Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет51/150
Дата18.10.2023
өлшемі3,8 Mb.
#118729
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

1-тарау.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу: теориясы мен әдіснамасы
110
– дидактикалық фактілерді, құбылыстарды және үдерістерді зерт-
теуге нақты әдіснамалық тұғырды анықтау – әдіснамалық ұстанымдарды 
нақтылау;
– зерттелуші мәселеге сыни көзқарас;
– зерттелуші мәселеге тарихи-логикалық талдау (даму генезисі және 
эволюциясы);
– зерттеу пәніне жүйелі-құрылымдық талдау;
– зерттеу пәнінің сипатына тұтас көзқарас (тұтастық – нысанның 
са ралануы ортадан және оның ішкі бірлігінен екендігін көрсететін фи ло-
софиялық тұрғыдағы ұғым).
Тұжырымдамалау іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде білімнің елеулі кө-
леміне, дүниетанымдық деңгейіне, гуманитарлық технологияларды және 
әртүрлі ұғымдық тілдерді меңгеруіне ғана байланысты емес, сонымен қа-
тар осы қызметпен айналысатын адамдардың арнайы қабілетінің болуымен 
де байланысты. Сондықтан кез келген зерттеуші бірден осы қызметпен ай-
налысып кете алмайды, бірақ оның қажеттілігін және әр адамның өзінің 
осындай қабілетті дамытуы керек екенін түсінеді.
Үздіксіз білім беру жүйесіне тікелей қатысы бар тұжырымдаманы тал-
дау және жинақтау төмендегі жіктеулерді ұсынуға мүмкіндік береді:
Үздіксіз білім беру жүйесі оқу орындарын дамыту тұжырымдамасы; 
Үздіксіз білім беру жүйесінің жекелеген буындарын дамыту тұжы-
рымдамасы; 
Жекелеген пәндердің білім беру мазмұнын дамыту тұжырымдамасы;
Білім берудің міндетті бағыттарын дамыту тұжырымдамасы; 
Ғылымның кейбір бағыттарын дамыту тұжырымдамасы; 
Білім беруді болжамдау тұжырымдамасы [222].
Үздіксіз білім беру жүйесі оқу орындарында тәрбиелеуді дамыту 
тұжырымдамасы.
Тұжырымдаманы тиімді дайындау үшін «тұжырымдамалар тұжы рым-
дамалары», болашақта қандай да бір көзқарасты айқындайтын, сонымен 
бірге жасалған жобаларды бағалауда негізге алынуы мүмкін ерекше ме-
та тұжырымдама моделін жасау талабы туындайды. Бірдей әдіснамалық 
негізде жасақталған мұндай метатұжырымдама құрылымға – нысан си-
па тының қандай екендігіне тәуелсіз – инвариант көзқарастар жүйесінде 
жүзеге асырылуы керек. Бұл жеке тұжырымдамаларды жасақтауда, оларды 
бір жүйеге келтіруде біріздендіруге көмектеседі, олардың бағаларын салыс- 
тыруды қамтамасыз етеді және түзету жолдарын айқындауды жеңілдетеді. 
Тұжырымдамаларды жасақтауға қойылатын талаптар: 1) нысанды 
бөліп қарастыру, оның мәнін анықтау және басқа жиынтықтардың ішінен 
ор нын табу; 2) тұжырымдаманың жүзеге асырылу мақсатын нақты көрсету; 
3) тұжырымдаманы жүзеге асыру үшін қажетті және жеткілікті шарттарды 


111
1.6. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің логикасы мен тұжырымдамасы
айқындау; 4) түрі өзгерген функциялардың орындалуын қамтамасыз ету; 
5) табысты шараларды өткізу критерийін, сонымен бірге нәтижені бағалау 
жасау; 6) болжамдау функциясын орындау; 7) осы нысанға жататын өзге 
тұжырымдамалармен сәйкестендіру [216].
Тұжырымдамалық зерттеуді педагогикалық фактілерді түсіндіру мәні 
тұрғысын және бұл мәндерден шығатын ұсыныстардың тексерімділігін си-
паттайды. Кез келген зерттеудің тұжырымдамасының болуы оның тү ріне 
тәуелді еместігі – зерттеудің міндетті сипаты. Сонымен бірге тұ жы рым-
да малардың өздері әртүрлі іргелілік дәрежесінде болады. Осыған байла-
нысты зерттеулер іргелі, қолданбалы және практикалық болып бөлінеді. 
Педагогикада іргелі деп оқыту үдерісінің мәнін толық ашатын, біздің көз-
қарасымыздың негізгі жүйесін соған сай өзгертетін тұжырымдаманы айтуға 
болады. Сонымен бірге пайда болған жаңа тұжырымдама онымен қа тар 
бұрын жасалған тұжырымдамадағыдай сол фактілер мен құ бы лыс тарды 
түсіндіруі де мүмкін. Екі тұжырымдама да ғылымда қатар тұруға құқылы.
Тұжырымдама практикалық зерттеулерде айқын түрде қатыспайды, 
бірақ зерттеуші міндетті түрде қолданбалы, кейде іргелі де зерттеулер 
нәтижелерін пайдаланып отырады.
Жаңа іргелі тұжырымдама ғылымдар тоғысында жасалады. Педагоги-
ка үшін бұл, бәрінен бұрын, психология. Ол педагогикалық психология, 
дидактикалық жұмыстар жетістіктері, сонымен қатар педагогикалық тә-
жірибенің кеңінен жалпылап жинақтау негізінде құрастырылды. Бұл тұ-
жырымдаманың аясында қазіргі кезде оқыту мазмұны, әдістері және ұйым-
дас тыру формалары жасалуда.
Айталық, дидактикалық зерттеудің алгоритмін ұсынатын болсақ, ол 
мынадай түрде беріледі: 
– дидактикалық фактілерді, құбылыстарды және үдерістерді зерт теу-
дің нақты әдіснамалық тұғырларын анықтау; 
– әдіснамалық ұстанымдарды нақтылау;
– зерттелетін мәселеге сын көзбен қарау; 
– зерттелетін мәселені тарихи-логикалық талдау;
– зерттеу пәнін жүйелілік-құрылымдық талдау;
– зерттеу пәнін сипаттауды тұтастық тұғыр негізінде іске асыру.
Тұжырымдама жасау іс-әрекеттің дүниетанымдық деңгейдегі терең 
білімдер жүйесін меңгерумен, сондай-ақ гуманитарлық технологияларды және 
ұғымдық құрылымдарды меңгеруді, арнайы қабілеттілігі болуын талап етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет