Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет328/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   324   325   326   327   328   329   330   331   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

146-сурет. Желін бөлімінің 

құрылысы: 

1 - бөлімшелер; 2 - сүт 

өзегі; 3 - орташа сүт жолы; 

4 - ірі сүт жолы 

147-сурет. Желін ширегі 

ұрылысының схемасы: 

1 - бөлім-

шелер; 2 - альвеолалар; 3 - желін 

бөлікшесі; 4 - сүт өзегі; 5 - орташа сүт 

жолы; 6 - ірі сүт жолы; 7 - желін қуысы

8 - ем қуысы; 9 - үрпі



435

тұратын дəнекер ұлпалы перделердің орналасу жағдайына байла-

нысты кеңейіп-тарылып отыруы, мүмкіндік береді.

Желінде сыртқы жыныстық жəне аралықтық артериялар 

көптеген қан тамырлар тармағын түзеді. Желін альвеолалары мен 

жіңішке өзекшелер сыртында артериолалар, капиллярлар жəне 

лимфа капиллярларының торы орналасады. Желін артериялары-

мен қатарласа веналар орын тебеді де, олар өзара көпіршелермен 

жалғасады. Ем веналарында тұйық өсінділер кездеседі.

Вена қаны желіннен екі жолмен - сыртқы жыныстық жəне 

құрсақтың тері астарлық венасы арқылы, ағып шығады. Желін 

ұлпасынан сөл ішкі лимфа тамырлары, ал желін терісі мен емдер-

ден - беткейлік лимфа тамырлары арқылы ағады. Сүтті сиырлар-

да вена жүйесі өте жақсы дамиды.

Желіннің безді ұлпасы сыртқы ұрықтық жəне мықын-шаптық 

жүйкелермен жүйкеленеді (148-сурет). Орталыққа бағытталған 

тітіркеністердің көпшілігі сезімтал 

түйіндерге осы сыртқы ұрықтық 

жүйке арқылы өтеді. Желінге ба-

ратын симпатикалық жүйкелер бел 



148-сурет. Желін жүйкелері: 

1 - бірінші 

бел омыртқа; 2 - құйымшақ омыртқалар; 

3 - мықын-құрсақтық жүйке; 4 - сыртқы 

ұрықтық жүйке; 5 - шап асты жүйке; 

6, 7 - сырт 

қы ұрықтық жүйкенің төменгі 

жəне жоғарғы тармақтары; 8 - аралық жүйке;  

9 - сезімтал жүйке ұштары 

мен құйымшақтық түйіндерден шығады. Олар атал ған сыртқы 

ұрықтық жəне мықын-шаптық жүйкелер құра 

мына енеді. Ем 

түбінде сезімтал жүйке талшықтары үлкен өрімдер түзеді жəне 

осы аймақта көптеген биологиялық белсенді нүктелер (ББН) 

пайда болады. Соңғы құрылымдардың маңызы əлі анықталған 

жоқ. Биологиялық бөлсенді нүктелер қан тамырлары мен жүйке 

ұштарынан құралған. ББН-ге ауырсыну əсеріне сезімталдық, 

оттегіні көп сіңіргіштік, жақсы электр өткізгіштік қасиеттері тəн. 

ББН-лер аймағында гомеостазды реттеуде маңызды рөл атқаратын 

шырлы торшалар топтасады. Бұл торшалар гепарин, гистамин, 

гиалурон қышқылы, серотонин түзу нəтижесінде зат алмасу 

процесіне, синапстар өткізгіштігіне ықпал етіп, биологиялық 

реттегіш қызметін атқарады. ББН-дің бұл қасиеттерін желіннің 

түрлі ауруларын, соның ішінде жемсауды емдеуде пайдалануға 

болады (М. Г. Якубов).






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   324   325   326   327   328   329   330   331   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет