көпіршікті- түтікше безді орган. Сырт жағынан ол жұқа серпімді
терімен қапталған. Желін май жəне тер бездері болмайтын, түгі
желіннің бүйіріне қарай тарамданады. Желіннің бүйір фасцияла-
жалғастырады. Бұл перделер желінді белгілі бір пішінде ұстайды.
Барлық малда желіннің құрылым принципі бірдей. Желіннің
ғынан олар сопақша құрылым. Альвеолалар негіздік мембрана
құрылған. Олардың іші қуыс, сыртынан дəнекер ұлпалы қабықпен
433
нəзік дəнекер ұлпамен қапталады. Альвеолалардан жалпақ эпи-
телиймен астарланған жіңішке бірінші реттік өзекшелер баста-
лады. Бұл өзекшелер тоғыса келе желін бөліктерінің өзектерін,
олар - желін бөліктерінің арнасын (сүт арнасын) құрайды.
Олардың диаметрі бірте-бірте кеңейе береді. Сүт арналарының
бірігуі нəтижесінде сүт жолдары пайда болады. 5 – 20 сүт жол-
дары желіннің төменгі жағында орналасқан қуысқа - желін ци-
стернасына, ашылады.
Қуыс желіндік жəне емдік бөлімдерге бөлінеді. Сиырдың
желіндік қуысының сыйымдылығы 2 литрге, ал ем қуысының
мөлшері емнің көлеміне байланысты ауытқып отырады да, кей-
де 50 мл жетеді. Ем қуысы желін қуысынан көлденең қатпармен
бөлінеді. Сүт жолдары мен желін қуысы екі қабат цилиндр пішінді
эпителийден құралған кілегейлі қабықпен астарланған. Қуыстың
кілегейлі қабығында көптеген қатпарлар болады.
Ем қуысы көп қабатты жалпақ эпителиймен астарланған ем
арнасымен жалғасады. Оның ұзындығы сиырда 0,5 – 1,4 см ша-
масында. Бұл арнаның ем ұшында ашылған жерін үрпі деп атай-
ды. Ем арнасы кілегейлі қабық қатпарымен жабылып жатады
(147-сурет).
Желін альвеолалары сырт жағынан миоэпителийлік торша-
лармен қапталған. Миоэпителийлік торшалар сүт өзектерінің
бойында да орналасады. Жіңішке өзектер қабырғасында бойлай
орналасқан бірыңғай салалы ет талшықтары, ал кеңірек өзектер
қабырғасында бойлай жəне көлденең орналасқан ет талшықтары
болады. Сүт өзектері сағасында көлденең бағытта орналасқан
бірыңғай салалы ет талшықтары қысқыш (сфинктер) тəрізді
буылтық құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: