22.2. Жануарлардың қоршаған орта температурасына
бейімделуі
Сыртқы орта температурасы - жануарлардың əлемде таралуын
реттеп, шектеп отыратын маңызды экологиялық фактордың бірі.
Жануарлар əлемінің көптеген түрі өз өмірінің белгілі кезеңінде
қоршаған ортаның қолайсыз температуралық ауытқуларына
жолығып отырады. Оған организмді бейімдеп отыратын арнаулы
механизмдер болмаса, тіршілік тоқтаған болар еді.
Үй жануарлары сыртқы орта температурасының үлкен ауыт-
қулары жағдайында тіршілік етеді. Жер шарының ортаңғы по-
люсында сыртқы орта температурасының деңгейі -35 пен +35
o
С
аралығында жатады. Мұндай жағдайда өнім беру үшін мал
ызғарлы аяз бен аптаған ыстыққа төзімді болу керек. Дене тем-
пературасы тұрақты болған жағдайда ғана ұлпалар мен торша-
ларда зат алмасу процесі қалыпты деңгейде жүреді. Ал дене
температурасының тұрақтылығы химиялық жəне физикалық
жылу реттеу механизмдері қызметінің арқасында сақталады.
Өз кезегінде олар организмнің тіршілік жағдайына байланысты
өзгеріп отырады.
Түлік түріне, төлдің жасына сай ортаның температуралық
оптимумы болады. Мысалы, жаңа туған бұзау үшін ол
16–18
o
С, бір-екі жасар торпақ үшін – 3-5
o
С, ал сауынды сиыр үшін
o
С. Сыртқы орта температурасының аз мөлшерге жоғарлауының
өзі бейімделу механизмін іске қосуға түрткі болады. Осының
нəтижесінде организм жылудың артық мөлшерінен құтылады.
44–888
690
Ыстық ауа райы жағдайында ірі қара үшін жылу теңдестігін
сақтаудың маңызды тетігі - тыныс жиілігі. Ауа температурасы
жоғарылаған сайын тыныс жиілей береді. Ауа температурасы
26,7-37,8
o
С-ға жеткенде тыныс айтарлықтай жиілеп, 37,8-40,6
o
С
аралығында өзінің ең жоғарғы шегіне жетеді. Ірі қара, қой-ешкіде
полипноэ (тыныстың жиілеуі) тəуліктің бүкіл ыстық кезінде
байқалады. Осы ерекшелік аталған түлік түрлерінің ыстық
күн астында ұзақ уақыт қала беруіне мүмкіндік береді. Тыныс
жиілегенде организмде жиналған жылу организм жұтқан ауаны
жылытуға шығындалады жəне тыныс жолының беткейінен була-
нады. Тыныс жолынан булану процесінің əсіресе, ірі қара үшін
маңызы зор. С.Броди деректеріне сəйкес сиырдың джерсей жəне
голланд тұқымдары ауа температурасы 35
o
С-ға жеткенде бөлген
жылудың 26 пайызы тыныс жолдарынан буланған сұйық арқылы
шығады. Тыныс жиілігі сиреген сайын тыныс жолдарынан булану
арқылы шығарылатын жылу мөлшері азая түседі. Ауа температу-
расы +10
o
С болса, жалпы бөлінген жылудың 10-11%, ал – 10
o
С-да,
шамамен 4% тыныс жолынан булану нəтижесінде шығарылады.
Денеден жылу шығаруда тер бөлу процесі де маңызды рөл
атқарды. Денеден буланған судың əр граммы 2,4 кДж энергия
əкетеді. Жылқы, сиыр, қой тер түрінде көп мөлшерде су бөледі.
Ірі қарада жылу балансын сақтау үшін дененің жеке бөлік-
теріндегі қан айналым қарқынының өзгеруі маңызды рөл
атқарады. И.Бикли жылу реттеуде құлақ пен аяқтардың қан тамыр-
ларының маңызы зор деп тұжырымдайды. Сыртқы температу-
ра ауытқуларына желіннің қан тамырлары күшті реакция береді.
Сыртқы орта температурасы 12
o
С-ға дейін жетсе, онда құлақ
қалқаны терісінің температурасы 21
o
С-тан 35
o
С-қа дейін көтеріледі.
Мүше температурасындағы мүндай ауытқулар құлақтағы қан ай-
налым қарқыны 20 есе артқан жағдайда ғана мүмкін болатын жайт.
Демек, құлақ қалқанына қанның көп келуінің нəтижесінде белгілі
дəрежеде жылу бөлу қарқыны реттелінеді.
Ыстық ауа райы жағдайында дене температурасының тұрақ-
тылығын сақтауда малдың түсі де белгілі рөл атқарады. Түсі
ақшыл мал күн сəулесінің 20 пайызын сіңірсе, түсі қара мал оны
толығымен - 100% сіңіреді. Ыстық ауа райына жақсы бейімделген
жануарлардың түсі ақшыл, бозғылт келеді. Түгі қысқа жəне си-
рек жануарлар да ыстыққа шыдамды болады. Ыстық ауа райына
тап болғанда малдың еуропалық тұқымдарының физиологиялық
көрсеткіштері Орта Азиялық мал тұқымдарымен салыстырғанда,
көбірек ауытқиды. Қуаң аймақтарға бейімделген жануарлардың
өкпесі суды аз буландырады. Олар сілекейді аз бөледі. Мұндай
691
жануарлардың ащы ішегінде сөл көп бөлініп, тоқ ішегінде
судың кері сорылу қарқыны күшейеді. Бүйрек қызметінде де
елеулі өзгерістер байқалады, иірімді түтіктердегі кері сору
процесі күшейіп, зəрдің концентрациясы жоғарылайды, қандағы
несепнəрдің деңгейі артады, ұлпалардың оттегіні пайдалану
қабілеті төмендейді.
Кейбір жануарлар мен малдың жеке тұқымдары су тап шы-
лығына өте төзімді келеді. Мұндай жануарлар денесінде май көп
жинақталады (мысалы, түйе, қойдың құйрықты тұқымдары).
Түйенің өркешінде 100 кг дейін май жиналады. Осы май су
жетіспеген кезде тотығып, 40-50 л су бөлінеді. Сондықтан түйе
10-12 күн су ішпей жүре береді. Балауса азық қабылдаған кезде
түйе тіпті, су ішпейді. Жазғы жайлым кезінде ол 3-4 күнде бір
рет су ішеді. Су тапшылығы кезінде түйе денесінің температу-
расы 5
o
С-ға дейін жоғарлайды жəне мұндай мөлшердегі ауытқу
олардың ұлпаларының күйіне айтарлықтай теріс əсер етпейді.
Жылқы, сиыр, мəліш қойлардың дене температурасы дəл осын-
дай мөлшерге жоғарласа, олар өліп қалған болар еді.
Жануарлар суыққа да бейімделеді. Мұндай жағдайда жылу
шығыны ең алдымен тынысты сирету арқылы азаяды. Дене мұз-
даған кезде бұлшық еттер дірілдеп, жылу түзу процесі кү шей е-
ді. Жылдың суық маусымында түк ұзарып, тығыздалады. Суық
ауаның əсерімен терінің тамырлары тарылады да, жылу бөлу
кемиді. Шошқада тері тамырларының тарылуы нəтижесінде
жылу жоғалту 70 пайызға дейін кемиді. Суық кезде қан тері ка-
пилярларында іркіледі де, тері бозарып, көкшіл тартады. Мұндай
қанда оттегі мөлшері азаяды, қанның ағу жылдамдығы баяулай-
ды.
Шошқа терісінің барлық беткейінде температура бірдей бол-
майды жəне бұл көрсеткіш қоршаған орта температурамен бай-
ланысты өзгеріп отырады. Мысалы, қоршаған ауа температурасы
5
o
С тең болса, дененің шығыңқы бөліктерінің (құлақ, құйрық)
температурасы тік ішек температурасынан 18–20
o
С төмен бола-
ды. Дененің басқа бөліктерінде бұл айырма 10–12
o
С шамасын-
да сақталады. Қоршаған орта температурасының ауытқулары аз
болса, шошқа организмінде жылу жақсы сақталады, шошқа оған
оңайырақ бейімделеді.
Жылу балансын сақтауда күйісті малдардың мес қарны зор рөл
атқарады. Мес қарында биохимиялық жəне микробиологиялық
процестер өте қарқынды жүреді, сондықтан онда температу-
ра жоғарырақ болады. Осының нəтижесінде сыртқы орта тем-
пе ратурасының төмендеуіне күйісті мал төзімдірек келеді. Ке-
692
рісінше қоршаған орта температурасының жоғарлауы күйіс
малына (ірі қараға) ауырырақ əсер береді, үйткені мес қарында
жылу түзу процесі ырықсыз жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: |