Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым


Педагогикалық зерттеулер әдістері



Pdf көрінісі
бет81/150
Дата18.10.2023
өлшемі3,8 Mb.
#118729
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

Педагогикалық зерттеулер әдістері
Теориялық әдістер
Эмпирикалық әдістер
Теориялық талдау және жинақтау
Іс-әрекет нәтижесін (оқушылар мен 
мұғалімдердің) зерделеу
Байқау
Абстракциялау және дәріптеу (идеализация) Әдебиеттерді, құжаттарды зерделеу
Модельдеу
Педагогикалық тәжірибені зерделеу және 
жинақтау
Тәжірибелік жұмыстар
Эксперимент
Сауалнама
Эксперттік бағалау әдісі 
Эмпирикалық зерттеу әдістері зерттеу мәселесі бойынша деректерді 
жинақтау кезеңінде, сонымен қатар алынған қорытындыларды тексеру 
және нақтылау кезеңінде қолданылады. 
Теориялық зерттеу әдістері фактілердің мәнін түсіну және теория құру 
кезеңінде пайдаланылады.
Қазіргі кезде ғалымдар дидактикалық зерттеулерде қолданылатын са-
ла лап жіктеуге байыпты көңіл аударып жүр. Салалау – ғылыми білімді 


175
3.1. Зерттеу әдістерінің құрылымы. Байқау, әңгімелесу, сұхбаттасу ...
ұсынудың кең тараған әдісі. Салалауды қолдану ғалымнан ғылыми-зерттеу 
мәдениеті саласында қажетті ғылыми дайындықты және кәсібилікті, білім 
беру жүйесіндегі жаңалықтарды пайымдай білуді талап етеді (А.В. Коржуев).
Оқу үдерісінің ғылыми ізденістерімен байланыс әдістеріне экспери-
ментке, ықтималдықтар теориясына, рәсімдеу теориясына, болжамдау 
заңдылықтарының статистикалық сипаттары мен заңдылықтарына, сол 
сияқты теориялық модельдерді нақты оқу үдерісінде қолдану жолдарына 
елеулі назар аударылады.
Үдерістер мен құбылыстар туындайтын болжау және озық жүру білім беру 
саласындағы жобалау секілді әдістермен тығыз байланысты. Бұл әдіс ғылыми-
техникалық салада (мысалы, космонавтикада), архитектурада және дизайн-
де, т.б. кеңінен қолданылады. Жобалау әдісі белгілі бір бағыт және алынған 
нәтиженің дәлелділігі бойынша ғылыми ізденісті толық көруді қамтамасыз 
ететіндіктен, зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу үдерісіне енгізіледі.
Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдістерін таңдаудың келесі ұс-
танымдарын меңгеру, оның ішінде дидактикалық, оның қолдану нәти же-
лілігін көтереді:
– зерттеу әдістерінің жиынтық ұстанымы; 
– зерттеліп отырған құбылыстың мәніне орайласқан, зрттеушінің 
мүм кіндігінше 
– алынуы болжанған нәтиже әдістерінің барабарлық ұстанымы; 
– зерттеушілерге сыналушыға, оқу-тәрбие үдерісіне зиян келті ре-
тіндей, адамгершілік нормаларға сәйкес емес зерттеу әдістерін, экспе ри-
мент ті қолдануға тыйым салу ұстанымы. 
Зерттеу әдістері: 1) олардың нәтижелеріне бір мезгілде ықпал етуші фак-
торлардың көптігінен дидактикалық үдерістердің бірмәнділікке сәйкессіз 
өтуі; 2) зерттелуші дидактикалық үдерістердің сыртқы түрінің олардың нә-
тижелеріне бір мезгілде ықпал ететін сәйкес сипатталады. 
Әдістерді таңдау көбіне жұмыстың қандай жолмен жасалуына (эмпи-
ри калық немесе теориялық), зерттеудің сипатына (әдіснамалық, теориялық, 
қолданбалы), оның соңғы және аралық міндеттерінің мазмұнына қарай 
анықталады. Соңғысы көбіне зерттеудің мазмұндық, нысандандырылған, 
са палық және сандық, аналитикалық және синтетикалық, түсіндірмелік 
және жобалаушылық элементтерінің қатынасын анықтайды. Бірақ бұл 
қа тынастар дидактика мен оған жақын ғылымдардың әдістемелік қой ма-
сының (арсенал) жасақталуына тәуелді. Кез келген әдістің жүзеге асатын 
нақты мазмұны оның зерттеу жүйесіндегі орнына және жүргізілу шартта-
рына байланысты. Бірдей әдістер (арнайы жағдаят туғызу, байқау, сұрау, 
жобалу, модельдеу және т.б.) зерттеудің нақты мәтінінде әртүрлі мағынаға 
ие болады, әртүрлі мақсатқа қызмет етеді (болжамды эксперименттік тексе-
ру, фактілерді айқындау және т.б.). 


Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері
176
Әдістерді таңдауда көбінесе кететін қателіктерді төмендегіше сипат-
тауға болады:
– әдісті таңдаудың қалыпты жағдайы (бір үлгіде, өзгеріссіз) және 
оның нақты жағдайдың, зерттеу шарттарының ескерілмей трафареттік қол-
да нылуы;
– белгілі бір әдістің немесе әдістеменің көп тараптылығы, мысалы, 
анкеталық сұрау және әлеуметтік-психологиялық;
– теориялық әдістерді ескермеу немесе жеткіліксіз қолдану, әсіресе 
дәріптеушілік, абстрактіліктен нақтылыққа өрлеу;
– жекелеген әдістен ғылыми ізденіс міндеттерін шешуді тиімді қам та-
масыз ететін тұтас әдістеме құрап білмеу.
Кез келген әдіс өз бетінше тек жартылай дайын, өзгертуді, міндетке 
және ізденіс жұмысының нақты шартына орай нақтылауды қажет ететін 
өнім болып табылады. Ақырында, зерттеушілік әдістердің бір-бірін то-
лық тырып, зерттеу пәнін нақтырақ, терең және толық ашатындай, бір әдіс 
арқылы нәтиже алатын мүмкіндік туғызатындай үйлесімін, яғни байла-
нысын табу керек. Мысалы, оқушылармен алдын ала байқау мен бақылау 
жұмыстарының нәтижелерін талдай отырып әңгімелесу нәтижелері немесе 
оларға арнайы сондай жағдай туғызу арқылы жетектеу олардың білімдерін 
нақтылауға, тексеруге, тереңдетуге пайдалы болары сөзсіз. Осы айтылғандар 
зерттеу әдістерін дұрыс таңдаудың кейбір критерийлерін тұжырымдауға 
мүмкіндік береді:
– зерттеу нысанының, пәнінің, міндеттерінің, әдістерінің жинақталған 
материалдарға барабарлығы;
– ғылыми зерттеудің заманауи ұстанымдарына сәйкестігі;
– ғылыми болашағының барлығы, яғни таңдалған әдіс жаңа және 
үміт күтетіндей нәтиже беретіндігіне негізделген болжамның болуы;
– зерттеудің логикалық құрылымына (кезеңдеріне) сәйкестігі және т.б.;
– білім алушылардың тұлғасының жан-жақты және үйлесімді дамуы-
на толық бағытталу мүмкіндігінің болуы;
– басқа әдістермен гармоникалық үйлесімді өзара байланыс. 
Ғылыми-зерттеу қызметінде әдістермен қатар «әдістеме» ұғымы қол-
да нылады. Дидактикалық зерттеу әдістемесінің өз алдына белгілі бір құ ры-
лымы болады. Оның негізгі элементтері:
– теориялық-әдіснамалық бөлім, құрылым тұжырымдамасы;
– зерттелетін құбылыс, үдеріс, белгілер, параметрлер; тәртіптелген 
(субординациялық) және үйлестіруші (координациялық) байланыстар және 
олардың өзара тәуелділігі;
– қолданылатын әдістердің жиынтығы, олардың тәртібі және үйлесімі;
– әдістердің және әдістемелік амалдарың қолданылу реті;
– зерттеу нәтижелерінің жүйелілігі және жалпылау техникасы;


177
3.1. Зерттеу әдістерінің құрылымы. Байқау, әңгімелесу, сұхбаттасу ...
– ғылыми ойды жүзеге асыру үдерісіндегі эксперттердің құрамы, рөлі 
және орны.
Жақсы ойластырылған әдістеме зерттеуді дұрыс ұйымдастыру негізі 
болып табылады, оның негізгі кезеңдерін, базасын айқындайды, талдау-
лар нәтижесінде нақты материалды алуды, қажетті ғылыми қорытынды 
жасауды қамтамасыз етеді. Сөйтіп, әдістеме дегеніміз – зерттеу нәтижесін 
алуға және оларды түсіндіруге қолданылатын амалдар мен тәсілдердің 
жиынтығы. Ол нысанның зерттелу сипатына, әдіснамасына, зерттеу мақ-
сатына, айқындалған әдістерге және олардың жалпы деңгейі мен зерт теу-
ші нің біліктілігіне байланысты болады. Әдістеме барлық уақытта да әдіс 
ұғымынан, тіпті әдістеменің мазмұны қандай болса да бір ғана әдістен тұрса 
да кең ұғым. Айталық, байқаудың әдістемесіне әдістің өзінен басқа техника-
сы, бақылау реті, оның түрлерін іріктеу, нәтижені тіркеу және нәтижені 
жал пылау, бақылаушының орнын және атқаратын қызметін белгілеу және 
т.б. кіреді. 
Зерттеу әдістемесін, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет