Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы



Pdf көрінісі
бет47/181
Дата06.07.2022
өлшемі7,89 Mb.
#37526
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   181
Байланысты:
Тарих 8(7)

§17–18.
төртiншi 
Бөлім
отарлау жӘне ұлт-азаттыҚ кҮрес
ҚАЗАҚСТАНдАғы КАЗАК-ӘСКЕри 
ОТАрШылдығы
Өлкеде әкiмшiлiк реформаларды жүзеге асыруда, жергiлiктi халықтың 
көтерiлiстерiн басуда казак әскерлерi елеулi рөл ат қар ды. Олар Қазақ-
станмен шегаралас жерлерде де, оның тiкелей iшкi аумақтарына да 
орналастырылды.
1. Казак әскерлерiнiң атқарған негiзгi қыз метi. Қа-
зақ станда және онымен шектес аумақтарда төрт казак 
әс керi болды. Олар Жайық, Сiбiр, Орынбор және Жетiсу 
казак әскер лерi едi.
Казактар әскери қызмет атқарумен қатар, әскери-
инженерлiк бе кi нiс құрылыстарын, жолдар мен көпiрлер 
салуға және оларды жөн деуден өткiзiп тұруға мiндеттi 
болды. Олардың мiндетiне орманнан ағаш кесу және оны тасып жеткiзу, 
пошта қатынасы көлiктерiн қорғауды қамтамасыз ету де кiретiн.
Бүгінгі сабағымызда Қазақстанды отарлаудағы казак әскерлерінің іс-
әрекетімен танысамыз.
ресей империясының аумағындағы казак 
әскерлерінің атқарған негізгі қызметі
Ресейге жаңа жер қосып 
алуға белсене қатысу
Шегараны қорғау
Ұлт-азаттық көтерілістер,
шаруалар мен жұмысшылардың 
көтерілістерін аяусыз басуға
белсене қатысу
Бекініс құрылыстарын
салуға қатысу, полицейлік
қызмет атқару
Орыс армиясының шетелдерге 
жасаған жорықтарына қатысу
тірек сөздер:
Казак 
әскерлері
• Мещеряктар
• Басқа қалалық
адамдар
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


58
Казактардың патша үкiметiнiң әкiмшiлiгiне шын 
берiле адал қыз мет етуi үшiн оларға ең таңдаулы құнарлы 
жерлер бөлiндi. Казактар ға бөлiнетiн жер телiмi Ресей-
ден қоныс аударып келген шаруалардың жер телiмiнен 
әлдеқайда артық болды. Казактардың сонымен қатар тұз кәсiпшi лiк терiн, 
орман дарды, өзендер мен көлдердi пайдалануға да ерекше құқықтары 
болды. 
Казактар әскери қызметке өз қару-жара ғымен, киiм-кеше гiмен, азық-
түлiгiмен, өз аты мен шығатын. 1835 жылға дейiн казактар әске ри қызметтi 
өмiр бойы жалдану тәртiбiмен атқаратын. Ке-
йiнiрек Ресей империясындағы барлық казак-
тар үшiн әскери қызмет мерзiмi 30 жыл болып 
белгiлендi.
ХIХ ғасырдың орта кезiндегi соғыс уақыт-
тарында Ресей казактары 160 мыңға дейiн 
жа уынгер жасақтай алатын. Казактар қатары 
олардың табиғи өсуi есебiнен ғана емес, сонымен 
қатар бұл топқа орыс шаруаларын қабылдау 
арқылы да арта түс тi. Казактардың әсiресе Сiбiр 
казактарының құрамы тұтқынға түс кен швед, француз, поляктардың 
есебiнен де толығып отырды. Ка зак тардың қатарына орыс емес халық-
тардың өкiлдерi – татар, баш құрт және қалмақтар да қабылданды. 
Казактар мен қазақтардың арасындағы қарым-қатынас әртүрлi қа-
лыптасты. Бiр жағынан, олардың арасында тауар алмасу кеңiнен өрiс алды, 
тiл және мәдениет саласында жақындасу нығая түстi, ал екiншi жағынан, 
өзара әскери қақтығыстар жиi-жиi болып тұрды. Ондай шиеленiстi 
оқиғалардың негiзгi себебi жер дауына байланыс ты күрес едi. Бұл жағдай 
қазақтардың казак бекiнiс қамалда ры мен станицаларына шабуыл жасап 
тұруына себеп болды. Өз кезе гiн де казактар да жазалау экспедициялары 
құрамында қазақ ауылда рына шабуыл жасап жүрдi. Жайық, Орынбор, 
Сiбiр және Жетiсу ка зак тарының әскерлерi қазақ халқының ұлт-азаттық 
көтерiлiстерiн аяусыз басып-жаншуға белсене қатысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет