiн өз беттерiнше 
тартып алуға шақырды. Көтерiлiс көсемiнiң ха лық 
арасындағы беделi мен абыройы күн санап арта бердi. 
Кө те рi лiсшi лер хан жасағына есеңгiрете тойтарыс бердi. Ханның төңi-
ре гiн дегi жан дайшаптардың бiрi би Балқы Құдайбергенұлы көтерілісті 
бастаған қазақтарға шабуыл жасады. 
Исатай шабуыл жасағандарды жазалау үшiн 
құрамында 270 сарбазы бар қарулы жасақты 
жұмсады. Олар әлгi бидiң ауылын шауып, толық 
күйзелтiп кеттi.
Ендi кө терiлiс аумағының шегарасы кеңейе 
түстi. Көтерілiс шiлердiң қа тары да ұдайы арта 
бердi. Көтерiлiс ауқымынан қауiп тенген Орын бор 
шегара комиссиясы Исатай Тайманұлын ұстап 
алып, iсiн сотта қарауға тапсырма бередi. Бұған қарсы генерал-губернатор 
В.А. Перовскийге көтерiлiсшiлердiң басшысы шағым жасады. 
Исатай батыр оған жолданған өтiнiш-шағымында былай деп жаз ды: 
«Бiздiң өтiнiштерiмiз бен шағымдарымызға ешкiм де құлақ аспайды.
Бiздiң мал-мүлкiмiздi талан-таражға салып, тонап кетедi. Сөйтiп, бiз 
император тақсырдың қол астына адал ниетпен берiл ген дiгiмiз жөнiнде 
ант қабылдаған бола тұрсақ та, күн сайын қорқы нышты үрей кешемiз».
1837 жылдың жазы мен күзiнде көтерiлiсшiлер iрi байлардың 
ауылдарына шабуылды күшейттi. Сол жылы күзде құрамында 200 сар-
базы бар жасақ Қарауылқожа Бабажанұлының ауылын шауып, күл-
талқан етiп кеттi. Елу адам, соның iшiнде екі сұлтан тұтқынға алынды. 
Көтерiлiсшiлердiң елеулi күшi бiрте-бiрте Хан ордасына жақын дап келе 
жатты. Көтерiлiсшiлер Жәңгiр ханды жақтаушылардың мал-мүлкi мен 
шұрайлы жайылымдарын басып алумен болды.
Көтерiлiсшiлер Астрахан губерниясы Чернояр уезiнiң аумағын да ба-
сып өттi. Олар қалмақтар және татарлар дың ауылдарына ша буыл жасап, 
талқандап кеттi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет