127
2.1. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің мәселесі мен тақырыбы, көкейкестілігі
Зерттеу нысанын анықтау дегеніміз – зерттеудің нені қарастырып жат-
қа нын пайымдау. Болжам мен қорғалатын қағидалар зерттеушінің объектіде
анық көрінбейтін, басқалар байқамағанды көргені туралы түсінікті ашып
көрсетеді. Болжам – фактілер негізінде
объектінің бар екендігі, құ бы-
лыстардың байланыстары мен себептері туралы тұжырым жасалатынын
алдын ала болжау. Бұл ретте тұжырым толық дәлелденген деп есептеуге
болмайды. Болжам шынайы емес, ықтимал білім. Оның шынайылығы мен
шынайы еместігі әлі анықталмаған. Болжамның шынайылығы немесе шы-
найы емес екендігін анықтау – таным үдерісі.
Әдіснамалық мәдениетті қалыптастыру мәселесіне қатысты қорғалатын
қағидалардың біреуі: «Болашақ мұғалімнің әдіснамалық мәдениетін қа лып-
тастыру үшін қажетті және жеткілікті жағдайлар мыналар болып табылады:
студенттердің кәсіптік әрекеттің шығармашылық сипатын сезінуі; педагогика
ғылымын практикалық әрекетті жетілдіру үшін пайдалануға ұмтылысы мен
іскерлігін
қалыптастыру; әдіснамалық білімдерді студент терге ұсынылған
педагогика курсына енгізу; проблемалық оқытуды ұйым дас тыру» (А. Хо-
дусов). Бұл мысалда қажетті және жеткілікті жағ дай лар дың сипаттамасы
маңызды. Дәлелденетін қағидаларда ол жағдайлармен ке лі спеушілікті алдын
ала көру мен бұл тезистің қажеттілігін дәлелдеп қор ғау қажет. Кейбіреулер
келтірілген шарттарды жеткіліксіз және бұл ті зімді толықтыру керек деп ай-
туы мүмкін. Бұған, керісінше, енді біреулер кел тірілген шарттардың біреуінің
қажет екендігін жоққа шығаруы мүмкін,
мы салы проблемалық оқытуды
көрсетілген мақсатымен ұйымдастыру және т.б.
Типтік қате – болжамның ғылыми болжам ретінде дәлелдеуді қажет
етпейтіндей түрде құрылуы. Егер көп және жақсы жұмыс істесе, нәтижелері
жақсы болады, егер «дәстүрлі жұмыс істесе, нәтижелері нашар болады» де-
ген ақиқатты қорғап және дәлелдеудің керегі жоқ.
Өз жұмысының қорытындыларын шығара отырып, зерттеуші алынған
нәтижелерінің жаңалығы туралы айтуға мүмкіндігіне ие болады да, ол
басқалар жасалмағанның ішінен не жасалынғанын,
қандай нәтижелер
алғаш рет алынғанын көрсетеді. Оның үстіне зерттеу нәтижелерінің жа ңа-
лығы мен олардың ғылымдағы маңызы арасында мәнді айырмашылық бар.
Нәтижелерінің жаңалығын сипаттай отырып, зерттеуші өзі қойған міндеттер
шеңберінде қалады, оларды шешу барысында қандай жаңа білім алғанын
көрсетеді. Алынған жаңа білімнің маңыздылығы болашақта жүргізілетін
ғылыми жұмысқа қатысына байланысты анықталады.
Дегенмен кейде зерттеудің жаңалығы мен маңыздылығын ажыра-
та алмай, олардың сипаттамасын бір айдармен береді, екеуі бір нәрсе деп
есептейді. Бұл дұрыс емес. Зерттеудің ғылыми маңыздылығын ажырату
оны бағалауда шешуші мағынаға ие болады. Біздің жұмысымыз ғылым
үшін маңызы жоқ деп есептейік. Онда оны ғылыми жұмыс деп атауға бол-