Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


 Қоқанға қарсы әскери науқанның басталуы



Pdf көрінісі
бет93/181
Дата25.09.2022
өлшемі7,96 Mb.
#40160
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   181
Байланысты:
8-СЫНЫП АТАМҰРА

4. Қоқанға қарсы әскери науқанның басталуы. Ресей им перия сының 
Ұлы жүздiң және Солтүстiк Қырғызстанның шегарасы ай мағында 1859 
жылы салған Қастек бекiнiсi осы өлкедегi стра те гия лық маңызы күштi 
орынға айналды. Ресейдiң Шу аңғары ар қылы бас талған әскери iс-қи-
мылдары әскери бекiнiстерді басып алуға ба ғытталды. 
1860 жылы полковник Циммерман бастаған әскер Шу 
аң ғарына келiп кiрдi. Қоқан хандығының 
Тоқмақ және 
Пiшпек бе кi нiстерiн басып алды. Пiшпек Қоқан ханды-
ғының негiзгi орта лық тарының бiрi болатын.
Ташкентте жалпы саны 20 мың адамға жететiн әскер құрылды, 
оның 40 зеңбiрегi болды. Қоқан әскерi Таш кенттi қорғап тұрды.
Ал пол ков ник Колпа ков скийдiң Верный маңындағы әскерінде бiр мыңға 
жуық адам болды.
1860 жылы 
қазанда 
Ұзынағаш бекiнiсi түбiнде шешушi шай қас өттi. 
Қоқандықтар әскер са ны жағы нан әлдеқайда басым бо ла тұрса да тас-
талқан болып жеңiл дi. 
Патша үкіметінің 
стратегиялық 
міндеттеріне тағы 
не қосуға болады?
Салынған бекініс-
терге сипаттама 
жасаңдар.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


109
Қоқан хандығының адам саны аз орыс әскерінен 
ойсырай же ңi луiнiң өзiндiк себептерi бар болатын. 
Ресей әскері қару-жарағы жа ғынан қоқандықтардан 
жақсы жа рақтандырылған едi. Көп жылдар бойы 
соғыс қимылдарын жүргi зiп, мол тәжiрибе жинақ-
та ды. Тұрақты әрi жауынгерлiк қабiлетi күш-
тi орыс әс ке ріне қарсы қоқандықтардың нашар 
қаруланған, әскери әзiрлiгi жет кiлiксiз, әртүрлi 
халықтардың өкiлдерiнен құрал ған халық жасағы 
қарсы тұрған едi.
1864 жылы Ресей әскерлерi 
Меркi әскери бекiнiсiн қарсылықсыз басып 
алды, одан кейiн
 Әулиеата, Шымкент, Түркiстан қалаларына шабуыл 
жасады. 
Қазақстанның оңтүстiгiнде жаңадан құрылған Түркiстан аймағы ның 
әскери губернаторы генерал-майор Черняев Қоқан мен Бұхар хан дарының 
Ташкентке ие болу үшiн жүргiзiлген өзара шие ле нiс тi күресiн пайдалана 
білді. 1865 жылы Ташкентті Ресей әскері ба сып алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет