Тараудың қысқаша сөздігі
Алғашқы зəр – первичная моча
Əкелуші тамырлар – приносящие сосуды
Əкетуші тамырлар – уносящие сосуды
Бөлу жүйесі – выделительная система
Бүйрек – почки
Бүйрек астаушасы – лоханка
Зəр (несеп) – моча
Зəр тоқтау - анурия
Зəрағар – мочеточник
Зəр өзегі – мочеиспускательный канал
Кері сіңіру (сору) – реабсорбция
Қуық – мочевой пузырь
Нағыз зəр – конечная моча
Нефрон ілгегі – петля нефрона
Сүзілу қысымы – фильтрационное давление
Тазарту - клиренс
Тер – пот
Тер бездері – потовые железы
Шайыр – жиропот
Шумақ – клубочек
22–888
338
11-т а р а у
ІШКІ СЕКРЕЦИЯ БЕЗДЕРІНІҢ ФИЗИОЛОГИЯСЫ
11.1. Ішкі секреция жайлы жалпы түсінік
Ішкі секреция деп маманданған торшалардың торша аралық
кеңістікке, одан əрі қанға биологиялық белсенді заттарды бөлу
процесін айтады. Организмде əртүрлі химиялық процестерге
əсер етіп, оның тіршілік əрекеттерін өзгертіп отыратын арнаулы
органдардың болатыны жайлы болжамдарды кейбір зерттеушілер
XVІІ ғасырдың басынан айта бастаған. Бірақ, нақтылы деректер
мен фактілер болмағандықтан, ондай органдардың қызметі ұзақ
уақыт белгісіз болып келді. Тіпті, XІX ғасырдың орта кезінің
өзінде осы ерекше безді органдардың маңызы жайлы əртүрлі бол-
жамдар сақталды. Мысалы, қалқанша без көмекейді дымқылдау,
мидағы қан айналымды реттеу үшін қажет деген ұғымдар болған.
Кейінірек бұл бездердің кейбір дерттерге тікелей қатысы
болатыны анықталды. Мысалы, шырышты ісіктің (микседема)
қалқанша безінің семуіне (атрофия), Аддисон дертінің бүйрек үсті
бездерінің қызметінің бұзылуына байланысты екені дəлелденді.
Осы сияқты деректер аталған безді органдардың физиологиялық
маңызының зор екенін көрсетті. 1856 жылы Броун-Секар бүйрек
үсті безін сылып тастағаннан кейін малда діріл пайда болып,
оның өліп кететінін анықтады. Организм тіршілік əрекетінің
ауытқулары басқа бездерді сылып тастағанда да байқалған.
«Ішкі секреция» деген түсінікті ғылымға Клод Бернар ен-
гізген. Ол ішкі секреция бездеріне дененің барлық органдарын
жатқызған. Бұл тұжырымды ол барлық органдардан алмасу
өнімдерінің қанға бөлінетінімен негіздеген. Шын мағынасында
К.Бернар бұл жүйеге қалқанша, айырша (тимус), бүйрек үсті
бездерін, көк бауырды (талақ), лимфа түйіндерін жатқызған.
Ішкі секрециялық құбылыс организмнің көптеген ұлпа
ла-
рында орын алады. Мысалы, өзінің тіршілік əрекеті үстінде
гипоталамустың нейросекрециялық ядролары, ас қорыту жолының
эндокриндік торшалары, əртүрліұлпалар физиологиялық про-
цестерге əсер ететін өнімдер бөледі. Организмде осындай
құрылымдар бөлген гормондар, нейросекреттер жəне ұлпалық
алмасу өнімдерінің əсерімен сұйықпен (гуморальдық) реттеу
тетігі қалыптасады. Гуморальдық заттар органдар арасындағы
өзара байланысты қамтамасыз етіп, организм қызметін сыртқы
орта жағдайына бейімдеуде маңызды рөл атқарады.
339
Ішкі секрециялық қызметке көп жағдайда тым кең мағына
беріледі. Кейбір зерттеушілер бұл түсінікке ішкі секрециялық без-
дерге жатпайтын органдардағы биологиялық белсенді заттардың
түзілу процесін де жатқызады. Шынында көптеген органдар
мен ұлпалар организмнің əртүрлі тіршілік əрекетін реттеуге
қатысатын биологиялық белсенді заттар (көмір қышқыл газы, ги-
стамин, ацетилхолин, ренин, гепарин, т.б.) түзеді. Бірақ аталған
заттардың барлығын гормондарға жатқызуға болмайды, себебі
оларда гормондарға тəн барлық қасиеттер болмайды.
Ішкі секрециялық (эндокриндік) бездер деп безге тəн құры-
лымы бар жəне өздері түзген биологиялық белсенді заттарды
тікелей қанға немесе сөлге (лимфаға) бөлетін органдарды айта-
ды. Грек тілінен аударғанда «эндон» деген сөз – ішкі, «крино» -
бөлемін деген мағына береді. Ішкі секреция бездерінің шығару
өзектері болмайды, оларда пайда болған заттарды гормондар
(грек тілінен аударғанда гормон қозғаймын деген сөз) деп атайды.
Эндокриндік бездер қызмет ерекшеліктеріне қарай екі топқа
бөлінеді:
1) тек эндокриндік қызмет атқаратын бездер. Оларға қалқанша,
қалқанша серік бездер, гипофиз, бүйрек үсті бездер, эпифиз жəне
тимус жатады.
2) аралас қызмет атқаратын бездер. Бұл топқа ұйқы безі мен
жыныс бездері жатады.
Ішкі секреция бездерінің мөлшері үлкен болмайды, бірақ олар
қанмен мол жабдықталады. Безде қан тамырлары орасан көп ка-
пиллярлар торын құрайды. Сондықтан без бөлген өнімдер қанға
тез сіңеді. Без тамыр қимылдатқыш жəне секрециялық жүй-
келермен жүйкеленеді.
Эволюциялық даму кезінде ішкі секреция бездері жүйке
жүйе сінен əлдеқайда кеш пайда болған. Мысалы, ішек қуыс ты-
ларда шашыраңқы (диффузиялы) жүйке жүйесі байқалса, ішкі
секреция бездеріне ұқсас құрылымдар алғаш рет тек буылтық
құрттарда кездеседі. Демек, эндокриндік бездер филогенездік
тұрғыда кешірек пайда болады. Ішкі секрециялық қызмет жоғары
маманданған арнаулы эндокриндік бездерге тəн қасиет ретінде
омыртқалы жануарларда қалыптасады. Ол алғаш рет жұмыр ау-
ыздылар мен балықтарда байқалады.
Сонымен, ішкі секреция филогенез тұрғысында кешірек қа-
лыптасқан жəне эндокриндік бездердің дамуына байланысты
пайда болған процесс. Сол себепті ішкі секреция деген түсінікті
органдардың, ұлпалардың, торшалардың алмасу өнімдерін бөлетін
əрекетімен, ал гормонды - алмасу өнімдерімен шатастыруға бол-
майды (14-сызба).
340
Жеке торшаларда түзіліп, солардың өзіне ғана əсер ететін
биологиялық белсенді заттарды «торшалық гормондар» деп
атайды. Ал торшаларда түзіліп, ұлпаларға жайылып, олардың
қызметіне əсер ететін биологиялық белсенді заттарды «ұлпалық
гормондар» немесе гистогормондар дейді. Ұлпаларда зат алма-
су өнімдері ретінде бөлініп, биологиялық белсенділік көрсететін
заттарды (мысалы, көмір қышқыл газы, несепнəр) парагормон-
дар деп атайды. Ішкі секреция бездерінен басқа органдар мен
ұлпаларда түзіліп, организмдегі зат алмасу процесі мен көптеген
физиологиялық əрекеттерді реттеуге қатысатын, химиялық
құрамы жағынан əртекті биологиялық белсенді заттарды гормо-
ноидтар деп атайды. Олар аз уақыт қана əсер етеді де, ұлпа бе-
локтарымен қосылып кетеді немесе тез бұзылады. Гормоноидтар
тобына ацетилхолин, адреналинның түрленген аралық өнімдері,
гистогормондар (гастрин, гепарин, секретин, т.б.), гистамин, се-
ротонин, т.б. биогенді аминдер жатады.
Жоғарыда баяндалған жайлармен байланысты гормондық
жəне гуморальдық реттеу деген түсініктерді ажырата білген
жөн. Аталған реттеу тетіктерінің арасында көптеген ұқсастықтар
бар. Бірақ гуморальдық реттеу тетігі организмде ертерек қа-
лыптасқан, ол тіпті бір торшалы организмге де тəн құбылыс.
Ал, гормондар болса, тек жоғары сатыда дамыған жануарларда
Достарыңызбен бөлісу: |