434
Ем бойында да көлденең, сəулелі жəне аралас бағытта орна-
ласқан бірыңғай салалы ет қабаттары болады. Көлденең бағытта
орналасқан ет талшықтары ем арнасы тұсында жақсы дамиды да,
сфинктер құрады.
Жалқы немесе егіз төлдейтін жануарларда (сиыр, қой-ешкі,
түйе, бие) шапта орналасқан 1-2 жұп без ғана дамиды. Ал көп
төлді жануарларда (шошқа, ит, мысық, кемірушілер) 10-16 без
дамиды да, олар жұп құрап үйектің екі жағын ала тізбектеле ор-
наласады.
Ем саны без санымен сəйкес болады. Мысалы, сиырда 4 без
жəне соған сəйкес 4 ем болады, қой мен ешкіде – 2 без, 2 ем,
мегежінде – 12-16 без дəл сонша ем. Дегенмен, бұл ережеден
ауытқулар да кездеседі. Мəселен, биеде 4 без дамығанымен 2 ем
болады, бірақ əр без өзектері сол емдерге жеке-жеке ашылады да,
əр емде екіден үрпі болады.
Сиыр желіні үш жұп бездің бірігуі нəтижесінде пайда болады.
Ол бездердің тек алдыңғы екеуі ғана өсіп-жетіледі де, артқы жұбы
дамымай қалады. Желіннің артқы екі бөлігінің сыйымдылығы
алдыңғы бөліктерінің сыйымдылығынан көбірек болады. Же-
лінде сүт ем түбінде орналасқан мықты қысқыш ет көмегімен
сақталады. Сүттің желінде сақталуына сүт өзектерінің құрылым
ерекшеліктері, олардың желін бөліктері мен бөлімшелерін бөліп
Достарыңызбен бөлісу: