Оқулық. Алматы: жшс рпбк


4.10. Қан торшаларының түзілуі жəне қан жүйесі



Pdf көрінісі
бет43/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

63

4.10. Қан торшаларының түзілуі жəне қан жүйесі 

қызметінің реттелуі

Қан организмдегі əртүрлі мүшелердің арасындағы байланы-

сты қамтамасыз ететін сұйық ұлпа. Сол себепті қан құрамындағы 

ауытқулар денедегі барлық мүшелердің əрекетіне үлкен əсер етеді. 

Демек, жоғары сатыдағы жануарлардың организмі қан құрамы-

ның өзгерістеріне өте сезімтал. Сондықтан организмдегі қанның 

физикалық-химиялық қасиеттері тұрақты жағдайда сақталады. 

Бұл процесте түрлі қоректік заттардың қанға сіңіп, одан зат ал-

масу өнімдерінің бөлінуін, қан мен ұлпа аралық зат алмасуды 

бағыттап отыратын жүйке жүйесінің реттеуші қызметі үлкен рөл 

атқарады. Жүйке жүйесі қан құрамындағы қан торшаларының 

мөлшерін реттеп отыратын “Қан жүйесінің” қалыпты қызметін 

қалыптастырады.  “Қан жүйесі” деген терминді Г. Ф. Ланг 

ұсынған болатын. Оған қан торшаларын түзетін, тарататын жəне 

бұзатын органдар бірлестігі жатады. Бұл жүйені сүйек кемігі, ба-

уыр, көк бауыр жəне лимфа түйіндері түзеді.

Қан барлық тірі ұлпалар сияқты толассыз жаңарып отыра-

ды. Қан торшалары арнаулы мүшелерде түзіледі. Оларға сүйек 



кемігі, көк бауыр, лимфа түйіндері жатады. Сүйек кемігінде 

эритроциттер, түйіршікті лейкоциттер жəне тромбоциттер, лим-

фа түйіндерінде - лимфоциттер, ал көк бауырда - моноциттер 

түзіледі. Ұрықта эритроциттер, түйіршікті лейкоциттер, тромбо-

циттер бауырда түзіледі. Ал ұрықтық дамудың соңғы сатысында 

бауырдың қан түзетін функциясы тоқтап, жоғарыда аталған тор-

шалар тек сүйек кемігінде ғана түзіле бастайды.

Қазіргі деректерге сəйкес барлық қан торшаларының дамуы 



гемоцитобласт атты торшадан бастау алады. Сүйек кемігінде 

гемоцитобласт торшаларының бір бөлігі эритропоэтин деген 

заттың əсерімен алдымен проэритробласт, соңынан эритро-



бласт торшаларына айналады. Рибосомадан тұратын эритро-

бласт түйіршіктерінде гемоглобин жинақталып, оның ядросы 

кішірейеді де, ол нормобластқа айналады. Гем түзу процесінде 

ферритин жəне сидерофилин белоктарының құрамындағы темір 

пайдаланылады. Нормобластардың ядросы кішірейіп, олар цито-

плазмасында базофильді заттары бар торшаларға - ретикулоцит-

терге айналады. Ретикулоциттер қанға түсіп, бірнеше сағаттың 

ішінде жетіліп, базофильді заттарын жоғалтады да, эритроцитке 

айналады.

Тəулігінде 200-250 млрд эритроцит түзіледі. Олар орта есеп-

пен 120 күн тіршілік етеді де, бауыр мен көк бауырда бұзылады. 

Эритроциттердің тіршілік мерзіміне түлік ерекшеліктері əсер 



64

етеді. Ол жылқыда 100 күнге, сиырда - 120-160, қойда - 130, 

бұғыда - 95, қоянда - 45-60 күнге тең. Эритроциттер бұзылғанда 

гемоглобин бөлініп, ол гем мен глобинге ажырайды. Гемнен бө-

лінген темір гемоглобин түзуге пайдаланылады. Ал темірдің 

ар тық мөлшері қан белоктарымен қосылып, ферритин мен ге-



мосидеринге айналады да, темір қоры ретінде бауырда, көк бау-

ырда жəне азырақ мөлшерде ащы ішектің кілегейлі қабығында 

жиналады.

Эритроциттердің түзілуі (эритропоэз) бүйректе түзілетін эри-



тропоэтин деген затпен реттеледі. Эритропоэз жыныс бездері 

гормондарының (тестостерон, эстроген), бүйрек үсті безінің 

қыртысты затының (кортизон, дезоксикортикостерон) жəне қал-

қанша безі гормондарының əсерімен күшейеді. Эритропоэз дұ-

рыс жүру үшін цианокобаламин (В

12

), пиридоксин, фолий қыш-



қылы сияқты дəрмендəрілер қажет. Цианокобаламин организмге 

азықпен келеді. Бұл дəрмендəріні организм қарынның пилорус 

бөлігінде түзілетін аминополипептидаза  ферменті (қан түзудің 

ішкі факторы) жеткілікті болғанда ғана сіңіре алады. Бұл ішкі 

фактор жетіспесе организм В

12

 дəрмендəрісін сіңіре алмайды да, 



эритропоэз бұзылады. Эритропоэз дұрыс жүру үшін организм 

жеткілікті мөлшерде белок пен минералды заттар да (темір, мыс, 

марганец, кобальт) қабылдау керек.

Гемоглобин түзу процесі дұрыс жүру үшін тирозин, фенила-

ланин, пролин сияқты аминқышқылдары да қажет.

Сүйек кемігінде гемоцитобластың бір бөлігі алдымен промиэ-



лоцитке, содан соң миэлоцитке айналып, олардан базофильдер, 

эозинофильдер, нейтрофильдер түзіледі. Гемоцитобластың бір 

бөлігі лимфобласт, содан соң пролимфоцит сатыларынан өтіп, 



лимфоцитке айналады.

Қазіргі деректерге қарағанда лимфоциттердің де алғашқы 

торшалары сүйек кемігінде түзіледі. Олардың бір бөлігі лимфа 

мен көк бауырға тасымалданып, сол жерлерде жетіледі де, В- 

лимфоциттерге айналады. Ал қалған бөлігі тимусқа апарылып, 

сол жерде көбейеді де, жетіле келе Т-лимфоциттерге айналады.

Гемоцитобластың бір бөлігі торлы эндотелий жүйесінде про-

моноцитке айналып, одан моноцит түзіледі.

Лейкоциттердің түзілуін (лейкопоэз) лейкопоэтин, нуклеин 

қышқылдары, қабыну не жарақаттану əсерінен ұлпаларда пайда 

болған ыдырау өнімдері күшейтеді. АКТГ мен гипофиздің өсу 

гормоны нейтрофильдерді көбейтіп, эозинофильдерді азайтады.

 Сүйек кемігінде гемоцитобластың бір бөлігі мегакариобласт-



қа, одан промегакариоцитке айналады. Соңғы торшадан ме-


65

гакариоцит түзіліп, ол тромбоцитке айналады. Қан плазмасы 

құрамында тромбопоэтин деген зат болатыны анықталды. Оның 

əсерімен қансыраған кезде тромбоциттердің саны екі есеге арта-

ды.

Қан құрамындағы торшалар саны орталық жүйке жүйесінің 



қатысуымен де реттеледі. XIX ғасырдың 80-жылдарында (1883 

ж.) С. П. Боткин зертханасында иттің сүйек кеміктеріне бара-

тын жүйкелерді тітіркендіргенде қан құрамындағы эритроциттер 

саны көбейетіні анықталған болатын. Қанның торшалық жəне 

химиялық құрамы қан тамырларындағы, сүйек кемігіндегі, көк 

бауырдағы, бауырдағы, лимфа түйіндеріндегі хеморецепторлар-

ды (химиялық тітіркендіргішті қабылдайтын жүйке ұштары) зат 

алмасу өнімдерімен тітіркендіргенде де өзгереді (мысалы, дене 

жұмысы кезінде). Қанның морфологиялық құрамы ішек-қарын 

жолындағы интерорецепторларды тітіркендіргенде де байқа-

лады. Мəселен, мал азық қабылдағаннан кейін оның қанында 

лейкоциттердің, эритроциттердің саны көбейіп, гемоглобиннің 

мөлшері артады.

Симпатикалық жүйке қан торшаларының түзілуін күшейтіп

парасимпатикалық жүйке - əлсіретеді. Дегенмен, вегетативтік 

жүйке жүйесінің қанның түзілуіне əсері əртүрлі. Мысалы, 

сүйек кемігіне баратын симпатикалық жүйкені тітіркендіргенде 

нейтрофильдердің, ал парасимпатикалық жүйкені тітіркендіргенде 

эозинофильдердің саны көбейеді. 

Сонымен қан түзуші органдар орталық жүйке жүйесімен екі 

жақты байланыста болады: біріншіден, олар өзінің физиологиялық 

жағдайын орталық жүйке жүйесіне хабарлап отырса, екіншіден, 

жоғары жүйке жүйесінің импульстерін қабылдап, өзінің қызметін 

өзгертеді. Осындай күрделі байланыс болуының арқасында 

қан түзуші органдар организмнің басқа жүйелерінің қызметіне 

əсер етіп, өзі де олардың жағдайына қарай бейімделіп отырады. 

Бұл процеске үлкен ми жартышарлары да қатысады. Оған қан 

құрамын шартты рефлекстер арқылы өзгертуге болатыны дəлел.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет