Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


ХIХ ғасырдағы сауда сипатының өзгеруi



Pdf көрінісі
бет121/181
Дата06.07.2022
өлшемі7,89 Mb.
#37526
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   181
Байланысты:
Тарих 8(7)

2. ХIХ ғасырдағы сауда сипатының өзгеруi. 
Егер ХVIII ғасырда қа зақтармен еркiн сауда-саттық 
негiзiнен шегара шебiне таяу бе кi нiстерде жүргiзi лiп 
келген болса, ендi ХIХ ғасырда оның сипаты мүл -
де өзгердi. Олар әкiмшiлiк реформаларының жүр-
гiзiлуiмен, сондай-ақ қоныс аударушы шаруалар арқылы отарлау әрекет-
те рiмен байланысты болды. Сауда орталықтары бiрте-бiрте Қазақстан ның 
iшкi аудандарына қарай ойысты. Олар округ орталықтарына, қоныс 
аударушы шаруалардың елдi мекендерiне және жаңа қалалар ға қарай 
жақындай түстi.
Бұрын сауда-саттықтың басты орталықтары 
Орынбор, Троицк, Пет -
ропавл, Преснегорьков, Омбы, Семей және Орал бекiнiс қа мал дары болып 
келген едi. Ал ХIХ ғасырдың 20-жылдарынан бастап, округтiк приказдар 
да сауда орталықтарына айнала бастады. 
Ресейдiң қазақтармен сауда-саттығы негiзi нен 
татар көпестерi мен приказчиктерiнiң көмегiмен 
жүр гiзiлдi. Олар қазақ және орыс тiл дерiн жақсы 
бiлетiн едi. Ресей көпестерi қазақтардан мал және мал 
өнiмдерiн сатып алды. Ал дала тұрғындары ресейлiк 
кө пестерден шұға мен бөз маталар, тоқыма кенептер, 
өңделген былғары, темiрден жасалған бұйымдар, шай, қант, темекi және 
ағаштан жасалған ыдыс-аяқ сияқты тауарлар сатып алатын. Сондай-ақ 
қазақтардың мал ем деуге қажеттi дәрi-дәрмектерге деген сұранысы да 
күштi болды.
ХIХ ғасырдың бiрiншi жартысында Ресейдiң 
қа зақтармен сауда сының басым көпшiлiгi тепе-тең 
баламасыз айырбас түрiнде жүрдi. Бар лық нәрсенiң 
бiрдей баламасы қой (iсек) болды. Ре сей көпестерi 
түкке тұрмайтын арзан өнеркәсiп бұйымдарын баға-
лы мал өнiмдерi мен шикiзаттарға айырбастап, шаш 
етектен пай да тапты. Мәселен, Iрбiт жәрмеңкесiнде 2 сом 70 тиыннан 
сатып алын ған қазандар мұндағы қазаққа 50 сомға сатылды.
Көпестер Қазақстанға сапасыз бұйымдарын шығарды. Өсiм қор лық 
операциялары да кеңiнен етек алды. Онымен көпестер де, казак тар да 
айналысты. Олар қазақтарға өз өнiмдерiн малмен төленетiн етiп бердi, 
оның пайыздық өсiмiн де мал басымен алып отырды.
картамен жұмыс
Картадан ірі қала-
ларды көрсетіп, 
олардың Қазақ-
станның қай айма-
ғында көп орна лас-
қанын анық таңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет