137-сурет. Ұрғашы мал жыныс
ағзалары қызметінің реттелуі:
1 - ми
қыр
тысы, 2 - гипоталамус, 3,4 - адено-
жəне нейрогипофиз, 5 - гипо тал а мустың
фол- жəне люлибе
риндері, 6 - аналық
без, 7 - фолликула, 8 - жыныс ағза
ла-
ры, 9-жыныс мүшелеріне келетін жүйке
импульстері, 10 - жыныс мүшелерінен
орта лыққа бағыт талатын импульстер
про
цесін қамтамасыз ететін қимыл-əрекеттер жиынтығын
реттейді (137-сурет).
Жыныстық айналымды гуморальдық жолмен реттеуде гипо-
таламус маңызды рөл атқарады. Гипоталамустан фоллиберин
жəне люлиберин бөлінеді де, олар аденогипофизден гонадо-
троптық гормондардың бөлінуін үдетеді. Олардың бірі - фоллику-
ланы жандандырғыш гормон, фолликулалардың өсіп-дамуын
рет тейді, ал екіншісі - лютеиндеуші гормон, фолликулалардың
жары луын, олардың сары денеге айналуын шапшаңдатады.
Жұмыртқа торша ұрықтанған жағдайда лютеиндеуші гормон
сары денені соры лып, жойылып кетуден сақтап, онда прогесте-
рон гормонының түзі луін жандандырады.
Жыныстық айналымның қайталану жиілігі ФЖГ мен ЛГ-ның
екі түрлі секрециясына - тонустық жəне айналымдық, байланы-
сты қалыптасады. Аталған секреция түрлері гипоталамустың
əртүрліорталықтары арқылы реттеледі.
Тонустық секреция қандағы гонадотропиндер деңгейін сақ-
тап, жыныс торшаларының дамуын реттейді. Айналымдық секре-
ция қысқа мерзімдік сипатта (əрбір жыныстық айналымда 12–24
сағат бойында) байқалады. Осы кезде қандағы гонадотропиндер
мөлшері күрт өседі де, овуляция жүреді (138-сурет).
Овуляция алдында фолликула қабырғасы жұқарады. ЛГ фол-
ликула сұйығында простагландиндер концентрациясын жоға-
ры латады да, өз кезегінде ол коллагеназаның бөлінуін шап-
45–888
406
шаңдатады. Сонымен қатар ФЖГ əсерімен түйірлі торшаларда
тағы да бір протеолиздік фермент - плазминоген белсендіргіш,
түзіледі. Осы ферменттердің əрекетімен фолликуланың сырт
беткейі бірте-бірте жұқарып, онда тесік пайда болады.
Шылымдану мен күйлеу алдында қанға фолликуланы жан-
дандырғыш гормон көбірек бөлінеді де, фолликулалар жетіле
келе, олар бөлген эстроген гормондарының қайтарымды əсері-
нің нəтижесінде гипофизден лютеиндеуші гормонның бөлінуі
күшейеді. Аналық безден бөлінген эстроген жəне прогесте-
рон гормондарының əсерінен орталық жүйке жүйесінің, көбею
ағзаларының қызметі өзгеріп, шылымдану жəне күйлеу процес-
тері басталады.
Шағылысу процесі нейрогипофизден окситоциннің бөлінуін
үдетіп, жатыр мен жұмыртқалық жол қимылдарын күшейтеді
де, спермийлердің жұмыртқалық жолға өтуі шапшаңдайды,
ұрықтануға қолайлы жағдайлар туады.
Шылымдану мен күйлеу сатысында эстрогендердің бөлінуінің
үдеуімен байланысты гипоталамустық жыныс орталығының
қозғыштығы артады. Гипоталамус торлы құрылым арқылы ми
қыртысындағы орталыққа əсер етіп, малда жыныстық құштар-
лық қалыптастырады. Бұл кезең ді жыныстық басымдылық деп
атайды.
Овуляция өтіп, сары дене пайда болғаннан соң бөлінген
прогес терон гормонының əсері нен аналық басымдылық қалып-
тасады. Осының нəтижесінде ұр ғашы малдың мінезі өзгеріп, ол
аталықты жолатпай, шылымдану мен күйлеу тоқтайды, жатыр
төл көтеруге дайындалады.
Фолликуладан бөлінген жұ мыртқа торша барлық кезде ұрық-
тана бермейді, бірақ ана лық безде пайда болған сары дененің
Достарыңызбен бөлісу: |