10.4. Зəрдің құрамы жəне қасиеті
Зəр - құрамында 96 пайыз су жəне 4 пайыз құрғақ қалдық бар
сұйық зат. Сонымен бірге зəрдің құрамы мен қасиеті қабылданған
азықтық табиғатына, сипатына, ішілген су мөлшеріне, малдың
физиологиялық күйіне, ауа райы мен жыл мезгіліне байланысты
өзгеріп отырады (32-кесте).
32-кесте. Жануарлар бөлетін зəр мөлшері
Жануарлар
Тəуліктік мөлшері, л
Орта есеппен
Ауытқулары
Дене салмағының əр кг.
шаққанда, мл.
Сауын сиыр
Жылқы
Шошқа
Қой, ешкі
Ит
Мысық
Қоян
Тауық
7
5
4
1
0,6
0,15
0,10
0,10
5-14
3-13
2-6
0,5-2
0,4-1,5
0,1-0,2
0,05-0,2
0,05-0,15
17-40
10-20
20-40
10-40
20-80
10-20
25-50
25-70
Зəрдің түрі сарғыш келеді, ол оның құрамындағы урохром
жəне уробилин сияқты бояғыш заттарға байланысты. Тақ тұяқты
жануарлар зəрі ылайлы, шырышты, қоймалжың, шұбалыңқы
келеді, себебі оның құрамында көмір қышқылды кальций тұзы
жəне муцин тектес зат болады. Зəрдің иісі түлік түріне қарай
өзгереді. Жылқы зəрінің иісі өткір, шіріген шөп иісіне ұқсас, сиыр
зəрі əлсіз шірік иісті, ал ит пен шошқа зəрінің иісі ащы, жағымсыз
келеді.
Зəрдің осмостық қысымы 23-30 атм. шамасында, ал меншікті
салмағы 1,020-1,040 аралығында сақталады (33-кесте), оның
330
құрамында 50-120 г/л еріген заттар болады. Зəрде еріген заттардың
2/3 бөлігі органикалық, ал 1/3 бөлігі бейорганикалық заттарға жа-
тады. Органикалық заттардың 80-85 пайызы несепнəрден тұрады,
ал қалған бөлігін (15-20 пайыз) креатин, несеп қышқылы, ал-
лантоин (пурин алмасуының өнімі), аммиак, амин қышқылдары
құрайды. Паталогиялық жағдайда зəр құрамында белок, қант, ке-
тонды заттар, өт бояулары байқалады, ал қалыпты жағдайда олар
кездеспейді. Бейорганикалық қосылыстар натрийдің, калийдің,
магнийдің көмірқышқылды, хлорлы, фосфор қышқылды тұздары,
кальций оксалаты жəне фосфаты түрінде болады.
Достарыңызбен бөлісу: |