Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет122/150
Дата18.10.2023
өлшемі3,8 Mb.
#118729
түріОқулық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

4-тарау.
Ғылыми мектептер және әдіснамашы ғалымдардың кәсіби ...
294
қы лы халықтың педагогикалық мәдениеті туралы шынайы білімдерді қа-
лыптастырады.
Этнопедагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістерін зерттеуде 
профессор К.Ж. Қожахметованың үлесі баршылық.
Қожахметова Клара Жантөреқызы1951 жыл 
Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауда нын-
дағы Ащысай кентінде дүниеге келген. Про фес сор, 
педагогика ғылымдарының докторы К.Ж. Қо жах-
ме това – Қазақстанда және шетелде этно пе да го-
гика саласындағы танымал ғалым. Ол этно педа го-
ги каның теориялық-әдіснамалық жүйесін жасады, 
са лыс тырмалы этнопедагогиканың негізін салды, 
жас тарға көпмәдени, рухани-адамгершілік білім 
беру мәселелерін жан-жақты қарастырды, отан дық 
тәрбие жүйесінің моделін құрастырудың мәселелерін зерделеді.
Кез келген жаңа пәнді құру ғылымтану қағидаларының логикасына 
сүйенетінін басшылыққа ала отырып, профессор К.Ж. Қожахметова ең 
әуелі ғылыми пәннің моделіне сай этнопедагогика ғылым ретінде жүйелеп 
алды. Сөйтіп, этнопедагогиканы педагогикалық ғылымдар жүйесінде қа-
рас тырады, этнопедагогиканы этнография, педагогика, фольклористика 
ғылымдарының түйіскен саласы екендігін нақтылай түсті. Жаңа ғылыми 
білім ретінде этнопедагогиканың пайда болуы, оның жеке ғылыми пән 
ретінде қарастырылуының заңды екендігі, этнопедагогиканың пәні, құ-
ры лымы және қызметтері, оның педагогикалық ғылыми білім жүйесіндегі 
орны туралы мәселелерді шешуді қажет етеді. 
Этнопедагогиканың зерттеу пәні – этнопедагогикалық болмыс, оның 
этнопедагогикалық зерттеулердегі көрінісі деп тұжырымдады. Сондай-ақ 
ға лым этнопедагогиканың педагогика ғылымдары жүйесіндегі алатын ор-
нын және оның басқа ғылымдармен байланысын нақтылауға ұмтылды, сол 
сияқты оның құрылымын анықтау үшін педагогикалық пәндер арасында ғы 
байланыстар типін қарастырды. Этнопедагогиканың әдіснамалық негізде-
рін жасауға қажет этнофилософия, этнопсихология, этномәдениеттану, 
этно графия сияқты ғылым салаларының білімдерінің ғылымаралық кірігу 
ұс танымдары арқылы үйлесімді ықпалдасуы тетіктерінің қызметтері са-
раланды. Этнопедагогиканың әдіснамасын жүйелеу үшін педагогиканың 
әдіснамалық қағидаларының ғылыми әлеуетін жіктеп, этнопедагогиканың 
қызметін, заңдарын, заңдылықтарын, теорияларын, категорияларын, ұғым-
дарын, терминдерін ажыратып нақты көрсетті.
Біз этнопедагогика саласындағы профессор К.Ж. Қожахметованың 
ғылыми жетекшілігімен дайындалған 4 докторлық, 19 кандидаттық дис сер-
тацияларды 6 топқа бөліп қарастырдық:


295
4.4. Педагогика әдіснамасы саласындағы қазақстандық ғалымдар
1. Қазақ этнопедагогикасының теориялық-әдіснамалық негіздері. 
Этнопедагогиканы жеке оқу пәні ретінде құрудың әдіснамалық мәселелері.
2. Салыстырмалы этнопедагогикалық зерттеулердің мәні, мазмұны. 
Тарихи-мәдени шығармашылық мұраның этнопедагогикалық әлеуеті. 
3. Мектептегі оқу-тәрбие жұмысында оқушылардың ұлттық құнды-
лық тарын және этностық мәдениетін қалыптастыру үдерістері.
4. Мектептің тәрбие жүйесін дамыту мәселелері. Мектеп басқару 
теориясы мен әдістемесі. Мұғалім біліктілігін жетілдіру тетіктері.
5. Білім беру ұйымдарында этнос субъектісін қалыптастырудың әдіс-
намасы. Көптілді және көпмәдени білім берудің теориялық-әдіснамалық 
негіздері.
6. Оқушылар мен студенттердің технологиялық мәдениетін қалып тас-
тырудың теориясы мен тәжірибесінің этнопедагогикалық негіздері.
Ғылыми нәтижелер қомақты, зерттеулер әдіснамалық, теориялық 
деңгейде жүргізілген және нәтижелердің білім беру ұйымдарында енгізілу 
дәрежесі жоғары, интеллектуалдық әлеуеті биік. Ғылыми мектептің Рес-
публикалық ғылыми-әдістемелік журналы «Білім беру жүйесіндегі этно-
педагогика – Этнопедагогика в системе образования» журналы респуб ли-
каның білім беру саласына, ғылыми қызметкерлерге белгілі, танымал. 
Профессор К.Ж. Қожахметованың ғылыми мектебінің ізденістік аху-
алының ерекше тұстары: профессордың мектеп мүшелерінің білім беру 
практикасында тәжірибені жинақтап, талдай білу деңгейінің жоғары болуын 
және тақырып аумағындағы әдебиетті мәнді талдай білуін талап етуі, осы 
жұмысқа зерттеушілерді ұйымдастыра білуі, зерттеудің объективті, шындық 
педагогикалық болмыстан алынуы, зерттеу ісінің шеберлігіне ерінбей 
үйретуі, ғылыми мінбелерде өз ойларын айтуға, ғылыми дискуссияларға 
қатысуға бағыттауы, тақырып саласында мемлекеттік іс-шараларға қа ты-
суын қадағалауы, сын-ескертпелерді үнемі ойландырып жауап іздетуі, та-
қырыптың болашағын іздестіруі, өз айналасындағы шәкірттерін бір ұжым-
ның мүшелері етіп баптауы кімге де болса үлгі деп білеміз. 
Этнопедагогика саласындағы тұжырымдамалар мен теориялар бо ла-
шақ ұлттың интеллектуалдық әлеуетінің негізіне алынады. Себебі эт ни-
калық мәдениет, этнопедагогика этномәдени білімнің қайнар бұлағы болып 
табылады. Ғылыми мектеп мүшелері этнопедагогиканың оқыту әдістемесін 
іздестіруде. Оған дәлел – аталмыш журналдағы рухани кемелдену са бақ-
тары, тренингтер, конференциялар, глоссарий және т.б. тәжірибелер, 
ойлар, пікірлер. Ұлттық білім мазмұнын, ұлттық тәрбие мазмұнын этно-
пе дагогикаға негіздеп жасау жолдары іздестірілуде. Демек, профессор
К.Ж. Қожахметованың жетекшілігімен этнопедагогиканың әдіснамасы, 
тео риясы, әдістемесі, технологиясы тұтасымен толыққанды зерделенуде. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет