Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет323/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

Тараудың қысқаша сөздігі

Ақ тышқан - горностай

Алғашқы аналық жыныс торшалары - оогоний

Аналық жыныс бездері - яичники 

Аналық жыныс торшасы - яйцеклетка, женские половые клетки

Аналық ұя - материнская линия

Аталық мал - самец

Аталық жыныс торшасы - мужская половая клетка, сперматозойды

Аталық із - отцовская линия

Бадамша ядро - миндалевидное ядро

Бадана-кеуектік ет - луковично - пещеристая мышца

Бастапқы бағыттаушы денешік - первичное направительное тельце

Бастапқы жыныс торшалары - зародышевые половые клетки

Бойлама еттер - продольные мышцы

Борпылдақ құрылым - рыхлая структура

Бөлікшелер - дольки


427

Бұлғын - соболь

Дарақ - индивидум

Елік - косуля

Ен - семенник

Ен қосалқысы - придаток семенника 

Ен торы - семенная сеть 

Еннің шығару өзегі - семяпровод 

Еннің ұмаға түспеуі - крипторхизм 

Жалғыз күйтті жануарлар - моноцикличные животные

Жолдас, серік - плацента

Жұмыртқа жолдары - яйцепроводы

Жұмыртқалық жол мойнағы - перешеек яйцевода

Жұмыртқаны ядросыздау - энуклеация

Жыныс ағзалары - половые органы

Жыныс айналымы - половой цикл

Жыныс бездері - половые железы

Жыныс гормондары - половые гормоны 

Жыныс торшалары - половые клетки, гаметы

Жыныс торшаларының өндірілуі - образование половых клеток

Жыныстық айналым ырғағы - ритм полового цикла

Жыныстық жетілу - половое созревание.

Жыныстық жолмен көбею - размножения половым путем

Жыныстық мүше - половой член

Жыныстық қатынас - совокупление, коитус

Жыныстық қозу - половое возбуждение

Жыныстық құштарлық - половое влечение

Кенжеленген сары дене - пресистентное желтое тело

Кеуекті денелер - пещеристые тела

Көбею, ұрпақтану - размножение

Көбею ағзалары - органы размножения

Көп күйтті жануарлар - полицикличные животные

Күпек - препуция

Күйлеу - охота

Кіндік - пупок

Кіндікбау - пуповина

Қағанақ - плодные оболочки

Қара күзен - норки

Қосалқы жыныс бездері - добавочные половые железы

Мөлдір қабық - прозрачная оболочка

Нəрлік торша - трофическая клетка

Негізгі жыныс белгілері - первичные половые признаки

Несеп-жыныс өзегі  - моче-половой канал

Өніп-өсу - воспроизведение


428

Өсіп-жетілу - рост и развитие

Өнімталдық - плодовитость

Перде - перегородка

Плазмалық мембрана - плазматическая мембрана

Саңғуыр - клоака

Сары дене - желтое тело

Сарыуыз қабық - желточная оболочка

Сəулелі желі - лучистый венец

Серік, Жолдас - плацента

Сыртқы жыныс мүшелері - наружные половые органы

Теңбіл мембрана - мозаичная мембрана

Тоңғақ - меконий

Түлеген эпителий - слущенный эпителий

Тұқымдық құндылық - производительная ценность

Ұрғашы мал - самка

Ұма - мошонка

Ұрық , шарана - зигота, зародыш

Ұрықтан - оплодотворение

Ұрықтандыру - осеменение

Ұрықтың жатырға бекуі - имплантация

Үңгір қуыстар - каверна

Шағылысу - случка

Шанақ - воронка

Шəуеттік жол - семяпровод

Шонданай-кеуектік ет - седалищно-пещеристая мышца

Шу - послед

Шұбалыңқы сұйық   - тягучая жидкость

Шылымдану - течка

Фолликулалар жетілуінің тоқтауы - атрезия

Эндометриялық ойыстар - эндометриальные чаши.


429

13-т а р а у

СҮТТЕНУ

13.1. Сүттену жайлы жалпы түсінік. Сүттену кезеңі

Сүттену (лактация) деп сүттің түзілуін, жиналуын жəне 

желіннен мезгіл-мезгіл бөлінуін айтады. Лактация деген латын 

сөзі, қазақ тіліне аударғанда сүт бөлу, емізу деген мағына береді. 

Бұл процесс желіннің күрделі қызметінің арқасында атқарылады, 

сондықтан желін сүт қоректі жануарлардың негізгі белгілерінің 

бірі. Онда жаңа туған төлдің жалғыз ғана қорегі болып табыла-

тын сұйық зат - сүт түзіледі. Сүттің құрамында организмнің өсіп-

дамуына қажетті қоректік заттардың барлығы болады, сондықтан 

ол адам үшін де таптырмайтын тағам болып саналады.

Сүттену - күрделі физиологиялық процесс. Ол бүкіл ор-

ганизмнің көптеген функционалдық жүйелерінің (ас қорыту, 

қан айналым, тыныс алу, т.б.) үйлесімді əрекетінің нəтижесінде 

атқарылады. Осымен байланысты малдың сүттілігі тек желінмен 

ғана емес, басқа да функционалдық жүйелердің даму деңгейімен 

байланысты. Мəселен, 1 л сүт түзілу үшін желін тамырларынан 

500 л қан өту керек.

Аналық сүт қоректілерде төлдегеннен кейін желін қызметінің 

басталып, сүт түзу процесі тоқтағанға дейінгі мерзім аралығын 

сүттену (лактация) кезеңі деп атайды. Жабайы аңдарда сүттену 

кезеңі ұзаққа созылмай, төлді емізу мерзімімен шектеледі. Жану-

арларда оның ұзақтығы əртүрлі. Мысалы, майда кемірушілерде 

бұл кезең 10-20 күнге созылса, кашолоттарда 25 айға жетеді. 

Малда сүттену кезеңінің ұзақтығы төлді өсірумен ғана байла-

нысты емес, ол шаруашылық талаптарына сəйкес қалыптасады. 

Мəселен, сиырда сүттену кезеңінің оптимальды ұзақтығы жы-

лына 305, ешкіде 240-300, түйеде 300, қойда 120-150, бие-

де 180-210, мегежінде 60 күн. Қолдан сұрыптау, мақсатты се-

лекциялық жұмыстар арқылы малдың сүттілігін арттырып, мол 

өнімді мал тұқымдарын өсіруге мүмкіндік бар. Қазіргі кезде ірі 

қараның көптеген тұқымдарының сүттілігі бұзаудың сүтке деген 

мұқтаждығын толығымен қамтамасыз етіп қана қоймай, адамға 

қажетті маңызды өнім береді. Осымен байланысты сүттену фи-

зиологиясын негізінен сиыр организмінде жүретін процестерге 

сүйене отырып баяндаймыз. 




430

Сиырларда сүттенудің 10-айынан кейін сауылатын сүт мөл-

шері күрт төмендейді, сондықтан оларды саууды тоқтатады. 

Мал жаңа басталған буаздық əсерінен организмнің гормондық 

статусының өзгеруімен байланысты суалады. Жаңа басталған 

буаздықтың 2-4 айынан бастап, малдың сүттілігі төмендей ба-

стайды. Ал малдың суалуы желіннің қызметінің толастап, кері 

даму (инволюция) процесінің жүруінің белгісі. Бұл кезде альве-

олалар кішірейіп, кейбір майда сүт өзектері семеді де, желінді 

май баса бастайды. Желіннің секрециялау қызметін тоқтатуда 

нейтрофильдердің химиялық факторлары ерекше орын ала-

ды. Нейтрофильдер ферменттері без альвеолалары торшаларын 

ерітеді, тамыр маңында орналасқан ұлпа торшаларын бі 

рік-

тіретін табақшаларды ажыратып, альвеола торшаларына қай-



тымды тежеуші əсер ететін миелопероксидаза ферментін бөледі 

(И. И. Грачев). Аталған өзгерістер жаңа жыныс айналымымен 

байланысты тиылады да, келесі буаздық кезінде желін қайта дами 

бастайды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет