Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет10/150
Дата18.10.2023
өлшемі3,8 Mb.
#118729
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

institutum
– белгілеу, құру, құрылғы, 
әдет-ғұрып) – ғылымды жасаушы зияткерлік ресурстарды пайдаланып құ-
рылған ұлттық инновациялық жүйенің елдің экономикалық мүдделерін 
қорғайтын маңызды фактор, білімдік қоғамының негізі. Аталған үрдістерді, 
құрылымдарды, ұстанымдарды ұғыну педагогика және оның құрамдас 
бөлімі – білім берудің теориясы мен практикасы, оқыту, үйрету, адамның 
тағ дырына және қоғамның дамуына ықпал етуші ретіндегі дидактика са-
ласындағы ғылыми зерттеушілерге аса маңызды болып табылады.
Педагогикалық зерттеулердің классикалық үлгісін көрсету үшін ди дак-
тикалық зерттеулердің логикасын ұсынуға болады. Сондықтан оқулықта 
дидактика мен дидактикалық зерттеуге көбірек орын берілді.


1-тарау.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу: теориясы мен әдіснамасы
24
Дидактикалық ізденіс үшін түсіну мен ғылыми зерттеудің мәнін мең-
ге руден де басқа педагогика саласының, оның міндеттері мен негізгі кате-
горияларын – дидактиканы еркін бағдарлай білуді қажет етеді. Дидактика 
(гректің «өнеге аларлық» деген сөзінен шыққан) кең мағынада оқытушы 
мен оқушының іс-әрекеті ретіндегі оқыту өнері және олардың бірлігі де-
ген ді білдіреді.
Дидактиканың пәні – оқытудың заңдылықтары мен ұстанымдары, 
мақсаты, білім беру мазмұнының ғылыми негіздері, әдістері, формалары, 
оқыту құралдары, оқыту мен оқудың себептері, барысы, нәтижелері.
Ұлы ойшыл ғұламалар әбу-Насыр әл-Фараби, Ибн-Сина, Қожа Ах мет 
Иассауи, әл-Хорезми, Махмут Қашқари, Жүсіп Баласағұни қазақ же рінде 
дидактиканың философиялық-әдіснамалық заңдылықтары, өзіндік ерек-
шеліктері туралы өз еңбектерінде жазып, кейінгі ұрпаққа өте бай мұра 
қалдырды. 
Қазақстан топырағынан шыққан, әлемдік мәдениет пен ғылымның да-
муына зор үлес қосқан, данышпан ғалым әл-Фараби адамды тек оқу мен 
білім арқылы жаңартуға, жетілдіре түсуге болады, мұның өзі барша халыққа 
бірдей ортақ нәрсе деп түсінді. Оның сан салалы трактаттары ғылымның 
барлық дерлік саласын қамтыды. Ұлы ойшыл еңбектерінде педагогика мен 
психологияның, математика мен оны оқыту әдістемесі мәселелері де үлкен 
орын алады. Әсіресе «Ғылымдардың классификациясы» деген еңбегінде 
сол кезеңдегі белгілі ғылымдардың әрқайсысын жеке-жеке саралап, 
олардың мазмұнын толық баяндады. Ол математика ғылымын жеті тарауға 
бөлген: арифметика, геометрия, оптика, астрономия, музыка, салмақ тура-
лы ғылым, әрекет туралы ғылым. Әл-Фараби математика ғылымын осылай 
реттеп, жүйелей отырып, оның салаларының әрқайсысының зерттеу ныса-
ны мен пәнін белгілейді. Арифметика мен геометрияны теориялық және 
практикалық деп екіге бөле отырып, олардың әрқайсысының мәні мен 
мазмұнын тығыз бірлікте, байланыста қарастырады.
Ж. Баласағұни «Құтты білік» атты еңбегінде ғылым мен білімнің адам 
өмірінде шешуші рөл атқаратындығын айқындай отырып, өмірмен бай-
ланысты білімнің өлшеусіз байлық, мол мұра екенін төмендегіше тұ жы-
рымдаған: «Білімнің де білімі бар, жаттап алған құрғақ білімнен пайда аз. 
Адамды адам ететін, оның өмір сүруін жетілдіретін, іс-әрекетпен, тә жі ри-
бемен байланысқан білім ғана нағыз білім болып саналады».
Қазақтың ұлы ақын, ойшылдары А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердиев, эт-
нограф-ғалым Ш. Уәлиханов, ағартушылар Ы. Алтынсарин, С. Көбеев, 
С. Торайғыров өздерінің философиялық еңбектеріндегі қазақ халқының 
дүниетанымын қалыптастыру, ағарту, сауат ашу, білім беру, мәдениетке 
үйрету, өзге елдердің озық мәдениетінен үйрену туралы айтқан құнды 
пікірлері қазіргі кезде де өз мәнін жоймағанын, қайта осы заманғы білім 
беру ісімен үндесіп тұрған өзекті мәселе екені аңғарылады.


25
1.1. Ғылым және ғылыми-педагогикалық зерттеу
Одан бергі кезде ХХ ғасырдың басында қазақ зиялылары А. Бай тұр сы-
нов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, Х. Досмұхамедов, т.б. білім 
беру мен оқыту үдерісін жетілдіру, оқулықтар даярлау, білім мазмұнын 
іріктеу, оқушылардың таным әрекетін арттыру мәселелерін тереңінен 
зерттеп, дидактиканы одан әрі дамытуға өз үлестерін қосты. М. Жұмабаев 
оқыту үдерісіне қатысты іс-әрекет, амал жүйесін құрып, бірқатар «индук-
ция», «дедукция», «талдау», «жинақтау», т.б. сияқты терминдерді өзінің 
«Педагогика» атты еңбегінде қолданған. Ж. Аймауытов көптеген «ынта», 
«мүдде», «берне», «бағам», «перцептив», «апперсепсе» және т.б. атауларды 
дидактикаға алғаш енгізген. Ол таным теориясының тірегі пәлсапалық жад-
ты үздіксіз дамыту деп есептеген. Адамның ойлау іс-әрекетін «ойсандығы» 
деп атаған.
Кеңес дәуірінде Қазақстан ғалымдары педагогиканың жалпы мәсе-
ле лерімен қатар дидактикалық мәселелерді де зерттеді. Республика мек-
теп терінің практикалық материалдарына сүйене отырып, жалпы пе да го-
гикалық, дидактикалық маңызы бар түрлі жастағы оқушылармен жұмыс 
іс теудің ерекшеліктері, оқытудың дамуына байланысты мектептерді по-
литехникаландыру, мектеп жағдайындағы оқыту, білім беру үдерісінің 
ерек шеліктері сияқты тақырыптар бойынша көптеген ғылыми зерттеу 
жұмыстарын жүргізді. Солардың бірі профессор Р.Г. Лемберг болды. Ол 
1938 жылдан бастап Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын-
да оқытушы, кафедра меңгерушісі бола жүріп, оқулықтарды, әдістемелік 
құ рал дарды, нұсқауларды зерделеді, жас ғалымдарды тәрбиелеуге елеулі 
үлес қосты. Отызға таяу ғылым кандидаттарын, бірнеше ғылым докторла-
рын дайындады. Педагогиканың теориялық және практикалық маңызы бар 
мәселелері туралы көптеген еңбектер жазды. Ол еңбектердің ішінде бас-
тауыш білім беру мәселелері де қамтылған. «Бастауыш мектептегі сабақ», 
«Сабақ методикасының мәселелері», «Дидактикалық очерктер», «Мектеп 
оқушыларын жалпы дамыту жұмыстары», «Сабақты құру мәселелері», 
«Сабақта білім беру мен білімді пысықтау», «Мектептегі оқыту әдістері» 
атты еңбектерінде сабақтың тақырыбы мен мазмұнының ішкі бірлігі, жаңа 
материалдың сабақтағы рөлі мен маңызы, сабақта жаттығулар жүргізудің 
жолдары, білімді есепке алу мен материалды пысықтаудың жаңа түрлері 
ұсынылды. Сонымен қатар кеңес мектебіндегі оқыту әдістерінің шетелдік 
мектептердегі оқыту әдістерінен айырмашылығы сараланған. Оқыту әдіс-
те рінің жалпы теориясына тоқтала келе, ол оқыту әдістерінің тиімділігі 
оқу шыларды біліммен қаруландырып қана қоймай, олардың дүниеге көз-
қа растарын қалыптастырып, сабаққа ынтасының, білуге құштарлығының 
артуына, жан-жақты дамуына тікелей әсер ететінін айтады.
Ол әдіс, әдістің түрлері мен тәсілдері деген ұғымдарға анықтама 
бере отырып, оқыту әдістерінің ерекшеліктері ретінде мыналарды бөліп 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет