163
сазгердiң бiз дiң заманымызға дейiн 40-қа жуық
күйi жеттi.
Қазақтың ХIХ ғасырдағы ас пап тық му зыкасына
қомақты үлес қосқан сазгер-күйшi
Тәт тiм бет
Қазанғапұлы (1815–1862) Қар қа ралы өл ке сiн-
де дүниеге келген. Қарқаралы сырт қы ок ругi
Нұр бике-Шаншар болысында болыстық қызмет
те атқар ды. Ресей импе раторы II Александрды ұлықтау рәсiмiне қа-
тысқан. Тәттiмбет Қа зақ станды зерт теушi ғалымдар Ш. Уәлиханов,
Г. Потанин, А. Янушкевичтермен таныс болған. Ол халық арасы на кеңiнен
тараған «Сары жайлау», «Был қыл дақ», «Сарыөзен», «Бес тө ре», «Қос басар»
сияқты әсерлi көркем лирика лық күйлер шы ғарды. Та-
лантты сазгер өз туындыларында қа зақ же рi нiң, оның
өзендерi мен көлдерiнiң, таулары мен даласының сұлу
табиғатын, көр кем көрi нi сiн жүрек қылын шерте оты-
рып, нәзiк сезiммен бей не ледi. Тәттiм бет күйлерi қазақ
халқының музыкалық өне рiн барынша ба йыта түстi.
Қазақтың күй өнерiн қобызда құйқылжыта шебер
орындайтын дәулескер күйшi
Ықылас Дүкенұлы (1843–
1916) Қарағанды облысы ның аумағында қарапайым
қазақтың отбасында дүниеге келген. Оның әкесi
Дүкен қобыз тартқан, ал ата-бабаларына да жыршы,
бақсылық өнер дарыған. Ықылас патша шенеунiктерi
мен байларды әжуалаған «Жарыс патша», «Бес төре»
күйлерiн шығарды. Оның «Жезкиiк», «Кер толғау»,
«Аққу», «Жалғыз аяқ», «Қорқыт сарыны», «Ерден», «Қазан» тағы басқа
да ғажайып күйлерi бар.
Қазақтың дәулескер күйшiлерiнiң бiрi –
Қазанғап Тiлепбергенұлы
(1854–1921). Ол Ақтөбе облысы аумағында дүниеге
келген. Бүкiл ғұмы рын халықтың сазгерлiк өнерiне
арнады. Оның қалдырған мол мұ ра сының арасында
«Но ғайлы бос қыны», «Окоп», «Жұрт та қал ған» сияқты
зар лы күй лерi де бар.
Достарыңызбен бөлісу: