Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы



Pdf көрінісі
бет162/181
Дата06.07.2022
өлшемі7,89 Mb.
#37526
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   181
Байланысты:
Тарих 8(7)

2. Орыс зиялыларымен араласуы. Бола шақ ақын-
ның дүниеге көзқарасының қалыптасуына оның 
озық ойлы орыс, украин, поляк зиялы қауымының 
өкiлдерiмен араласуы орасан зор ықпал еттi. Ол кез-
де өз Отанының тәуелсiздiгi жолындағы ұлт-азаттық 
қоз ғалыстарға белсене қатысушылар Қазақстан 
аумағына жер аудары лып келiп жатты. Олар орыс және Украина мен 
Польша дағы зия лы қауымның бiлiмдi өкiлдерi болатын. Жер аударылып
Абай Құнанбайұлы 
есіңе түсір!
Абайдың қандай 
өлеңдерін білесің?
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


189
келгендердiң арасында патша үкiметiнiң саясатына 
қарсы шық қан зиялылар да аз болмады. Олар Абайдың 
саяси көзқарасының қалыптасуына ықпал еттi. Атап 
айтқанда, Е. Михаэлис, С. гросс, Н. Кон шин, Н. долго-
полов жә
не басқалары едi. Олар Абаймен жиi кездесіп 
жүрдi. Қазақ ақыны солардың арқасында озық ойлы 
орыс мәдениетiнiң ірі өкiлдерi А.С. Пушкиннiң,
М.Ю. Лермонтовтің және басқалардың шығарма ларымен жете танысты.
3. Абай – ұлы ақын әрi ойшыл. Абай өзiнiң өлеңдерiн бала кезi нен 
жаза бастады. Әйтсе де ол ақын ретiнде алғаш рет ХIХ ғасырдың 80-жылда-
рының орта кезiнен бастап таныла бастады. Бұл кезде Абай өз атынан 
«Жаз» («Жаздыкүн шiлде болғанда...») деген өлеңiн жария лаған болатын. 
Абай – «Ескендiр», «Масғұд», «Әзiм әңгiмесi» по э малары мен этикалық-
философиялық еңбегi «Қарасөздердi» жазды. Ақынның «Қарасөз дерiнде» 
ХIХ ғасырдың екiншi жартысындағы қазақ халқының болмысы зерделендi.
Ақынды қатты алаңдатқан жағдайлар қазақтың жаппай кедей ле нiп, 
қайыршылық халге түсе бастауы, патша үкiметi шенеу нiк терiнiң шектен 
шыққан озбырлығы, жергiлiктi болыстардың парақорлығы мен қанағатсыз 
пайдакүнемдiгi болды. Ол өзiнiң өлең де рiнде жақын туыстарына көмек 
қолын созбайтын сараң байларды өл тiре сынады. 
Абай қазақ қоғамын ерiнбей еңбек етуге шақырды. 
Өзiнiң кейбiр за мандастарының бойындағы жаман 
мiнездердi – жалқау лықты, еңбексiздiктi, көрсе-
қызарлықты, алтыбақан ала уыз дықты, на дан дықты 
жерiне жеткiзе әшкереледi. Кедейшi лiктен құ тылудың 
бiр тәсiлi егiншiлiкпен айналысу, қолөнер кәсiбiн және сауда-саттық жа-
сауды үйрену екенiн айтты. Ол былай деп жазды: 
«Егiннiң ебiн, 
Сауданың тегiн 
Үйренiп, ойлап, мал iзде».
Оның басқаша ойлауы мүмкiн емес едi. Қазақ даласында жиi бо лып 
тұратын жұт қарапайым халықты ауыр қайғы-қасiретке душар ететiн. 
Ондай кезде жылдар бойы жинаған малдан бiр-ақ күнде айырылып, жұтап 
қалуға болатын едi. Абай 1880 жылғы алапат ауыр жұтты өз көзiмен 
көрдi. Сол жылы оның сан мыңдаған жерлестерi қайыршылық халге ду-
шар болған едi. Семей облысында кедей жатақтардың саны бұрын-соңды 
болып көрмеген жоғары көрсеткiшке жеттi. Олар казак станицалары 
мен орыс шаруаларының деревняла рына жаппай ағылып, болар-болмас 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет