Сыртқы орта температурасы да қан айналым жүйесінің
жұ мысына айтарлықтай əсер етеді. Ауаның температурасы жо-
ғарыласа, терідегі тамырлар кеңейіп, денеден жылу бөлу процесі
күшейеді, ал температура төмендегенде тамырлар тарылып, қан
қысымы жоғарылайды.
Жеке органдарды қанмен дұрыс қамтамасыз ету үшін ай-
налымдағы қан мөлшері мен қан тамырларының жалпы сы-
йымдылығының арасында белгілі сəйкестік болу керек. Оны жүйке
мен гуморальды реттеу тетіктері қамтамасыз етеді. Мысалы, ор-
ганизм қансыраған кезде жүрекке оралатын қан мөлшері азайып,
артериялардағы қысым төмендейді де, жеке ағзалардың қанмен
жабдықталуы нашарлайды. Осы өзгерістерге жауап ретінде
жүрек жұмысы жиілеп, қан тамырлары тарылады. Арнаулы ішкі
секреция бездерінде тамырларды тарылтатын адреналин, вазо-
прессин гормондарының бөлінуі күшейіп, қан қоймаларындағы
қан тамырларға қуылады да, айналымдағы қан мөлшері көбейеді.
Аталған өзгерістердің арқасында қысым жоғарылап, қан айналы-
мы қалпына келеді.
Дегенмен, организмнің айналымдағы қанның мөлшеріне
бейімделу мүмкіндігінің белгілі шегі бар. Қансырау кезінде орга-
низм қанның жалпы мөлшерінің 10-20 пайызын жоғалтса, қысым
тек аз ғана уақытқа төмендейді. Қанның 30 пайызы жоғалса,
өмірге қауіп төнеді, ал қанның 50 пайызы жоғалғанда, тіршілік
115
тоқтайды. Əрине, қансырау салдары организмнің жалпы күйіне,
оның жүйке жүйесінің жағдайына байланысты. Мысалы, қажыған
немесе симпатикалық жүйке жүйесі істен шыққан организм үшін
аз мөлшерде қансыраудың өзі қауіпті.
Достарыңызбен бөлісу: |